Статикалық рефлекстер
Статикалық рефлекстер дене кеңістікте қозғалмай өз күйін ауыстырғанда байқалады. Оларға позалы- тонусты дене қалпын сақтайтын және түзету кезінде қайта орнына келетін рефлекстер жатады. Дене қалпын сақтайтын рефлекстер – жануарлардың басының бағыты дене бағытына сәйкес келмейтіндіктен пайда болады. Тартылу күші орталығының өзгеруінен дене тепе-теңдігі бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар вестибулярлы талдағыштың отолиттік аппараты, бұлшық еттер мен сіңірдің проприорецепторлары тітіркеніп, позалы- тонусты рефлексті тудырады. Басты тез арада бұру бүкіл дененің қозғалуына негіз болады. Қоянның басын оңға бұрады. Бұл кезде қоянның оң жақ алдыңғы аяғы созылып, сол жақ аяғы бүгіледі. Қоянды аяқтары жартылай бүгілген күйде, шалқасынан жатқызады. Басты бастапқы қалпына келтіреді. Қоянның басын солға бұрып, екі алдыңғы аяқтары қалай өзгеретінін бақылау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |