53.Бүйрекүсті безінің қыртысты затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.
Бүйрек үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі онында биологиялық белсенді гормондық қасиет бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді :
1) глюкокортикостероидтар (ГКС);
2) минералокортикостероидтар (МКС);
3)Андрокортикостероидтар (АКС);
Глюкикортикостероидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизон ( өте белсенді гормон), гидрокортизон және кортикостерон ( белсенділігі төмендеу ) жатады. Кортизон молекуласының С17 бөлігінде окситобы болғандықтан оларды 17-оксикортикостероидтар деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |