32.Жазу жүйелерінің ішіндегі ең қолайлы жазу түріне мысал келтіріңіз.Дәлелдеңіз. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу.Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз.Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін,әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады.Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді.Әріп жазуы — сөздерді ғана емес, сонымен бірге олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.
33.Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиі.Блум таксономиясы бойынша талдап шығыңыз. Бағалау Әліпбиді реформалаудың жобалары 1990-шы ж басында жазу реформасының бірнеше түрлері ұсынылды:Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде жоқәріптерді қазақ әліпбиінен аластау,қазақ емле ережелерінен қатар қолданудан бас тартып,тек морфо-фонемалық ережені ғана ұстану. «W» Дыбысы үшін У әріпін енгізу,байырғы қазақ сөздерінде және қазақ тілінің дыбыстық ережелерімен айтылатын араб-парсы сөздеріндегі У әріпін ҮУ,ЫҰ,ІУ түрінде жазу.И әріпінің орнына ІЫ,ЫИ қолдану.
Жинақтау Алғашқы өазаө крилл әліпбиін 19-шы ғ-да Ы.Алтынсарин жасап шығарған.Кирилл әліпбиінің негізінде православ миссионері діни әдебиет және «орыс түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды.Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды.«Миссионерлік әліпби» 1917 ж дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келеді.
Талдау Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп,ұлттық әліпби деңгейіне жеткен.Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келгені мәлім.1929-40 ж латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп,1940 ж бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Қолдану 1912 ж А.Байтұрсынұлы араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады.Қазпқ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап,ұлттық өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңба енгізді.Еміле 1913 ж бастап,мұсылман медреселерінде қолданылды.20 ғ басы мен 1929 ж дейін баспасөз хабарлады,түрлі хат-хабарлар мен құжаттар,анкеталар,өмірбаяндар осы үлгіде жасалды.
Түсіну 10 ғ бастап,1929 д дейін 1000 жуық уақыт қазақ даласында қолданылған жазу үлгісі осы әліпби негізінде болған.14 ғ бастап «Шағатай» жазу үлгісі қалыптасты.20 ғасырдың басында араб әріптерін пайдалану арқылы оқып-жазатын жаңаша жазу үлгісі мен мектептер пайда болды.Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі халық ағартушыларының бірі,қоғам қайраткері И.Гаспринский болды.