1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Сілекейдің шығуы және оның реттелуі



бет129/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

Сілекейдің шығуы және оның реттелуі 

Сілекей мөлшері мен құрамы жеген тамақтың физикалық қасиеттеріне байланысты . Кептіріліп , ұнтақтаған ет , кeпкен нан, талқан жеген кезде сілекей көп болып бөлінеді . Сүт ішкен сәтте шұбырған сілекей шығады . Тамақтың қасиеті жоқ кейбір заттар , мәселен , құм , қышқылды зат ауызға түссе де сілекей шұбырады . Мұның мәні сілекей ауыз ішіндегі сол заттарды жуып - шайып жібереді , қышқылды сұйылтады.



Сілекейдің бөліну ( шығу ) тәртібі . Сілекей , негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады . Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді .

Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір түрін көрген , оның нісін сезген кездерде , дәмді тағам еске түскен сәтте , яғни тағамның тікелей ќатысынсыз , ас ауызға түспей тұрып бөлінеді . Шартты рефлекс кезінде ауыз рецепторлары тітіркенбейді, бірак көз , дыбыс , иіс рецепторлары мен еске алу нейрондары қозады . Рецепторлардан шыккан сигналдар ми қыртыстарына жетеді , одан әрі сопақша мидағы сілекей бөлдiрушi орталыққа барып , оны коздырады . Осы орталықтан кері қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер , яғни сел шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да , ауыздан сілекей бөлінеді. Сілекей шығарудың осы механизмі іске асу үшін, шартсыз рефлекс, айталық ,тамак ішу, тамақтың иісін сезу т.б. бірнеше рет қайталанып шартты рефлекске айналуы керек.

Шартсыз рефлекс тағам ауызға түскен сәттен басталады . Ауыздағы ac көптеген рецепторларды тітіркендіріп , бет , тіл жұтқыншақ , үшкіл кезеген жүйкелердің жұлын - миға қарай тебетін ( афференттік ) , талшықтары мидағы сілекей орталығын қоздырады да эфференттік талшықтары арқылы сілекей бездерінің сілекей шығару қабілетін күшейтеді .

Сілекей шығаруға орталық жүйке жүйесінің басқа да бөлімдері — ми қыртысы , гипоталамус , лимбиялық қыртыс қатысады . Сілекейдің бөліну бөлінбеуі көптеген жағдайда көңіл күйге ( эмоцияға ) байланысты болатыны осыдан . 

Сілекей бездері қызметінін рефлекстік жолмен реттелуі гомеостазга тығыз байланысты . Адам денесінде су азайса сілекей де аз шығады. Бұл да ,сілекей бездері қызметін реттеуге мидағы басқа орталықтардың қатысын көрсетеді .

Сілекей без клеткаларында түзіледі . Оның сұйық бөлімі қан плазмасынан алынады , ал құрамындағы әсіресе органикалык заттар без клеткаларының активті қызметінің нәтижесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет