48.Шумақтық фильтрацияның механизмдері, біріншілік несептің құрамы.
Шумақтық сүзіліс - баяу үрдіс, ол заттарды таңдап өткізбейді, бүйрек тіндерінен энергияның көп жүмсалуын қажет етпейді, көбінесе тамырда қысым тудыратын жүректің жиырылу энергиясын пайдаланады. Қанайналымын жақсарта отырып, алғашқы несеп түзілуін күшейтуге болады. Шумақтық сүзілу нәтижесінде түзілген алғашқы несеп бүйректің түтікшелеріне барып құйылады. Мүнда ол құрамы жағынан күрделеніп, кәдімгі несеп түзілу үрдісіне - түтікшелерде қайта сіңуге ұшырайды, яғни несеп құрамындағы су мен онда еріген кейбір заттар қайта сіңеді, сіңбей қалған заттар мен түтікшелер эпи- телиіндегі синтез нәтижесінде түзілген заттар қосылып соңғы несеп құрайды.
Қайта сіңу үрдісі микропункция әдісімен зерттеледі: түтікшенің әр
бөлімдерінен несеп алынып, оның қүрамы мен сапасы денеден сыртқа шығарылатын соңғы (дефинитив) несептің құрамымен және сапасымен салыстырылады. Алғашқы (провизорлық) несеп пен соңғы (дефинитив) несептің айырмашылығы мынада:
1) Алғашқы несептің көлемі 150-180 л, соңғы несептің көлемі 1,5-
2,0 л 2,0 л, орта есеппен 1,0-1,5 л.
2) Соңғы несеп құрамында қант, амин қышқылы, альбуминдер болмайды, бірақ мочевинаның, несеп қышқылының және тағы басқа белок алмасуы барысында пайда болған заттардың мөлшері бірнеше есе көп, кейбір түздар (хлорид, сульфат, фосфат), концентрациясы да басым.
3) Соңғы несеп күрамында, қанда және алғашқы несепте жоқ кейбір заттар, атап айтқанда гиппур қышқылы, аммоний түздары бар. Фар- камологиялық заттар - пенициллин, диодраст, ПАГ (пара-амингип- пур қышқылы) алғашқы несепте де болмайды. Түтікшелерде несеп түзілуі барысында алғашкы несептен су, кейбір заттар қайта сіңеді (оның ішінде аса көп сіңетін су). 150-180 л алғашқы несептегі судың орнына 1,5 литрге таяуы (1%) сыртқа шығады, ал 99%-ы қайта сіңеді.
Шумлянский-Боумен капсуласынан алынған алғашқы немесе про- визорлық несеп, құрамы жағынан ультра сүзінді, қан плазмасымен бірдей, оның құрамында қан жасушалары және үлкен молекулалы белоктар болмайды, аздаған альбуминдер, басқа заттардаң қант, амин қышқылдары, түздар болады, олардыц концентрациясы қан плазма- сындағыдай.
Алғашқы несептің көлемі өте көп - тәулігіне 150-180 л. Оның көп болу себептері: Мальпиги шумақтарындағы капиллярда қан қысымы басқа мүшелердегі капиллярлармен салыстырғанда өте жоғары с.б.б. 70-90 мм. себебі бүйрек артериясы іш қолқасынан тарамданады және қанды алып кетуші артерияның диаметрі, қанды алып келуші артерия тамырынан анағүрлым тар. Оның үстіне шумақтық сүзілу деңгейі қан тамырындағы суды өткізбейтін және сүзілуге кедергі жасайтын қан плазмасының онкостық қысымына да байланысты. Ол қандағы судың мөлшерін үстап тұрады. Қанның онкостық қысым мөлшері с.б.б. 25- 30 мм, ол жоғарлаған сайын түзілген алғашқы несеп көлемі азая түседі. Бүйректегі қанайналымын тікелей анықтау нәтижесінде бүйрек арқылы тәулігіне 1400-1500 л қан ағатыны және шумақтағы тамырлар қысымның өте жоғары болуы әсерінен сонша қанның тек оннан бір бөлігі ғана сүзілетіні дәлелденді. Шумақтағы капиллярлар қабырғасының сүзілу ауданы 1,5-2 м2.
Шумақтағы сүзілу деңгейі капсуладағы, түтікшелер мен бүйрек түбегіндегі несептің гидростатикалық қысымына (бүйрек ішіндегі қысымға) да байланысты. Ол қалыпты жағдайда с.б.б. 10-20 мм. Бүйректе тас байланса ішіндегі қысым бұдан әлдеқайда жоғары болады. Қысым артқан сайын алғашқы несеп көлемі азая түседі. Демек, ол несеп сүзілуіне кедергі жасайды. Сонымен, шумақтық сүзілуді қамтамасыз ететін қысым, яғни сүзілу нәтижесі (СН) қан қысымына (ҚҚ), онкостық қысымға (ОК) және бүйрек ішіндегі қысымға (БҚ) байланысты. Оның соңғы екеуі (ОҚ және БҚ) бүйректе сүзілу дәрежесін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |