Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауақұрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы - өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.
o Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді.
o Өкпе капиллярына түскен венақанында оттек аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанғаараласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпеальвеоласына түседі.
o Өкпедегі газ алмасуды - сыртқы тыныс алу дейді.
o Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобинмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді.
o Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі.
o Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.
Өкпеде газ алмасуына арнайы әсер ететін себептер:
1. Өкпедегі ауаның көлемі. Бір минут ішінде өкпеге кіріп шығатын ауаның көлемі өсіп қан ағысына сәйкес келсе, өкпе мен қан арасында газ алмасуы шапшаңдайды.
2. Өкпе капиллярындағы қан мен альвеоладағыауаның ортасындағы бөгет эндотелий мен альвеола эпителиінің жүқалығы (4 мкм), қандағы газдар мен альвеоладағы ауаның өзара жанасу дәрежесі. Егер адамның екі өкпесіндегі альвеолаларды жазып жіберсе, олар 100 м2
орын алар еді. Газдардың осындай аудан арқылы альвеолалармен беттесуі нәтижесінде диффузия да жеңілдейді. Ал ауру адамда өкпенің газдармен беттесу көлемі азайып кетеді, бүл газ алмасуына кедергі жасайды.
3. Оксигемоглобиннің тін капиллярында ыдырау дәрежесі мен қанда еріген газ көлемінің өсуі - бұлар жоғары болса, тінде газ алмасу жеңілдей түседі.
4. Белгілі бір тіннің оттегіне мұқтаждығы - мембрана арқылы тек еріген газ ғана өте алады, оксигемоглобин тез ыдырап, оттегі неғүрлым көп бөлінсе, оттегі тінге соғүрлым тез өтеді дедік. Осы жағдайда тін оттегіне неғұрлым мүқтаж болса, ол оттегін соғұрлым тез сіңіреді.
34.Автономдық нерв жүйенісінің парасимпатикалық бөлімі. Парасимпатикалық нерв жүйесінің құрылысы, ерекшеліктері және оның белсенділігінде туындайтын тиімділіктер.
Жүйке жүйесі 2 бөлімнен: орталық және шеткібөлімдерден тұрады.
ОЖЖ-ны морфо және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: сомалық ж/е вегетативті деп 2-ге бөлінеді.
СЖЖ – қаңқа еттерімен байланысқан, организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжун қамтамасыз етеді.
ВЖЖ – ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасуын, өсіп-өну процестерін реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |