1. Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Руникалық жазудың пайда болуы тұжырымдарды саралап,өз көзқарасыңызды ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз



бет7/29
Дата14.05.2023
өлшемі0,96 Mb.
#93095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
Латын жауаптарымен А

11.Руникалық жазудың пайда болуы тұжырымдарды саралап,өз көзқарасыңызды ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз.
1.Менің ойымша, VI-VII ғ-да Орталық Азияның,Төменгі Еділ бойының,Солтүстік Кавказдың түркі тілдес тайпалары өз жазуларын пайдаланған.Біздің ата-бабаларымыз пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері Орхон-Енисей немесе көне түркі руна жазуы деп аталады.
2.Себебі,мен оны былай түсіндіремін:жазудың қажеттілігі әкімшілік және дипломатиялық істер барысында пайда болды.
3.Оны мен былай дәлелдей аламын:көне түркі руналық әліпбиі 1 мыңжылдық ортасында пайда болды.Ол Түркі қағанатының барлық өңіріне кең тараған жазу болды.Руналық жазудың таңбалары сүйірленіп,негізінен металл,тас,ағашқа жазылған.Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұрды.Бұл әліпбидің құрамы,таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған.
4.Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім:Көне Түркі жазуының пайда болуы туралы мынадай тұжырымдар бар:
1.Бұлар ру таңбаларына ұқсайды.
2.Көне замандағы финикия жазуының арамей тармағына ұқсас жерлері бар.
3.Көне Соғды жазуын Түркі тіліне бейімдеп өңдеу және таңбалар қосу арқылы қалыптасқан.
12.Эпиграфика мен палеографиканың ғылыми негіздерін SWOT талдау арқылы анықтаңыз.
Палеографика-гректің «ежелгі,жазамын» деген сөзінен шыққан.Жазу-сызу материалдары мен оның құралын,жазу мен өркендеу ерекшелігін зерттейді.

Күшті жақтары
Қолжазбаны дұрыс оқуға,пайда болған уақыты мен орнын,автордың аты-жөнін,оның дұрыстығын немесе жалғандығын,мәтін тарихын анықтауға көмектеседі.

Әлсіз жақтары
Кейбір ежелгі қолжазбалардың түп нұсқасы жоқ,дегенменде түсінікті тілде аудару ұзақ уақыт алады.

Мүмкіндіктері
Жеке палеографиялық белгілер мен олардың жиынтығы тек филологиялық қана емес,сонымен бірге тарихи көзқарас тұрғысынан да маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қауіп-қатері
Қол жазуына қарай қолжазбалардың кімдікі екендігін анықтай отырып,өте сақ болу керек.Құжатты басқа бір адам сақталмаған түп нұсқадан көшіруі әдбен мүмкін.Жалған құжаттарда болуы мүмкін.Сақ болу қажет.

Эпиграфика-қатты материалдарға жазылған жазуларды зерттейтін тарихи қосымша пән.

Күшті жақтары
Эпиграфикалық ескерткіштер халықтың мәдени тарихындағы қайсыбір кезең туралы маңызды мәлемет беріп отырады.
Қоғамдық ұйымдардың жазбалары антикалық қоғамның әлеуметтік құрылымы жөнінде деректер береді.

Әлсіз жақтары
Бұрын жүргізілген эпиграфикалық ғылыми есептер мен жазба мәтіндердің сапалы көшірмелері мен фотосуреттері кейінгі зерттеушілер үшін қолжетімсіз болып келеді.
Алуан түрлі мекемелер мен архивтерде және де қорларға сақтаулы,сол себепті қолжетімсіз.

Мүмкіндіктері
Жазба ескерткіштерді ғылыми зерттеу қоғамның рухани мәдениетінің тарихын,тілін терең танып,байыпты білуге жол ашады.
Тілдік,графикалық ерекшеліктерін анықтап,мәдени,әдеби,тарихи мәні мен мазмұнын көрсетеді.

Қауіп-қатері
Қазіргі қауіп-табиғи факторлар яғни күн,жел,қар мен жауын,құм көшкіні.
Мал атаулысы:Екі-үш ғасыр тұрған емкерткіштерді сүйкенген малдың салмағынан қирап түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет