1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Өзекшелердегі реабсорбция және оның реттелу механизмдері. Өзектегі секреторлыпроцестер



бет87/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

51.Өзекшелердегі реабсорбция және оның реттелу механизмдері. Өзектегі секреторлыпроцестер.

Түтікшелерден қайта сіңу көбінесе осмостық градиент күшіне қайшы келетін негізінен белсенді үрдіс . Ол түтікшелерден жасушааралық сұйықтыққа және қанға қысыммен тасылатын көптеген ферменттік жүйелердің қатысуымен іске асады . Оған жұмсалатын энергия да ұшан теңіз . Сол себептен бүйрек өз қызметіне қажет оттегін көптеп сіңіреді, бүйректегі қан айналымы да басқа мүшелерден анағұрлым жоғары . Цианидпен уланған және тоңазытылған бүйректе қайта сіңу нашарлайды да осыған орай соңғы несеп көлемі көбейеді . Кейбір заттардың градиент концентрациясына қарамастан түтікшелерде мүдірместен қайта сіңуі олардың белсенді тасымалданатынын дәлелдейді . Алғашқы несеп құрамындагы кейбір заттардың таңдамалы түрде қайта сіңуі де түтікшелердегі реабсорбцияның белсенді үрдіс екенін көрсетеді . Бірқатар заттар яғни, инсулин , сульфаттарбүйректе мүлде қайта сіңбейді , олар тіпті түтікше эпителиінде қосымша мөлшер де сыртқа шығады . Ал кейбір заттар , мәселен мочевинааз мөлшерде ғана қайта сіңеді , сондықтан концентрациясы түтікшелерде су қайта сіңген сайын біртіндеп жоғарлайды .

 

Қайтадан сіңетін глюкозаның , NaCI , басқа да тұздардың сіңу дәрежесі олардың қандағы концентрациясына байланысты . Мәселен , глюкоза концентрациясы қанда 150-180 мг / л  болса , ол алғашқы несеп түтікшелерден өткенде қайтадан толық сіңеді , ал одан жоғары болса , айтарлықтай сіңбей соңғы несепке қосылады . Осыған орай белгілі бір заттардың түтікшелерде таңдаулы түрде қайта сіңуіне байланысты сол заттардың сыртқа шығарылуының ең төменгі табалдырығы туралы ұғым туады . Заттардың сыртқа шығарылуының ең төменгі табалдырығы деп- түтікшелерде толық сіңбей , соңғы несепке қосылатын заттың қандағы концентрациясынайтады . Қайтадан сіңетін заттар арасында төменгі табалдырығы жоқ заттар да бар . Олар , атап айтқанда , инулин , креатинин . Олардың қандағы концентрациясы өте жоғары болса да , түгелдей сыртқа шығарылады . 



 

Сонымен , бүйрек түтікшелерінде өтетін таңдамалы қайта сіңіру үрдісі - белсенді үрдіс .Түтікшелерде тек су ғана әдеттегі тәртіппен сіңе береді , яғни осмостық градиент күшіне қарай сіңеді . Сондықтан да су “ электролиттердің құлы " деп аталады , оның сіңуі электролиттерге тәуелді .

 

Қайта сіңу үрдісі бүйрек түтікшелерінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты . Жоғарғы иірім түтікшелер қабырғасы көмкерілген цилиндр тәрізді эпителийден тұрады .Түтікшенің сіңіру қабілеті өте жоғары . Генле ілмешегі төменгі дистальды түтікшелер мен несеп жинаушы түтіктер бір - біріне параллель орналасқан . Бұлар бүйректің ішкі қабатына тереңдеп ми қабатының емізікше бөліміне дейін енеді . 



 

Көмкерілген цилиндр тәрізді эпителийдің сіңіру қабілетін білу үшін қаздың несеп жолына , яғни бүйректің шыға берісіне фистула қойылады . Мұндай қаздан тәулігіне 2 л несеп жинап алынды . Ал қаз әдетте 0,1 мл несеп шығарады . Демек , қаздың несеп жолы өте қысқа болса да , сіңіру қабілеті өте жоғары . Жоғарғы иірім түтікшелерінде қайта сіңу қарқыны өте күшті . Нефронның бұл бөлігінде шумақта сүзіндінің 85 % -і  қайта сіңеді , яғни бір тәулік ішінде түзілген 150-180 л алғашқы несептің 125-145 литрі қайта сіңеді , ал 15 % -і одан әрі жылжиды .

 

Na иондары түтікше сұйығына эпителий арқылы тасылады . Бұл үрдіске сукцинатдегидрогеназа ерекше ферменті қатысады . Зерттеу нәтижесіне қарағанда , нефронның бөлігінде қайта сіңу  салыстырмалы тұрақты келеді . Ол гомеостазға байланысты емес . Сондықтан жоғарғы реабсорбция облигаттық реабсорбция деп те аталады . Яғни барлық жағдайда жасалған ультра сүзіндінің 7/8 бөлігі нефронның осы бөлімінде қайта сіңеді .



 

Нефронның төменгі бөліміндегі жоғары және төмен жүретін тура түтікшелерде жәнеГенле ілмешегінде , иірім түтікшелерінің төменгі бөлімінде , несеп жинайтын түтіктерде реабсорбция тұрақсыз, деңгейі өзгеріп отырады , оның мөлшері су мен тұздар алмасуына байланысты . Сондықтан бұл бөлімдегі реабсорбция қажетті реабсорбция деп аталады . Судың бұл реабсорбциясы денеде су көбейгенде төмендейді де , несеп сұйылады , оның көлемі де көбейеді , ал денеде дегидратация үрдісі басталса , керісінше несеп  қоюланады , оның көлемі азаяды , яғни бүйректің несепті концентрациялау қабілеті айқын белгіленген .

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет