Қан ағысының көрсеткіштері – қан қысымы, қан ағысының жылдамдығы (көлемдік және сызықтық), қан тамырларының тонусы, яғни қан ағыына көрсететін кедергісі.
Қан қысымы. Тамырдағы қан қысымы оны жылжытумен бірге тіршілікке керекті күрделі процесстерді қамтамасыз етеді. М/ы: қоректік заттардың ішек қабырғасы арқылы қанға, қаннан денедегі клеткаларға өтуі, бүйректегі сүзілу процестері, несептің түзілуі.
Артериядағы қан қысымы жоғары, ал венадағы қан қысымы төмен. Егер қан қысымы төмендеп кетсе, артерия мен венадағы қан айырмасы азайып, қан тамыр бойымен жылжымай қалады.