77. Шошқа асқазанына зондты еңгізу техникасы Шошкаға зондты ауыз куысына арнайы куысы бар кергіш аркылы оны таңдайға қарай бағыттайды. Сака шошқаларға (мегежіндерге) жылқыға арналған зондты пайдаланады. Ортасында арнайы дөңгелек саңылауы бар металдан жасалған кергіш қолданылады. Торайлар мен жас шошқаларға ұзындығы 100 см, қуысының диаметрі 13 мм, қалыңдығы 2 мм зонд қолданады. Арнайы зондтар болмаған жағдайда медициналык зондарды немесе тиісті диаметрлі түтікшелерді пайдаланады. Бұл түтіктерді резеңке қағаздарымен тегістеп, төменгі ұшының екі жағынан саңылау жасайды Ірі шошқаларды тұрған орнында жоғарғы жағын бекітеді, торайлар мен жас шошқаларды станокка бекiтедi. Ауызға енгізген зондты капрон бауымен екі жағына бекітіп, желкеге байлап кояды. Пастериязацияланған және вазелинмен майланған зондты кергіштегі саңылауы арқылы жұтқыншаққа, ары қарай өңешке және асқазанға жылжытады. Асқазан жыны көлемі 100-250 мл шприц арқылы немесе арнайы ОХ-10 қондырғысы аркылы сорылып алынады.
78. Жүрек-қан тамырлары ауруларының жіктелуіЖүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары Жүрек пен қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару. Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т.т.) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі мүмкін. Малдың жүрек пен қан тамырлары жүйесінің ауруларын жіктеуде бірнеше ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі көңілге қонары Г.В.Домрачевтің ұсынғаны. Бөлінуі жеке кестеде келтіріген. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4 топқа бөлінеді: 1. Жүрек қабының (сыртқы); 2. жүрек етінің; 3. жүректің ішкі қабының; 4. қан тамырларының аурулары. Жүрек қабы ауруларының өзін екіге бөледі: жүрек қабының қабынуы (перикардиты) және шеменденуі (гидроперикард). Жүрек етінің аурулары да осы принципке негізделіп бөлінеді – жүрек етінің қабынуы (миокард) және зат алмасуларының бұзылуы (миокардоз). Бұл топтан ерекшелеу бөлінетін аурулар – жүрек бұлшық етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз) және склерозы (микардиосклероз). Бұл, кобінесе, миокардит пен миокардоздың салдарынан пайда болатын басалкы түрінде де дамитын дерттер. Жүректің ішкі қабының аурулары, әдетте қабынудан (эндокардит) басталып, содан соң азғындай (дегенерация) бастайды. Оған бірте-бітре жүректің қақпақшалары (клапан) қосыла бастаса, онда жүрек ақауларына әкеліп соғады. Малдарда қан тамырлары ауруларының тобынан жиі кездесетіндері – артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдануы-беріштенуі (артериосклероз) және тамыр түтігінің қан ұюынан бекітілуі (тромбоз). Кешеңдерде мал арасында жүйке қажуының (невроз) асқынуынан қан қысымы көтеріліп (гипертония) тұрады.