Парасимпатикалық жүйке жүйесі — қызметі автономды түрде іс жүзіне асатын жүйке жүйесінің бөлігі. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің жүйке орталықтары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасады. Орталық жүйке орталықтарынан шыққан миелинді преганглионды жүйке талшықтары жүйке ганглийлеріндегі мультиполярлы нейроциттерде аяқталып, жүйке толқындарын жеткізеді.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлігі ортанғы ми, көпір, сопақша ми бөліктері мен жұлынның сегізкөз сегменттерінде жатады. Осы ми бөліктерінен шыққан парасимпатикалық талшықтар ми нервтерінің құрамында түйіндерге дейін жетеді. Ол түйіндерден шыққан парасимпатикалық нерв талшықтары көз-қимыл, бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген нервтер (III— VII—IX—X) құрамында жүріп отырып органдарға барады.
Ми бөліктерінен шыққан парасимпатикалық нервтер ішкі органдарды, қан қысымын, тыныс алуы, асқазан, ішек жұмыстарын, организмдегі зат алмасу процестерін реттеп тұрса, сегізкөз сегменттерінен шығатын парасимпатикалық талшықтар жамбас нервтерінің құрамымен жүріп отырып, жамбас ішіндегі органдарды жүйкелендіреді
Достарыңызбен бөлісу: |