1. Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Жазудың түрлері.Сызбаға түсіріп,мысалдармен дәлелдеңіз



бет17/29
Дата14.05.2023
өлшемі0,96 Mb.
#93095
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
31.Жазудың түрлері.Сызбаға түсіріп,мысалдармен дәлелдеңіз.






Пиктография

Идеография

Буын жазуы

Дыбыс,әріп

Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.
Әрбір сурет өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады . Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес , оның мазмұнын бейнелейді.

Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады.. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес , олардың мағынасында.

Буын жазуында - сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді. Бұған финикия, көне семит, тибет, бирма, жапон, үнді жазулары жатады. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған;
дыбыстық жазу (әріп жазуы) – жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері – финикий, арамей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Қазақ халқының жазу тарихы көне түркі жазуынан басталған. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген.

Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба.
Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет