1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет164/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169
Температура талдағышы
Адамның дене қызуы қалыпты жағдайда айтарлықтай тұрақты болады, сондықтан оны реттеу тетіктеріне қажет ортаның температурасы туралы ақпараттың маңызы өте зор. Терморецепторлар теріде, көздің қасаң қабығында, шырышты қабықшаларында, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі гипоталамуста, таламуста, жүлында орналасады. Олар жылу және суық қабылдағыштары болып екі түрге бөлінеді. Бет пен мойын терісінде терморецепторлар көп орналасқан. Маманданған қабылдағыштардан басқа, олардың құрамында сезгіштік нейрондардың миелинсіз дентрит үштары болуы мүмкін деген пікір бар.

Терморецепторлар арнамалы және бейарнамалы болып жіктеледі. Олардың біріншісі тек температуралық өзгерістердің өсерінен қоза- ды, ал екіншісі сонымен қатар механикалық тітіркенуге де жауап бе- реді. Терморецепторлардың көпшілігінде орнықты қабылдау аясы бо- лады, олар тұрақты ұзақ әсерге серпіністер жиілігін ұлғайтып, жауап қайтарады. Серпініс жиілігі температуралық өзгеріске сәйкес келеді. Мәселен, жылу қабылдаудың тұрақты серпініс жиілігі 20° тан 50°C арасында, ал суықтық - 10°-тан 41°С дейін байқалады. Терморецепторлардың айрықша сезімталдығы өте жоғары келеді, оларда пайда болатын серпіністердің үзақ өзгерістерін байқау үшін ортадағы температураны 0,2°С өзгерту жеткілікті болады. Кейбір жағдайларда суықтық қабылдағыштар жылу әсерінен де қозуы мүмкін (45°С жоғары). Сондықтан ыстық су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен суық түйсігі байқалуы осыны дәлелдейді. Қазіргі уақытта, терморецепторлардың белсенділігін, олармен бай- ланысты орталық құрылым және адамның сезімталдығын анықтайтын өте маңызды түрткі температуралық өзгерістер емес, оның абсолют мөлшері деп есептейді. Алайда температуралық түйсіктің алғашқы қарқыны терінің және оған әсер ететін тітіркендіргіш қызуларының айырмашылығына, оның көлемі мен қолдану жеріне тәуелді келеді. Егер қолды 27°C жылы судан алып температурасы 25°С суға салса, алғашқы кезде бұл суық су сияқты сезіледі. Осындай сезім алғашқы кезде қолды 34°Сжылы судан алып 31°С суға салғанда да байқалады. Бірақбірнеше секундтан кейін абсолют температураны дәлбағалау мүмкін болады. Дене температурасын тұрақтықалыпта сақтайтын реттеуші әсерленістер күрделірефлекстер әрекетінен тұрады. Бұл рефлекстер тері, қантамырындағы және орталық жүйке жүйесіндегіқабылдағыштардың температуралық тітірікендіругежауабын көрсетеді. Орталық жүйке жүйесіндегітерморецепторлар гипоталамуста, орталық мидың торлықұрылымында, жұлында орналасқан. Олардың жылу жәнесуықтық қабылдағыштары жүйке орталығы арқылы ағатынқанның температурасына әсерленеді. Гипоталамуста негізгіжылу реттеуші орталық орналасқан, ол жылу өндіруші жәнежылу беруші бөлімдерден тұрады. Бұлар денетемпературасын реттейтін бірнеше және күрделі үрдістердіүйлестіріп отырады. Дене температурасын реттеуге ішкісөлініс бездері қатысады, әсіресе қалқанша және бүйрекүстібездері. Олардың гормондарының түзілуін жүйке жүйесіқадағалайды. Шеткі жылу және суықтыққабылдағыштардан келетін серпіністерді жұлын-таламус жүйесі ми кыртысының арткы орталық аймағына жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет