4 (42) 2014
Білім берудегі жаңа технологиялар
31
30
дісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді
пайдаланудың педагогикалық шарттары
ғылыми тұрғыда қарастырылып, жеке
мәселе ретінде зерттелмеген. Осы мәсе-
ле білім беру жүйесін және оның
құрамының ӛзгеруін қажет ететін «ескі»
мен «жаңаның» арасындағы әлеуметтік-
педагогикалық қайшылықтарды және
педагогикалық қауымның оқу-тәрбие
барысында жаңаны игерудегі мүмкін-
діктері мен шынайы жағдайының ара-
сындағы қарама-қайшылықтарды анық-
тау, инновациялық іс-әрекеттің педаго-
гикалық негіздерінің мәнін теориялық
тұрғыдан ойластырып, мектеп мұғалім-
дерінің бұл үрдіске дайын болу шартта-
рын анықтауды қажет етеді. Оқу-тәрбие
үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілді
пайдаланудың педагогикалық шартта-
рының түбегейлі түрде қарастырыл-
мағаны және кӛтеріліп отырған мәселе-
нің кӛкейкестілігі, оқу-тәрбие үрдісінде
оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шартта-
рын ғылыми негізде анықтауға негіз
болды.
Қазіргі уақытта педагогика ғылы-
мының бір ерекшелігі – баланың тұлға-
лық дамуына бағытталған жаңа оқыту
технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру
мақсатында жаңа білім парадигмасына
сүйене отырып, біз оқыту технология-
ларының тиімді жақтарын таңдап
алуымыз қажет және оқу-тәрбие үрді-
сінде озық технологияларды белсенді-
лікпен енгізуіміз керек.
Еліміздің болашағы кӛркейіп, ӛр-
кениетті елдің қатарына қосылуы бү-
гінгі ұрпақ бейнесінен кӛрінеді. Қазіргі
білім беру саласындағы мәселе – әлеу-
меттік-педагогикалық және ұйымдас-
тыру тұрғысынан білім мазмұнына
жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін
іздестіру, оны ӛмірде пайдалану.
Қазіргі мектеп жағдайындағы бі-
лім берудің ұлттық моделіне ӛту, оқыту
мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсіл-
дерін, инновациялық технологияны
игерген, психологиялық, педагогикалық
жұмыста қалыптасқан ескі сүрлеуден
тез арада арылуға қабілетті және нақты
тәжірибелік іс-әрекет үстінде, ӛзіндік
даңғыл жол салуға икемді, шығарма-
шылық педагогикалық зерттеуші болу,
ал зерттеуші педагог ӛз кезегінде
ізденуші шәкіртті тәрбиелеуге талап
етеді.
ХХ ғасырда педагогика саласында
кӛптеген инновациялық педагогикалық
технологиялар ашылғанымен, қазіргі
уақытта оларды жалпы білім беретін
мектептерде гуманитарлық пәндерді
оқыту барысында қолданудың жолдары
сараланып кӛрсетілмеген. Сондықтан
кӛптеген мектептер гуманитарлық пән-
дерді оқытудың жаңа педагогикалық
технологиясын
меңгергенімен,
оны
тәжірибеде қолдануда қиындықтарға
тап болады. Себебі, оқу-тәрбие үрді-
сінде гуманитарлық пәндерді оқытуда
инновациялық әдіс-тәсілдерді қолда-
нуда қойылатын талаптар мен шарттар
әлі күнге дейін зерттелмеген.
Сол себепті, жалпы орта білім
беретін мектептердің оқу-тәрбие үрді-
сінде оқытудың инновациялық әдіс-
тәсілдерін
пайдалануды
теориялық
жағынан негіздеу және оның педагоги-
калық эксперименттік жұмыста тиімді-
лігін зерттеу арқылы әдістемесін жасау,
мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде иннова-
циялық әдіс-тәсіл мақсаты қойылып
отыр.
Әрбір оқушының жеке даму ерек-
шеліктері мен қабілеттері ескеріліп,
оқытудың саралап оқыту әдісі мен жеке
танымдық әрекетіне тән дағдыларын
қалыптастыру үшін дамыта оқытуды
жүзеге асыру, әрбір оқушының білімінің
берік, тиянақты, сапалы болуы үшін
модульдік оқыту жүйесін жүзеге асыру,
әрбір оқушының пәнге деген қызығу-
шылығы мен білімге деген сенімін арт-
тыру үшін деңгейлеп оқытуды жүзеге
асырса мектепте оқыту тиімді болады.
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2030» Қазақстан халқына
арналған Жолдауында «Біздің жас мем-
лекетіміз ӛсіп, жетіліп, кемелденеді, біз-
Білім берудегі жаңа технологиялар
4 (42) 2014
32
31
дің балаларымыз бен немерелеріміз
онымен бірге ержетеді. Олар ӛз ұрпағы-
ның жауапты да, жігерлі, білім ӛрісі
биік, денсаулықтары мықты ӛкілдері
болады. Олар балаларының игі дәстүр-
лерін сақтай отырып, қазіргі заманғы
нарықтық экономика жағдайында жұ-
мыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс,
ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар
бейбіт, абат, жылдам ӛркендету үстін-
дегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы ӛз
елінің патриоттары болады», - деп кӛр-
сетілгендей, ертеңгі келер күннің бү-
гінгіден гӛрі нұрлы болуына ықпал етіп,
адамзат
қоғамын
алға
апаратын
құдіретті күш пен білімге тән. Жас
мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі
мектеп оқушылары. Оларға бірдей
талап
қойып,
олардың
табиғи
қабілеттерін,
нақты
мүмкіндіктерін
анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі
күннің ӛзекті мәселесі.
Сондықтан да, оқушылардың ой-
ӛрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух
пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлға-
ны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі
инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі
үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бұл міндеттерді шешу үшін мек-
теп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті
ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен
ӛзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-
қатынас жасаулары керек. Оқыту
түрлерін, әдістері мен құралдарын одан
әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәти-
желі қолданудың жолдарын іздестіру-
лері қажет.
Ғылыми-педагогикалық әдебиет-
терде іс жүзінде анықталып табылған
оқыту үрдісінің нәтижесін кӛрсететін
әдіс-тәсілдері, түрлері кӛбіне жаңашыл,
инновациялық деп атайды.
«Инновация» ұғымын анықтайтын
нақтылы анықтама әлі де жасалмаған.
Ал, біз ӛз зерттеу жұмысымызда
Ш.Таубаева және Қ.Құдайбергенова
берген анықтамаға сүйенгенді жӛн
кӛрдік, яғни «Инновация» – бұл нақты
қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа
нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не?
Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің
кӛмегімен жетуге болады? Оқу мақса-
тының жүйесінде берілген мақсаттың
негізгі категорияларын пайдалана оты-
рып, педагог ӛз еңбектерінің нәтижесі
туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады.
Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа
бет бұрудың кілті.
Инновация
білім
деңгейінің
кӛтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі
кезеңде ғалымдар ӛз зерттеулерінде
оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп,
тарату
мәселесін
қарастырады.
Н.Апатова, М.Поташник, В.Я.Ляудис
т.б. ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа
қабілеттілігіне ерекше кӛңіл бӛлді.
Авторлардың
кӛбі
педагогикалық
инновацияның негізгі міндеті енгізіліп
отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу
деп санайды. Ол үшін ең бастысы –
мектеп жұмысын дамытудың аймағын
қарастыру керек.
Мемлекеттік
білім
стандарты
деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру
жаңа
педагогикалық
технологияны
ендіруді міндеттейді. Қазіргі кезеңдегі
педагогикалық инновация білім беру
жүйесіндегі жаңалықтарды топтасты-
рады.
Кез келген елдің экономикалық
қуаты, халқының ӛмір сүру деңгейінің
жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдас-
тықтағы орны мен салмағы сол елдің
технологиялық
даму
деңгейімен
анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен
жаңа технологияны енгізу сапалылығы
осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы
мен
осы
саланы
ақпараттандыру
деңгейіне
келіп
тіреледі. Экономикасы күшті дамыған
елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін
ақпараттандыру
экономика,
ғылым
және мәдениеттің қарқынды дамуының
негізгі кілті екендігін кӛрсетіп отыр.
Ендеше, қазіргі заманның ақпараттық
және телекоммуникациялық техноло-
гиясын игеру – міндетіміз.
Сондықтан әртүрлі оқыту техноло-
гияларын оқу мазмұны мен оқушы-
лардың жас және психологиялық
4 (42) 2014
Білім берудегі жаңа технологиялар
33
32
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжіри-
беде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқыту-
дың озық технологияларын меңгер-
мейінше сауатты, жан-жақты маман
болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,
кәсіптік, адамгершілік, рухани, азамат-
тық және басқа кӛптеген адами келбе-
тінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі.
Жаңа технологияның мақсаты –
оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құрал-
дары оқушылардың ӛздігінен танымдық
іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы
керек. Жаңа педагогикалық технология-
лар оқушының шығармашылық қабілет-
терін арттыруға ӛз үлесін қосады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
В.Кукушкин. Введение в педагогичесую деятельность. Москва, Ростов - на-Дону.
2005 г. 148-151 с.
2.
Т.Галкина. Новая настольная книга директора. Ростов-на-Дону. 2007 г. 66-67 с.
3.
В.Котельникова. Инновационные школы конурсный отбор. Ростов-на-Дону. 2006 г.
4.
Ж.Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы. 2006 ж. 270-273 бб.
Білім берудегі жаңа технологиялар
4 (42) 2014
34
33
САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ: МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ СЫНДАРЛЫ
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
У.Есмаганбетова
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚОБ ПҚ БАИ, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Қазақстан
Республикасының
жаһандану саясатына орай әлемдік білім
беру үдерістеріне кірігуі, дамыған
елдердің білім стандарттарының талап-
тарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа
сапалық деңгейге жылдам ӛту қажет-
тілігінен туындауда. Қазіргі кезде жаса-
лып жатқан реформалар жан-жақты
жетілуді, жаңаруды, ақылды да парасат-
ты ӛзгерістердің енгізілуін кӛздейді.
Мектептегі оқу мен оқыту үдерісінің
ұйымдастыру және басқару тәсілдерін
ӛзгерту нәтижеге бағытталған білім
беру үлгісіне кӛшірумен жүзеге асыры-
луда. Білім саласында орын алып
жатқан мәселелер ӛзектілігі ӛте жоғары
және ол педагог қызметкерлердің кәсіби
білімдерін тереңдетіп құрылуы мен
педагогикалық
амалдарды
қолдану
әлеуетін дамытуды талап ететіндігі рас.
Осындай жоғары нәтижелерге жету
мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекет
қызметі жаңа мазмұнды меңгерудің
түрлі формаларын талап етеді.
Еліміздің білім беру жүйесінде
соңғы онжылдықтың ішінде кӛптеген
ӛзгерістерді енгізу жан-жақты қолға
алынуда. Білім беруді дамытудың
мақсаты – қай кезде де болмасын қоғам
мен мемлекет сұраныстарын табысты
қанағаттандыра алатын ӛз-ӛзіне сенімді,
парасатты тұлға қалыптастыра алатын-
дай оқыту жүйесін жасау. Осы мақсатқа
жетудің бірден-бір жолы білім беру
ұйымдарының
сапалы
қызметін
ұйымдастыра білуі, яғни оқу мен оқыту
үдерісінде әрбір бала ӛзіндік іс-
әрекеттері мен ізденуін белсендіріп,
шығармашыл қабілетін дамыта алатын-
дай орта қалыптастыра білу.
Бүгінгі
жаһандану
заманында
білім әлеміндегі жаңа технологияларды
пайдалану – жаңарудың бастамасы
десек,
мектептерде
эксперименттер
жүргізу – оның бір маңызды тұтқасы.
Мектепте оқытудың тиімді үлгілерін
жасаудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін
меңгеру жаңа білім беру жүйесін
қалыптастыруға, икемді де ашық
тұлғаға бағытталған жасампаз үздіксіз
білім
алудың
жүйесін
құруға
кӛмектеседі.
Сындарлы оқыту теориясымен
білім берудің жаңа жүйесі оқу мен
оқыту үдерісінде басқару мен кӛшбас-
шылықтың жүйелілік принципін жүзеге
асыру, білім сапасын арттыруды оқу-
шылардың ӛздерін ӛздері реттеуі
арқылы, дамуға деген шынайы ниетті
қалыптастыру қабілеттерін дамытуға
келіп саяды. Оқытудың белсенді және
интербелсенді әдістері арқылы сынып
және сыныптан тыс жағдайда оқушы-
лардың жас және жеке ерекшеліктерін
ескере отырып оқу және оқыту үдерісін
ұйымдастыру жүргізіледі. Нәтижесінде
теориялық білімді бекіту, жаңа тәсілдер
мен әдістерді ендіру, практикалық
дағдыларды сіңіру, кәсіби құзырет-
тілікті қалыптастыру, ӛзін-ӛзі дамыта
білуін және ӛзін-ӛзі кӛрсетуін қамтама-
сыз етуге үйретеді. Оқу материалының
меңгерілу жағдайына бақылау жүргізу,
басқарушылық функцияларды жүзеге
асыру
(ұйымдастыру,
жоспарлау,
рефлексивтік есеп беру, бақылау,
талдау, үйлестіру, реттеу) және т.б.
машықтарды
меңгеруге
және
іс-
тәжірибеде қолдануға жетелейді.
Жағдайды талдау, проблемаларды
анықтау, міндет қою, проблемаларды
шешу жолдарын анықтау және т.б. іс-
әрекеттегі зерттеу функцияларды қалай
жасау керектігін жобалауға негіз бола
4 (42) 2014
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
35
34
алады.
Оқушылардың
қалай
оқу
керектігін үйренуін басқару үшін
ұстаздардың кәсіби шеберлігіне қойы-
латын талаптар да аз емес. Қызықты
сабақтар, тартымды ұсыныстар, сыни
тұрғысынан ойлауға бағытталған ашық
сұрақтар оқушылардың логикалық және
аналитикалық ойлау жүйесін дамытуға
ықпал етеді.
Сондай-ақ, осы жүйедегі тапсыр-
маларды ұсыну мұғалімдердің де
тәжірибесіне елеулі ӛзгерістер енгізуге
ықпал етеді. Оқу мен оқыту үдерісіне
түрленген
тапсырмаларды
енгізу
арқылы сабақтың әдіс-тәсілдерін түр-
лендіру арқылы оқушылардың білімге
деген
қызығушылығын
арттыруға
мүмкіндік
кеңейеді.
Оқушылардың
танымдық, эмоциялық сезімдеріне әсер
ету, балалармен ынтымақтастықта болу
сабақтың ӛмірмен байланысын нығайту-
ға кӛмектеседі. Оқыту мен оқу
жағдайында мұғалімдермен қоса оқу-
шылар да сабақ барысында жаңашыл-
дық, шығармашылық әрекеттерді жүзе-
ге асыруға дағдыланады. Мұғалім ӛз
пәнін жетік біліп қана қоймай, ӛз
оқушыларын
психологиялық
және
әлеуметтік тұрғыда қолдауды, әрбір
баланың ынта-ықыласының, дайындық
барысында жұмсаған ерік-жігерінің де
мӛлшерін ӛлшеуге үйренетіндігі жақсы
әсер қалдыруда.
Адамның болашағы оның қазіргі
алған білімнің сапасына, кӛлеміне,
ойлау деңгейіне байланысты. Жас
ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың
біртұтас дүниетанымының қалыпта-
суына, әлемдік сапа деңгейіндегі білік
негіздерін меңгеруіне ықпал ететін
жаңаша білім мазмұнын құру жалпы
білім беру жүйесіндегі ӛзекті мәселе
екендігі жаңалық емес. Жүздеген
жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені
бұзып, оқытуды жаңаша ұйымдастыру
қазіргі кезеңде әлеуметтік құрылымның
маңызды элементтерінің біріне айнал-
ды. Білімнің әлеуметтік рӛлі мен маңыз-
дылығын арттыру үшін жасалып жатқан
бағдарламалар
барысында
біршама
міндеттер қамтылуда. Оқушылар оқу
үрдісін басқаруға қатысуда, ұжымдық
іс-әрекетте ортақ қарым-қатынас орны-
ғуда, оқуға ғана емес, бірін-бірі оқытуға
және бағалауға қатысуда. Бірақ бағалау
тек формативті тұрғыда ғана жүргізіле-
ді, жиынтық бағалауға балалар қаты-
спайды, оның үстіне мұғалім жиынтық
бағалау қорытындысын бұрынғыдай
жариялауға да міндетті емес. Тағы бір
айта кететін мәселе, деңгейлеп оқыту
деп балаларды қабілетіне қарай бӛлуге
болмайтындығының ескерілуі.
Міне, осы міндеттерді қамтитын
«Сындарлы оқыту» жүйесі даму заңды-
лықтарын ескере отырып, теориялық
ойлауға бағытталған әлеуметтік-мәдени
теориялармен жақын арадағы даму
аймағында оқыту басымдылығы жоға-
ры. Нақ осы мәселелерді жүзеге асыруға
бағытталған оқыту үлгілерінің кӛпшілігі
ұжымдық ой қызметі негізінде баланы
ӛз
іс-әрекетінің
субъектісі
етуге
ұмтылдырады, мақсатты оқу іс-әрекеті
барысында нақты оқу міндеттерін шеше
отырып даму педагогикалық ықпалдың
алдын алатын іс-әрекеттік оқыту тәсілі
арқылы балада ақпараттық және жалпы
біліммен қатар амалдар мен құндылық-
тар жиынтығын қалыптастыра алады.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі
екені бәрімізге мәлім. Осыған орай,
мұғалімдердің тәжірибесінде кӛбінесе
оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп
құрылған сабақтар кӛрініс табуда. Орта
мерзімдік жоспарлау негізінде әрбір
тарау бойынша оқушылардың меңгеру-
ге тиісті негізгі идеяларын анықтауда
стандарттық талаптардың ӛлшемдерін
ескеру, үнемі қойылған міндеттерді
SMART критерийлеріне сәйкестендіру
талап етілуде. Сабақтардың жүйелі
байланысын қамтамасыз ету үшін әдіс-
тәсілдерді
таңдауға,
мақсат
пен
күтілетін нәтижелердің ӛзара әрекетте-
суін болжауға, бағалау ӛлшемдерін
құрастыруға машықтану кәсіби ӛсу мен
әдістемелік
әлеуеттің
арттырудың
кӛрсеткіші бола алады. Әрбір сабақтың
Мҧғалім іс-тәжірибесінен
4 (42) 2014
36
35
оқу-танымдық мүмкіншіліктерін ескере
отырып, оны жаңа сапалық сатыға
кӛтеру – бүгінде оқыту жұмысын осы-
лай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы
басқа ұстаздардың жаңа жағдайға бай-
ланысты оқу-тәрбие процесін шығарма-
шылықпен
пайдаланудың
негізгі
ӛлшеміне айналуда.
Дәстүрлі оқу мен оқыту жағдайын-
да оқушылар белсенділігі тӛмен бола-
тындығын білеміз, ӛйткені бірсарынды
сабақтар оқушыларды жалықтырады,
себебі жеке әрекет жасауға мүмкіндігі
болмай, бірлескен жұмыстарға рұқсат
берілмейтіндігін айтпауға болмайды.
Оқушылардың әлеуметтік қарым-қаты-
нас жасауына, пәндік проблемаларды
шешу барысында ынтымақтасуға, ойла-
суға, бірінен бірі кеңес алуына, бірлесе
жоспарлауына мүмкіндік берілмейтін-
дігін жоққа шығара алмаймыз.
Сабақтың сапалылығы белгілі
нәтижелерге
жеткізілуінде
сабақ
процесін ұйымдастырудағы әдіс-тәсіл-
дерді дұрыс пайдалана білудің маңыз-
дылығын айтпасқа болмайды. Мысалы,
монологтік
әдістерді
пайдаланған
кезеңде оқушылар рӛлі тек тыңдаумен,
ақпараттарды есте сақтаумен және
берілген тапсырмаларды бұлжытпай
орындаумен ғана шектеліп қалатыны
белгілі. Диалогтік әдістерді қолдану
барысында оқу материалдарын ақпарат-
тарды жеткізу қалпында жүргізуге бола-
ды. Проблемалық ситуация проблема-
лық сұрақтар негізінде анықталады
және фактілер мен құбылыстардың
қайшылықтары кӛрсетіледі, негіздеме-
сін шығарудағы болжамдар анықтала-
ды. Эвристикалық әдістер ақпарат
түрінде жай ғана жеткізу емес, мате-
риалдарды
бірнеше
проблемаларға
бӛліп, ізденіс әрекеттерінің іске қосы-
луымен ерекшеленеді. Проблемалық
сұрақтардың
жауаптарын
болжау,
жобалау мүмкіндіктерін дамытуымен
кӛрініс алады. Нәтижесінде пікірталас-
тардың жүруімен, танымдық белсенді-
ліктің арттырылуымен де кӛрінеді.
Әсіресе, осы жағдайлар оқу үдерісін
метатанымдық және құзыреттілік қаты-
настарға кӛшіруде жақсы кӛрініс
тапқан.
Бағдарламаның жеті модулінің
әрқайсысының оқу мен оқыту үдері-
сінде атқаратын ӛзіндік орындары мен
қызметтері бар. Оқу мен оқытудағы
жаңа тәсілдер арқылы оқушылар сабақ
үстінде оқиғалардың кезеңдері, орын
алуға себеп-салдарлары жайлы ой
бӛлісуге, негізгі идеясын анықтауға,
әлеуметтік диалогтік қарым-қатынас
жасауға үйренсе, сыни тұрғысынан
ойлау сұрақтары негізінде кез келген
мәселені сыңаржақты қарамауға, ұтқыр
жауапты
табуға
ұмтылу,
жүйелі
тәртіппен ойлау, баяндау машықтары
дамиды. Тарих пәнін оқытуда семан-
тикалық кесте толтыру әдісі ақпарат-
тарды талдау мен жинақтау машықта-
рын дамытуға кӛмектеседі. Бағдарлама
стратегиялары
және
ізгілендіруді
кӛздейтін оқытудың жаңа қадамдарын
енгізе отырып, пәнді оқытудың сапасын
жетілдіруге бағыт бере алады.
«Сарқылмайтын, терең бойлаған
сайын еселеп арта беретін бір байлық
бар, ол – білім, ал білім негізі – мектеп-
те», - деп Елбасымыз Н.Назарбаев
айтқандай, ел ертеңі үшін қазіргі
кезеңде жас ұрпаққа білім берудің ең
асыл жолдарын таңдап, әр баланың
болашағының
жарқын,
келешегінің
кемел болуына негіз болу бүгінгі
мектептен басталады. Әлем дамуы білім
саласының дамуына тәуелді екендігін
бүкіл әлем бір ғасыр бұрын мойын-
даған. Сондықтан да барша ұстаздар
мен әріптестеріме білім беру қызметін
жоғары деңгейлерге кӛтеруде ынтымақ-
тастық пен нәтижелі шығармашылық
әрекеттестік тілеймін. «Ӛрлеу» БАҰО»
АҚ филиалы ҚОБ ПҚ біліктілігін
арттыру институты ұжымы курстар,
конференция,
семинар,
коучингтер
секілді игі бастамаларға жетелеп, барша
педагогтардың кәсіби құзырлылығын
дамытуға қолдау жасауда.
Достарыңызбен бөлісу: |