1 Жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата12.01.2017
өлшемі2,98 Mb.
#1706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Ғалымдар мінбері 
№4 (42) 2014 


         
4           
жетілдіріп тұруы тиіс. Ұлттық рух мәсе-
лесіне  ерекше  кӛңіл  бӛлуіміз  қажет, 
себебі,  мұның  ӛзі  –  әрбір  адамның 
әлеуетін  ашатын,  кӛптің  қуатын  ортақ 
арнаға  қосатын,  халық  даналығынан 
жинақталған еркіндіктің түрі. Рухы биік 
күшті елдердің қашан да бағы таймаған. 
Ұлттық  рухын сақтап қалған ел ғана ӛз 
ерлерін  қорлатпайды,  ӛздері  де  қорлан-
байды, қорғайды. 
Рухы  күшті  және  текті  адам  ӛз 
белсенділігі арқылы қоғамдық  қатынас-
тарды  шыңдайды.  Біздің  ойымызша, 
қазақтың  рухани  тәрбиесінің  негізгі 
бағамдарының  бірі  оның  ұлтшылдығы 
болып  саналады.  Ұлтшылдық,  ұлтсыз-
дық – ұлттық рухтан туындайтын нәрсе-
лер.  Әлем  қарама-қайшылық  пен  бір-
ліктен тұрады. Бұл диалектиканың заңы 
десек,  ұлтшылдық  та,  ұлтсыздық  та 
табиғатта бар нәрсе. Біз бұрын ұлтшыл-
дықпен  күрессек,  енді  ұлтсыздықпен 
күресуіміз керек. Ӛйткені, бұрын ұлтын 
сүюді томаға тұйықтық ұлтшылдық деп 
бағалап  келдік.  Осының  салдарынан 
нәрсіз,  мән-мағынасыз,  бейтарап  интер-
националдық дегенге ұмтылып, кӛп нәр-
сені  дұрыс  ұғына  алмадық,  тіпті  осы 
күндері  де  осы  бағытта  ұмтылыс  жасап 
жүргендер кездеседі.  Біз кӛптеген жыл-
дар бойы «ұлтшыл» деген сӛзді теріс қа-
былдап,  оның толыққанды  мәнін  дұрыс 
аша алмай келдік. Ал, шындығына кел-
сек, ұлтшыл болу – ұлт үшін қызмет ету 
деген  сӛз  емес  пе?!  Қазақтың  оқыған 
зиялы  азаматтарының  арасынан  алғаш-
қылардың  бірі  болып  халықтың  мұңын 
жоқтаған, ұлтшылдық идеясын кӛтерген 
қазақ ұлтының асыл азаматтарының бірі 
Шоқан  Уәлиханов  болып  табылады. 
Ұлы Шоқан: «Бәрінен бұрын ӛзімнің қа-
зақ  елімді,  одан  соң  Сібірді,  одан  соң 
Ресейді,  содан  соң  бүкіл  адам  баласын 
жақсы кӛремін» деген екен. Демек, ұлт-
шылдық  –  туған  халқыңды  ӛз  анаңдай 
құрметтеу,  қолыңнан  келген  барлық 
жақсылығыңды  жасау,  қызметіңді  кӛр-
сету деген емес пе?! 
Қазіргі  кезеңдегі  мақсатымыз  – 
ұлттық  болмысымыз  бен  ұлттық  сипа-
тымызды сақтай отырып, әлемдік даму-
да жаңа жетістіктерге қол жеткізу. Оған 
жеткізетін  «Мәңгілік  ел»  идеясына 
сүйенген 
тәуелсіздігіміздің 
нұрлы 
жолы.  Бұл  жайдан  жай  айтылып  отыр-
ған  дүние  емес.  Қазақстан  халқы  кӛп-
ұлтты  ел  болғандықтан,  ұлттар  арасын-
дағы  татулықты  сақтау  тәуелсіздігіміз-
дің  басты  мәселесінің  бірі  болып  отыр. 
Тәуелсіздікті  туған  жердің  рухына 
айналдыру,  әр  азаматтың  сана-сезіміне, 
болмысына  орнықтыру  –  бүгінгі  дәуір 
ұрпақтарының  тӛл  міндеті.  Бұл  – 
қиыншылықтары  мен  қайшылықтары 
мол, кӛп нәрсені жан-жақты қарастыру-
ды, терең талдауды қажет ететін мәселе. 
Тәуелсіздік  –  еркіндік  пен  теңдікті 
ажарлай  түсетін  принцип.  Оған  ұмтыл-
ған  адамзат  мазмұн  ортақтығымен, 
ұлттық  егемендіктің  дара,  ешкімге 
ұқсамайтын  кӛріністерімен  бетпе-бет 
келеді.  Бүгініміз  де,  бола-шағымыз  да 
осы  сапалық  сипаттамамен  ӛлшенеді. 
Тәуелсіздік  жылдарында  қол  жеткізген 
табыстарымызды,  барымызды  бағалап, 
саралап  кӛрсету  әрбір  қазақстандықтың 
тӛл міндеті болуға тиісті деп есептейміз. 
Біздің  болашағымыз  жас  ұрпақ  ӛз  елін, 
тілін, ділін, дінін құрметтеп, тәуелсіздік 
тағылымын  жан  дүниесімен  түсініп, 
рухани және әлеуметтік әлемін байытып 
жатса,  тәуелсіздігіміз  тұғырлана  түсер 
еді.  Тәуелсіздік  заманымызда  кӛптеген 
қаһармандарымыз 
тарихқа 
оралды, 
ӛлгендеріміз  тірілді,  елеусіз  қалғанда-
рымыз  тӛрге  шықты.  Алайда  осы  бір 
ұлы  дүрмекте  оларды  жүзге  бӛлу, 
тайпалық  принцип  ұстау  сияқты  бей-
берекетсіз жағдайлар кездесіп отырады. 
Шынды-ғына  жүгінсек,  бізде  әлі  де 
рулық  сана  басым,  сол  се-бепті,  біз 
рулық  санадан  арылып,  ұлттық  сананы 
қалыптастыруға  ұмтылуымыз  қажет. 
Шын мәнінде, ұлылар бір тайпаның, бір 
жүздің  маңдайына  сыймайды,  олар  –
ұлттың  ұлылары,  халық  перзенттері, 
тарих  қайраткерлері.  Ӛзіміздің  үлесі-
мізге  тиген  рухани  мұрамызды  ақыл-
парасат 
елегінен 
ӛткізіп, 
есептеп 
қарайтын болсақ, біз ұлтымыздың күш-
№4 (42) 2014 
Ғалымдар мінбері 
 


         
5           
жігерін  біріктіріп,  бір  арнаға  қарай 
бағыттай алатынымыз, ӛркениеттің биік 
шыңдарына  кӛтерілетініміз  сӛзсіз.  Біз, 
бұл  мәселеде  мейлінше  абай  болмасақ, 
ұлтымыздың  бірлігіне  сызат  түсіруіміз 
ғажап емес. Қазіргі таңдағы Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаевтың  салиқалы  саясаты 
Қазақстан  қоғамының  дамуына  үлкен 
әсер  етіп  отыр.  Дамудың  нұрлы  жолын 
таңдаған  еліміздің  атағы  шартарапқа 
таралып, 
әлемдік 
қоғамдастықтың 
алдындағы  абыройы  да  жылдан  жылға 
артып отыр. Сондықтан да біз Қазақстан 
тәуелсіздігі 
болмысының 
нығайған 
үстіне нығая беретініне сенеміз. 
Рухталатын тағы бір мерейлі күн – 
1986 жылдың желтоқсаны. Желтоқсанда 
тәуелсіздігімізге жол салып берген әйгі-
лі  жастар  кӛтерілісін  ұмытпауымыз 
қажет.  Бұл  –  орны  бар  ерекше,  қаралы 
да  мақтанышты  салтанат.  Себебі,  жел-
тоқсан  кӛтерілісі  еліміздің  бостандыққа 
жетуінің  алғышартын  жасап  қана  қой-
ған жоқ, ол әлемнің елеулі бӛлігін темір 
құрсауына  алған  коммунистік  империя-
ның  сӛгілуіне  себеп  болды.  Тәуелсіздік 
мерекесі  тұсында  желтоқсан  оқиғасына 
ерекше  мән  беріп,  еске  алу  жӛн  деп 
есептейміз. 1986 жылдың желтоқсанын-
дағы қазақ жастарының кӛтерілісі кеңес 
билігі  тұсында  бейресми  және  ресми 
түрде  тұншыға  дамыған,  бірақ  мүлдем 
тұншығып  қалмай  елді  оятуға  қызмет 
етіп  тұрған  ұлт-азаттық  қозғалыстың 
дүниені  дүр  сілкіндірген  жарқылы  еді. 
Ұлттық  намыс  ширыққан  сәтте  лап  ете 
түскен  ерекше  от  жалыны  болатын. 
Желтоқсан  оқиғасы  туралы  айтатын 
болсақ,  кім  біледі  кӛтерілістен  кейінгі 
уақыт  біреулерге  ұзақ  уақыт  шығар,  бі-
рақ кӛне тарих үшін бұл кірпігін бір рет 
қаққанымен  бірдей  болып  саналады. 
Ӛзінің  жұмыс  жоспарларын  жүз  жылға 
бір-ақ  жасайтын  ұлы  Қытай  елін  ұзақ 
жыл басқарған Чжоу Эн-Лайдан Батыс-
тың  бір  тілшісі  сұхбат  алып:  «Сіз            
1848  жылы  болып  еткен  ұлы  Француз 
революциясы  туралы  қандай  пікірде-
сіз?» деп сұрағанда, ол:  «Бұл күні кеше 
ғана  болып  ӛткен  оқиға  ғой,  адамзат 
баласы  ол  туралы  әлі  пікір  қалыптас-
тыра  қойған  жоқ,  сол  себепті  мен  не 
айта алам?» деген екен. Әр оқиғаның ӛз 
уақыты,  рухани  кеңістігі  болады.  Сол 
себепті  де,  қоғамның  тарихи  даму 
процесін  де  диалектикалық-философия-
лық,  тарихи  кӛзқараспен  қарауымыз 
қажет. 
Тәуелсіздігіміз  бізге  несімен  қым-
бат? Тәуелсіздігіміз бізге қымбат  – ата-
бабаның  рухын  кӛтергені  үшін!  Тәуел-
сіздігіміз  бізге  қымбат  –  сӛнген  мемле-
кетіміздің  отын  маздатып,  жандырғаны 
үшін! Тәуелсіздігіміз бізге қымбат – елі-
мізді  қатарға  қосып,  әлемдік  қауымдас-
тыққа  ендіргені  үшін!  Тәуелсіздігіміз 
бізге  қымбат  –  ата-тарихымызды,  ана 
тілімізді,  дінімізді,  ділімізді  жанданды-
рып,  «Қазақ»  деген  ұлтқа  қан  мен  жан 
кіргізгені үшін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғалымдар мінбері 
№4 (42) 2014 


         
3           
ҦЛАҒАТТЫ ҦСТАЗ ЖАЙЛЫ ОЙ... 
 
 
Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ директоры, ф.ғ.к., профессор 
 
 
Елбасы  «Алаштың  анасы»  деп 
атаған Сыр елінде сан  мыңдаған сүлей-
лер,  топ  бастаған  шешендер,  шынжыр 
балақ,  шұбар  тӛс  батырлармен  қоса 
қаламынан  даналық  тӛгілген  ғалымдар 
кӛптеп шыққан. 
Сыр  бойындағы  Шиелі  ауданына 
қарасты  «Бірлестік»  ауылы  да  –  малы 
мыңғырған,  тірлігі  қайнаған,  ынтымағы 
жарасқан елді мекен. «Азаматына қарап 
ауылын  таны»  дегендей,  ауылда  айбат-
ты Алаштың, байрақты қазақтың барлы-
ғына  бірдей  жылылық  таратуға  дайын 
тұратын,  бағы  мен  бабы  келіскен,  ақса-
қалдықтың арлы жолына түскен азамат-
тар  кӛптеп  болған,  қазір  де  баршылық. 
Ондай  жандардың  елге,  халқына  сіңір-
ген еңбектерін, жақсы істерін үлгі-ӛнеге 
етіп  айтып  жүру,  баспасӛз  беттерінде 
жариялап  отыру  кейінгі  ұрпаққа  үлкен 
тәрбие болатыны ақиқат. 
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін 
тап та бар қалан», - деп хакім Абай айт-
қандай,  адам  баласының  ӛмірден  ӛз 
орнын  тауып,  азамат  болып  қалыпта-
суында  ата-ананың  рӛлі  қандай  болса, 
шәкіртіне  білім  нәрін  құятын  ұстаздың 
да  орны  айрықша.  Жылдар  жылжып 
ӛткен  сайын  ӛткен  ӛмір  жайлы,  ӛткен 
жылдар бедерінде тағдыр жолықтырып, 
санаңызда  ӛшпес  із  қалдырған  жаны 
жайсаң  жандар  жайлы  ойлар  да  кӛбе-
йеді  екен.  Олардың  бейнесі  ішкі  жан 
дүниеңізде уақыт ӛткен сайын сан қыр-
ларынан  сәуле  шашып,  нұр  тӛгіп  тұра-
тын  жақұт  секілді  жарқыраған  үстіне 
жарқырай  береді  екен.  Сондай  асыл 
жандардың бірі – Қорқыт Ата атындағы 
ҚМУ-дың  (бұрынғы  Н.В.Гоголь  атын-
дағы  педагогикалық  институт)  физика-
математика  факультетінің  «Физика  жә-
не  физиканы  оқыту  әдістемесі»  кафед-
расында  ұзақ  жылдар  бойы  ұстаздық 
қызмет  атқарған  профессор  Базарбек 
Қашқынбайұлы Қашқынбаев ағайымыз. 
 
 
Базарбек Қашқынбайұлы  
Қашқынбаев 
 
Базарбек Қашқынбайұлы 1935 жы-
лы  12  қазанда  Қызылорда  облысының 
Тартоғай  ауылында  кедей  шаруаның 
отбасында  дүниеге  келген.  Ағайдың 
балалық  шағы  соғыс  жылдарына  және 
соғыстан кейінгі ауыр кезеңдерге сәйкес 
келді.  Баланың  үлкені  болғандықтан, 
еңбекке ерте араласады. 
Ӛзі кейде: «Балалық шағым соғыс-
тың  қиын  жылдарына  тұспа-тұс  келді. 
Үйдің  үлкені  болғандықтан,  жастайым-
нан  еңбекке  араластым.  Нан  табу  үшін 
барлық  жұмыстарды  атқардық.  Тіпті, 
кесек ӛруді жақсы үйреніп алып, кӛрші-
қолаңның  үй-сарайларын  салуға  қатыс-
қан  күндерім  де  кӛп  болды.  Оқуға  ӛте 
ынталы  болдым.  Жасымнан  зерек  едім, 
жұмыстан  қалжырап,  әбден  шаршап 
келсем де, қолымнан кітабым түспейтін. 
Әкем зағип жан еді, ауыл ішіндегі бара-
тын жерлеріне қолынан жетектеп жүріп 
апаратынмын», - деп отыратын. 
Міне,  осындай  қиындықтардан 
шыңдалып  ӛскен  Базекең  бастауыш 
№4 (42) 2014 
Ғалымдар мінбері 
 


         
4           
мектепті  №13  Құмсуат  колхозында,       
7  жылдық  мектепті  Ким  мектебінде,  ал 
орта мектепті  Бірінші Май  кеңшарында 
1953  жылы  бітіреді.  Осы  жылы 
Қызылорда  педагогикалық  институты-
ның  физика-математика  факультетіне 
оқуға  түсіп,  оны  «физика»  мамандығы 
бойынша  1957  жылы  үздік  бітіреді. 
Мұғалімдік  қызметінің  алғашқы  қада-
мын  ӛзі  оқып бітірген қазіргі  №40  орта 
мектепте бастайды. 
Мектепте физика, математика пән-
дерінен сабақтар бере бастайды. Бойына 
білімнің  бұла  күшін  жинаған  жас  жігіт 
тынымсыз  еңбегінің  және  үздіксіз  ізде-
нісінің  арқасында  аз  уақыттың  ішінде 
елге  сыйлы  болады.  Мектептің  және 
ауылдың қоғамдық ӛміріне белсене ара-
ласып,  мектеп  жанынан  құрылған  ӛнді-
рістік  бригадаға  басшылық  жасап,  оқу-
шыларды  еңбек  тәрбиесіне  баулиды, 
ауылдың  кӛркеюіне  ӛз  үлесін  қосады. 
Ӛз пәнін терең меңгеруі, жоғары ұйым-
дастырушылық  қабілеті,  әрбір  іске  ас-
қан жауапкершілікпен қарауы, ӛзіне де, 
ӛзгеге де талап қоя білуі сияқты қасиет-
тері  арқасында  Базарбек  ағай  2-3  жыл-
дың  ішінде  мектеп  оқу  ісінің  меңгеру-
шісі қызметіне тағайындалады. 
Базарбек  Қашқынбаев  1962  жылы 
ӛзі  білім  алған  Қызылорда  педагоги-
калық институтының «Теориялық физи-
ка»  кафедрасына  оқытушылық  қызмет-
ке  шақыртылады.  Оқу  орнына  келген 
уақыттан  бастап  студенттерге  сапалы 
дәріс беріп, ғылыми бағыттағы зерттеу-
шілік  жұмыстармен  айналыса  бастады. 
Институттағы  қоғамдық  жұмыстарға  да 
белсене  араласып,  осы  жылы  партия 
ұйымының  хатшысы,  институт  партбю-
росының мүшесі болып сайланады. 
Жас  маманның  терең  білімі  мен 
ғылымға  деген  құштарлығын,  зерттеу 
жұмыстарына  деген  бейімділігін  байқа-
ған  кафедра  меңгерушісі  Зұлқарнай 
Икрамов оны ӛзі оқыған Киев қаласына 
барып,  аспирантураға  түсуіне  бағыт-
бағдар  жасайды.  Сӛйтіп,  ғылымдағы 
ізденісін 1967 жылы адамзат баласының 
тарихында  айырықша  орын  алатын 
Киев  шаhарындағы  іргелі  оқу  орны 
Тарас Шевченко атындағы Киев универ-
ситетінің  теориялық  механика  кафедра-
сында  аспирант  болудан  бастайды. 
Базекең «Жоғары жиілікті электр тоғын 
ӛндіретін  жаңа  типтегі  массивті  ротор-
лы  турбогенераторлардан  электромаг-
ниттік  ӛрістің  таралуын  зерттеу»  тақы-
рыбында ғылыми зерттеулерін 3 жылда 
аяқтап,  кандидаттық  диссертациясын 
сәтті  қорғап,  техника  ғылымдарының 
кандидаты  ғылыми  дәрежесіне  ие  бо-
лып, елге оралады. 1971 жылдан педаго-
гикалық институттың «Физиканы оқыту 
және жалпы техникалық пәндер» кафед-
расын басқарды. 
1977-1979 
жылдары 
Киевтегі 
Украина  Ғылым  Академиясының  Элек-
тродинамика институтында докторанту-
рада  оқып,  ӛзінің  ғылыми  зерттеулерін 
жалғастырды.  Зерттеулердің  қорытын-
дысы  бойынша  халық  шаруашылығына 
аса  қажетті  жоғары  жиілікті  электр 
тоғын  ӛндіретін  жаңа  типті  массивті 
турбогенераторлардың  жаңа  үлгісі  ұсы-
нылды. 
«Ӛзіне де, ӛзгеге де талап қоя біле-
ді»  дегеннен  шығады,  аспирант  және 
докторант  болып  жүрген  кезеңінде 
тумысынан еңбекқор Базекең Киев уни-
верситетінде білім алып жатқан барлық 
қазақ  азаматтарының  тәртіпті  болула-
рын,  уақытылы  оқу  залына  барып  ғы-
лыммен айналысуларын, жатақханадағы 
тәртіпті  бұзбауларын  қатаң  бақылаған. 
Ғылым  жолына  түскен  жастардың  бар-
лығына дерлік Базекең ағалық  және ұс-
таздық  қамқорлық  жасаған.  «Ішетін 
тамағымыздан  бастап,  ғылыми  тақы-
рыпты  таңдау  және  ондағы  зерттеу  жұ-
мыстарына  дейін  ақылын  айтып,  жол 
сілтейтін.  Сол  жігіттердің  бәрі  ғылым 
жолында  табысты  еңбек  етіп  жатыр»,  - 
деп  еске  алады  сол  жылдары  Киевте 
оқыған белгілі ұстаз Ысқақ Қарқынбаев 
ағамыз. 
Базекең  докторантураны  бітірген-
нен  кейін  Қызылорда  педагогикалық 
институтына  кафедра  меңгерушілігі 
қызметіне  қайта  оралады.  1989  жылдан 
Ғалымдар мінбері 
№4 (42) 2014 


         
5           
институттың сырттай оқу факультетінің 
деканы,  1993  жылдан  профессор,  осы 
жылы  ол  институт  жанынан  дарынды 
оқушыларға  арналған  қазақ-түрік  лице-
йін  ашуға  ӛз  үлесін  қоса  отырып,  осы 
лицейдің  директоры  болып  тағайында-
лады. 
Ұстазымыз  жоғары  оқу  орны  мен 
лицейде  қатар  сабақ  бере  жүріп,  сту-
денттер  мен  оқушылардың  бойында 
оқу-білімге,  ғылымға  деген  құштар-
лықты  арттырып,  Отанға  және  туған 
жерге  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін 
қалыптастыру  бағытында  ӛлшеусіз  ең-
бек  сіңірді.  Физика  пәніндегі  құбылыс-
тар мен заңдылықтарды түсіндіру бары-
сында  оларды  ӛмірмен  тікелей  байла-
ныста  қарастыратын,  оның  ӛмірде  қол-
данылуы  жағына  басты  назар  аудара-
тын. Бұл дегеніңіз қазіргі уақытта білім 
жүйесінде күн тәртібінде тұрған оқушы-
лардың  функционалдық  сауаттылығын 
қалыптастырудың ӛзі емес пе? 
Әдетте, кез келген ұстаздың еңбегі 
оның  шәкірттерінің  жетістігімен  баға-
латыны  белгілі.  Ағайдың  шәкірттерінің 
ішінде  ғылым  докторлары  мен  ғылым 
кандидаттары, жоғары оқу орны ректор-
лары мен институт директорлары, қала-
лық және аудандық білім бӛлім басшы-
лары,  мектеп  директорлары,  медицина 
және мәдениет саласындағы қызметкер-
лер кӛптеп кездеседі. Олардың барлығы 
әлі  күнге  дейін  ӛздерінің  тұлға  болып 
қалыптасуындағы  Базарбек  ағайдың  сі-
ңірген  еңбегі  жайлы  айтудан  жалық-
пауда. 
«Әлемдегі  ең  басты  құдірет  –  ең-
бек  және  тәртіп»,  -  деп  ӛскен  Базекең 
физика ғылымы және оны оқыту әдісте-
месі тақырыбы айналасында 60-қа жуық 
еңбегін  одақтық,  Украина  және  қазақ-
стандық  белгілі  басылым  беттерінде 
жариялады. Ол –  «СССР-дің оқу-ағарту 
ісінің  үздігі»  белгісімен,  ҚР  Білім  және 
ғылым  министрлігінің  және  Облыстық 
Кеңестің  Құрмет  грамоталарымен,  «Ең-
бек  ардагері»  медалімен  марапатталған 
ұлағатты  ұстаз.  Суреті  Жоғары  оқу  ор-
нының  «Құрмет тақтасында» үнемі  ілу-
лі тұратын.  
1997  жылы  Қорқыт  Ата  атындағы 
Қызылорда  мемлекеттік  университеті 
тарихында  Меккеге  барып,  қажы  атан-
ған тұңғыш ғалым да Базарбек ағай бо-
латын. Ислам дінінің жастарды иманды-
лыққа  тәрбиелеудегі,  қоғамды  ізгілікке 
шақырудағы  рӛліне  терең  ғылыми  кӛз-
қараспен қарайтын еді. 
Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік 
университеттің  ӛзі  ӛмір  бойы  дәріс  ӛт-
кізген «Электротехника негіздері» зерт-
ханасына  профессор  Базарбек  Қашқын-
байұлының есімі берілді. Ағайдың ӛмір 
бойы  оқу  қағидатын  ұстана  жүріп, 
Мәскеу,  Ленинград,  Киев  және  Алматы 
қалаларынан  жинаған  3000  данадан  ар-
тық  құнды  кітаптарын жұбайы  Тоқсұлу 
апай мен баласы Сексенбай университет 
кітапханасына сыйға тартты. 
 
 
Базарбек ағайымыз жұбайы  
Тоқсұлу апаймен бірге 
 
Базарбек ағай – ұлағатты ұстаз бо-
лумен  қатар  үлгілі  отбасы  иесі,  жақсы 
әке  бола  білген  жан.  Жұбайы  Тоқсұлу 
апай  –  педагогикалық  институттың 
физика-математика  факультетін  бітіріп, 
ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласын-
дағы орта мектепте математика пәнінен 
сабақ  берген,  саналы  шәкірттер  тәрбие-
леген  ұстаз.  Апай  қазір  балаларымен 
Астана  қаласында  тұрады.  Туған  інісі 
Орынбасар 
– 
ғылым 
кандидаты, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық 
университетінде  математикадан  дәріс 
береді.  
№4 (42) 2014 
Ғалымдар мінбері 
 


         
6           
Ұлы Сексенбай мен қызы Жанат – 
ғылым  кандидаттары,  балалары  Қанат, 
Серік және Салтанаты – жоғары білімді 
мамандар. 
1999  жылдың  наурыз  айында 
Базарбек  ағайымыз  дүниеден  озды.  Ар-
тында  жұбайы,  балалары,  інісі,  немере-
лері  және  мыңдаған  шәкірттері  қалды. 
Ұстазымыздың  2015  жылдың  12  қаза-
нында 80 жасқа толу мерейтойы тойлан-
бақшы. 
Жуырда  ӛнегелі,  ғибратты  ғұмыр 
кешкен  ағайымыздың  есімін  мәңгі  қал-
дыру мақсатында ӛзі оқыған «Бірлестік» 
ауылындағы  №142  мектеп  ұжымы  мек-
тепке  профессор  Базарбек  Қашқынбай-
ұлының  есімін  беру  жӛнінде  шешім 
қабылдады.  Бұл  шешімге  Қорқыт  Ата 
атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  уни-
верситеті, «Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 
Қызылорда  облысы  бойынша  педаго-
гикалық  қызметкерлердің  біліктілігін 
арттыру институты және Қазақ гумани-
тарлық  заң  және  техникалық  колледжі 
ұжымдары  қолдау  кӛрсетіп,  Шиелі  ау-
дандық  Ономастикалық  комиссиясына 
ұсыныстарын берді. 
Бұл  қадам  еліміздің  білімі  мен 
ғылымының дамуына сүбелі үлесін қос-
қан,  мыңдаған  шәкірттеріне  сапалы 
білім  мен  саналы  тәрбие  берген  ұстаз-
дың  ұлағатын,  оның  жарқын  жолын 
жастарға  үлгі  етудегі  және  ұрпақтар 
арасындағы  ӛмір  сабақтастығын  паш 
етер игі іс болары сӛзсіз. 
 
 
 
ТЕМІРБЕК ЖҤРГЕНОВТІҢ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҤЛЕСІ 
 
 
С.Серікбаев 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, директорының орынбасары, т.ғ.к. 
 
 
Бүгінгі  тарих  ұрпақтың,  келешек 
адамдарының  тарихи  санасын  қалып-
тастыру  мен  ұштастыру  ел  тарихын 
тарих қойнауындағы құбылыстың, ӛзге-
рістердің  қыры  мен  сырын  терең  білу 
міндетін  жүктейді.  Тарихтың  ӛзекті  ар-
насы  жеке  тұлға,  олардың  жиынтығы 
халық болып табылады. Халықтың есін-
де, тарихтың бетінде аты да, қызметі де 
сақталған,  мұрасы  бүгінгі  ұрпақтың 
рухани  қазынасына  айналып  отырған 
қазақ жерінің біртуар адамдары аз емес. 
Солардың бірі – Қазақстанның кӛрнекті 
қоғам  қайраткері,  Сыр  бойының  абзал 
азаматы Темірбек Қараұлы Жүргенов. 
Т.Жүргеновтің  қамшының  сабын-
дай келте ғұмырында атқарған жұмысы, 
тындырған еңбегі ӛлшеусіз екенін, қазақ 
халқы  алдында  перзенттік  парызын 
соңғы  демі  үзілгенше  адал  атқарғанын 
кейінгі  ұрпақ  жақсы  біледі.  Ол  1920-         
1930  жылдары  Орта  Азия  мен  Қазақ-
станның  саяси  ӛмірінде  маңызды  рӛл 
атқарып, 
еліміздегі 
сауатсыздықты 
жою, мәдениет, әдебиет және ӛнер сала-
сында  таусылмастай  із  қалдырды.  Ұзақ 
жылдар  елді  күйзеліске  ұшыратқан 
азамат  соғысы  аяқталып,  елде  біршама 
тыныштық  орнағаннан  кейін  тумысы-
нан  оқуға  құштар  Т.Жүргенов  үзіліп 
қалған  арманын  қайта  жалғап,  Орта 
Азия  мемлекеттік  университетінің  заң 
факультетіне  оқуға  түседі.  Студенттік 
жылдар  жемісті  білім  алумен  қатар, 
оның  саяси  қызметінің  де  белсенді 
ӛскенімен  ерекшеленді.  Оқудан  қол 
үзбей жүріп, Қазақ АССР-нің Түркістан 
Республикасындағы  ӛкілі  және  Түр-
кістан  Орталық  Атқару  Комитетінің 
мүшесі  болып  сайланды.  Республика- 
лық,  ӛлкелік,  облыстық  пленумдарында 
делегат  болып  қатысып,  қоғамдық 
ӛмірдің  барлық  жұмыстарына  кеңінен 
араласып отырады. 
Ғалымдар мінбері 
№4 (42) 2014 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет