Тақырыбы: Жергілікті мемлекеттік басқару Орындаған: Омирбаева Арайлым Тобы: Тарих-202топ Тексерген: Аманжол. Ж. М жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім Мемлекеттік басқару Маслихаттар Әкімдіктер Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Жергілікті мемлекеттік



бет1/2
Дата17.12.2022
өлшемі40,98 Kb.
#57812
  1   2
Байланысты:
13 апта кукык


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік универстеті

Тақырыбы: Жергілікті мемлекеттік басқару
Орындаған: Омирбаева Арайлым
Тобы: Тарих-202топ
Тексерген: Аманжол.Ж.М

Жоспары:



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Мемлекеттік басқару

  2. Маслихаттар

  3. Әкімдіктер

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Жергілікті мемлекеттік басқару — Қазақстан Республикасының “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңында (23.01.2001) және басқа да заң актілерінде белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатын жүзеге асыратын және сол аймақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі. Жергілікті атқарушы органның құрамына (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган кіреді. Жергілікті өкілді органға (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғындары сайлайтын, халық еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган жатады. аңнамада жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны бекітілген және олар үшiн негiзгi талаптар мен шектеулер белгiленген. Яғни жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз қызметiнде:
1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Оларға Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады. Олардың қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы бес жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Маслихат депутаттарының саны заңмен жеке маслихаттар үшін әртүрлі белгіленген. Мысалы, облыстық мәслихатта, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн. Депутаттар санын аталған шектерде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Ал, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
Жоғарыда аталғандай маслихаттар жергілікті маңызы бар істерді шешеді және олардың жай-күйі үшін жауапты болып табылады. Оның құзыреті біршама кең болып табылады. Нақты конституциялық өкілеттіктерін қарастырсақ, оларға мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту;
2) өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу;
3) заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау;
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Маслихаттардың өкілеттіктерінің шегі осы аталғандармен бітпейді. Олардың толық көлемі “ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңда реттелген.
Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Сессия Мәслихаттың қызметiнiң негiзгi ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi және кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралады. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi.
Жоғарыда аталғандай мәслихат өз өкілеттігін өзінің органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы жүзеге асырады. Мәслихаттың органдарын екі түрге бөлеміз
Мәслихаттың ұйымдастырылуындағы ерекше жағдай – онда басқа органдардағыдай төраға болмайды. Мәслихатта мәслихат төрағасы емес, мәслихат сессиясының төрағасы қызмет етеді. Ол мәслихаттың тұрақты емес, кезеңдік түрде жұмыс істеуіне байланысты деп айтуға болады. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
Мәслихаттың әрбір кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды және ол өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады. Маслихатта тұрақты, басқа жұмыстан босатылған негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып мәслихаттың хатшысы табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
11.07.2017 жылы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заңға өзгертулер енгізіліп Мәслихаттың өкілеттігін тоқтату тәртібі өзгерді. Тиісті өзгертуге сәйкес Мәслихат өкілеттігі оның өкілеттік мерзімі аяқталғанда тоқтатылады. Мәслихаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын ҚР Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын келесі орган – жергілікті атқарушы органдар. “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңға сәйкес жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдік) – бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Конституцияға сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншiктi басқару;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады. Әкім – ол атап кеткеніміздей жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет