Төрт темпешік пен көз алмасын қозғайтын жүйке ( III - жұп ) ядролары ортаңғы мидың сырт жағында, ал ішкі жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шығыршықтық жүйке нейрондары орналасқан.
Көз алмасын қозғайтын II жұп аралас жүйкетармақтары арасың да көздің қиған еттерінен басқа еттерді жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетін сезімтал жүйке талшықтары бар. Мұнымен қатар бұл жүйкенің арасында ортанғы мида орналасқан парасимпатикалық ядроның преганглийлік талшықтары бар. Бүл жүйке серпіністерін кірпіктік түйіннен екінші нейронға жеткізеді. Бүл түйіннен басталған постганглийлік талшықтар көздің қарашыгы тарылтатын етті жныратын эфференттік жүйке, Ми жүйкелерінің IV жұбы да – аралас жүйке. Талшықтар арасында көздің жоғарғы қиғаш етін жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттің ез қабылдағышынан шыққан серпіністерді орталыққа жеткізетін сезім тал талшықтар да бар.
Төрт төмпешік алдыңғысы көру қабылдағыштарының тітіркенуі не байланысты қимылдарды жүзеге асыратын орталық. Бұл орталыққа серпіністер көру жүйкесінің бұтақтары арқылы жетеді. Төмпешік тұсында көз алмасын қозғалтатын жүйкенің ядросы орналасқан. Сондықтан көздің тор қабатынан келіп түсетін серпіністер алдыңғы төмпе шіктен шығып көз алмасын қозғайтын жүйкенің ядросына, ортаңғы мида орналасқан басқа да қимыл реттеуші ядроларға оңай жетеді. Осы байланыстардың арқасында көздің бастың , дененің жарық түскен жаққа қарай бұрылуы , көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстері пайда болады . Аталған рефлекстер кору орталығы орна ласқан ми сыңарын алып тастаса да жойылмайды . Артқы төмпешік тердін естуге қатысы бар , олардың қатысуымен әуелі есту соған карай Жән табу рефлекстері орындалады , яғни кұлақ жарғағы , бас қатты дыбыс шыккан жаққа қарай бұрылады. Бұл рефлекстер де үлкен ми жарты шарын алып тастаған жағдайда жойылмайды.
Терт төмпешікті дене кенеттен ( байқаусызда ) әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап ретінде қорғаныс рефлекстерін туғызады, сондтан олар сақтық не старт рефлекстері деп аталады. Мәселен, ыдыс тағы сүйық зат байқаусызда төгіліп кетсе , адам оның қауіп қатерін түсінбестенак тез, лезде бір жакка қарай ығысады , жалт береді.
Қызыл ядро ортaлық жүйке жүйесінің барлык болімдерімен және ми қыртысымен тығыз байланысқан. Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық.
Достарыңызбен бөлісу: |