1. Жарық терапиясы фототерапия


Жылқы асқазанына зондты еңгізу техникасы



бет37/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

74. Жылқы асқазанына зондты еңгізу техникасы Зондты енгізер алдында асау жылқыларды құлағынан,танауынан ұстап,бекітеді немесе оларға бұрау салады.Жылқыларға арналған зонд ұзындығы 160-225 см,сыртқы диаметрі – 18мм,ішкі қуысы 12-14мм,серпімді резеңке түтікше.Зондты танау қуысы арқылы енгізеді.Енгізер алдында зондтың қуыстылығын,зарарсыздандырылғанын тексереді,содан соң вазелинмен майлайды.Зондтың қай жерге орналасқанын белгілейді:бірінші белгі,танау желбезегінен жұтқыншаққа дейін,екінші белгі-танау құысынан асқазанға дейін.Зонды енгізетін бас жағын сол немесе оң қолдың саусағымен ұстап танау қуысына енгізеді,бас жағын көмекші ары қарай жылжытады,сол жақ танауға енгізгенде көмекші мен оператор малдың сол жағында тұрады.Малдың алдында тұруға болмайды .Зондты енгізу кезінде сол жақ алақанмен танау қабырғасын басып,осы қолдың ортаңғы саусағымен танау желбезегін көтереді,ал сұқ саусақпен зондты төменгі танау қуысы жолымен жұтқыншаққа жылжытқанда бұл жерде аздаған кедергіге ұшырайды.Ары қарай зонд жұтқыншақтың кілегейлі қабығымен жанасқаннан соң жұтыну актісі болғаннан кейін зонды өңешке қарай жылжытады.Егерде жұтыну актісі болмаған жағдайда оны қолдан туғызуға болады.Зонд өңешке кірген кезде өңеш қабырғасы қысылғандықтан,оны жылжыту аздап қиындайды.Егерде зонд кеңірдекке енсе,онда ол еш кедергісіз енеді.Ары қарай зондты асқазанға жылжытады,оның асқазанға түскенін зондтағы белгіге байланысты біледі.Зонд дұрыс ендірілсе,онда құрсақ қуысының қысымынан жын зондпен сыртқа бөлінеді.Асқазанды жуып-шайғанда воронкаға 7-10л жылы су құйып,зондтың соңғы жағын воронкамен малдың басынан төмен түсіреді.Зондтан асқазаннан барлық сұйық ағып кеткеннен соң воронканы жоғары көтеріп,жылы су құяды.Осылайша зондтан таза су аққанша қайталай береді.Алға қойған мақсатқа байланысты асқазан жынын ОХ-10аппаратымен алуға болады
75. Миокардиттің клиникалық белгілері АУРУДЫҢ ДАМУ кезеңдерінде, басты аурулардың өту жайы мен барысына байланысты болады. Дененің қызуы, дағдылы түрде көтеріледі. Мал самарқауланады. Азыққа тәбеті төмендейді н/е тартпайды. ЖІТІ МИОКАРДИТТІҢ дамуының бірінші кезеңінде жүрек соғуы жиілейді,қосымша жиырылуы пайда болып, тамыр толқыны үлкейеді, жүрек тұсын тексергенде ауырсынады, жүректің түрткісі күшейіп, кейде қатты қағып кетеді, жүрек дыбыстары, әсіресе,бірінші үнікүшейеді. ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНДЕ, жүрек етінің қоректенуі бұзылып – азғындауына байланысты, ылғи да жүрек қызметінің жеткіліксіз жұмыс істкйтінін көрсететін негізгі белгіліері: ентігу, көгеру, ісіну және жүрек жиырылу ырғағының бұзылғандығы болып табылады.
76. Қан жіберу Кан ағызып жіберу. Емдеу кезінде малдын канын агызады. Соның салдарынан қанның тұтқырлығы азайып, кан қысымы төмендейді. Организмдегі зат алмасуының бұзылуынан пайда болған әртүрлі улы заттар сыртка агызған қанмен шығады. Iрi карадан 2-4 л, ұсак малдан 200-400 мл кан алады. Ағызған қан орнына сол мөлшерде 4-5 %-дiк глюкоза ерітіндісін венаға құяды. Кей кезде малдан канды арнайы лабораторияларда алады. Ондағы максат емдік, сақтандырушы және серпiндiрушi кан сарысуларын дайындау. Қан алған кезде малдың жасын, дене массасын, канын және малдың түрін, күтімін, азыктандыруын ескерген жөн. Малдан канды төмендегідей мөлшерде алуға болады: iрi карадан (жылқы, сиыр) 3-6 л, ұсақ малдан 300-600 мл, шошкадан 200-600 мл, иттен түйе тауык, каз 40-60 50-300 мл, тауықтан 10-40 мл, құстардан мл). Қанды беткейде жаткан вена кан тамырларынан арнайы мөлшерін анықтауға болатын ыдыстарға алады. Қан алғаннан соң ондай малға арнайы күтім жасайды. Азыктандыруға көп көңіл бөлед


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет