11. Ақпараттық жүйенің өмірлік айналымының модельдерін атаңыз. Каскадты, итерациялық және спиральды модельдер түсінігін ашып жазыңыз және мысал келтіріңіз. Ақпараттық жүйелерді пайдаға асыру стадиясында орындалатын этаптар: Жүйе жобасын жүзеге асыру.
Ақпараттық жүйе жобасын модернизациялау
Ақпараттық жүйелердің негізгі ерекшелігі пайдалануда, яғни жүйелік талдау-> құру-> жүзеге асыру ->жүйелік талдау.
Өмірлік айналымның атақты үлгілердің ішінен келесі модельдерді бөліп көрсетуге болады.
1.Каскадты үлгі алдыңғы этап аяқталғаннан кейін келесі этапқа тізбекті түрде көшу. Каскадты үлгі үшін жеке байланыспаған есепті автоматтандыру функциясы тән. Каскадты үлгіні көлемді, күрделі жобаларға қолдану мүмкін емес.
ӨҢДЕУ
ЖОБАЛАУ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Итерация кезекті этап орындалғаннан кейін алдыңғы этапқа итерациялық қайту. Итерациялық үлгі жеке есептерді шешу кезінде алынған жобалау шешімдерінің тұйықталуын қарастырады.Төменнен жоғарыға жобалау кезінде алдыңғы талаптарды қарау мүмкіндігі азаяды, қиыншылықтар болады.
ЖОБАЛАУ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ТЕКСЕРУ
ҚОЛДАНУ
Спиральды. Ақпараттың жүйелердің прототипін сатылап кеңейтуді болжайтын прототипті үлгі. Спиральді үлгіде жоғарыдан төменге жобалау қолданылады. Алдымен функцияларды ішкі жүйелердің құрамы содан кейін жеке есептердің қойылуы анықталады. Яғни ақпараттарды жинау , беру, мәлімет қорын толықтыру сияқты жүйелік мәселелер қарастырылады. Содан кейін ғана нақты есепті шешу техникасы жүргізіледі.
12.Ақпараттар теориясының бағыттарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз. Энтропия анықтамасы және оның қасиеттерін ашып жазыңыз. Хартли және Шеннон формулаларын жазыңыз және осы формулаларын қолданудың мысалын келтіріңіз.