1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет165/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169
Тактилдік талдағыш 

Теріде орналасқан көптеген қабылдағыштар сипап сезуге, яғни сыр- тқы орта тітіркендіргіштердің әсерін түйсінуге мүмкіндік береді. Олар сыртқы дүние танымда да айтарлықтай орын алады. Сондықтан көру мүмкіндігінен айырылған адамдарда ол белгілі дәрежеде жетіспейтін талдағышты алмастыра отырып, ерекше маңызға ие болады.

Терінің сезімталдық жүйесінің аумағы өте үлкен - 1,4 тен 2,1 кв. м- ге дейін болады. Теріде жанасуды, қысымды, тербелуді, жылылықты, суықты қабылдайтын, сонымен қатар ауырғанды сезетін көптеген жүйке үшы жинақталған. Құрылысы бойынша олар терінің әртүрлі қабатында орналасады және оның бетіндегі таралуы біркелкі емес. Олардың ең көбі саусақтардың терісінде, алақанда, табанда, ерін- де және жыныс мүшелерінде орналасады. 

Тактилдік қабылдағыштар негізгі үш түрге бөлінеді: 

1) қысым қабылдағыштары механикалық күшін анықтайды (Меркель тегеріштері, Руффини денешіктері); 

2) жанасу қабылдағыштары (Мейснер денешіктері) әсердің шапшаңдығын қабылдайды

3) діріл қабылдағыштары күштің тербелісін немесе үдемелі өзгерісін мәлімдейді (Пачини денешігі). 

Адамның терісіндегі (бүкіл тері бетінің 90%-де) қабылдағыштардың негізгі түрі ұсақ тамырлар бойымен жүретін бүтақталған жүйке талшықтарының жалаң үштары болады. Сонымен қатар тері түктерінің қабына оралған, тереңірек орналасқан жіңішке жүйке талшықтарының тарамдары кездеседі. Бұл жүйке ұштары түктердің, жанасуға өте сезімталдығын қамтамасыз етеді. Жанасу қабылдағыштары түрі өзгертілген беткейлік құрылымдармен жалғасқан жалаң жүйке ұштары, эпидермистің төменгі бөлімінде орналасқан сезімтал менискілер де жатады. Олар қол саусақтарының терісінде көп. 

Түксіз теріде, әсіресе және аяқ саусақтары терісінің бүртікті қабатында, алақанда, табанда, ерінде, жыныс мүшелерінде және емшек ұышнда көптеген сезімтал жанасу қабылдағыштары табылған. Бұлардың сыр- ты қабықшамен қапталған, ішкі күрылысы күрделі және пішіні конус тәрізді. Басқа қабықшамен қапталған, бірақ тереңдеу орналасқан, жүйке талшықтарының ұштары қатпарлы денешіктер деп аталады. Оларды сіңірлерде, дәнекер қабықшаларда, шажырқайда табуға болады. 

Тітіркену әсерінен тері қабылдағыштарында қозу толқыны шығады. Механикалық әсердің салдарынан оның мембранасы майысады: Осының нәтижесінен мембрананың натрий иондарына өткізгіштігі жоғарылайды да потенциал тудыратын иондық ағын пайда болады. Бұл деполяризациялық ауыспалы кезеңіне жеткеннен кейін, жүйке талшықтары арқылы ОЖЖ-не қарай тарайтын серпіністер тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет