1-жұмыс. Ас қорытуды фистулалық әдістермен зерттеу а Шықшыт сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығару


Тақырып: Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеті. Ішектегі астың қорытылуы. Астың сіңуі. Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиеті



бет5/14
Дата26.12.2023
өлшемі2,87 Mb.
#144222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тақырып: Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеті. Ішектегі астың қорытылуы. Астың сіңуі. Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиеті.
Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері мен аннотациясы.


Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті (моторикасы)
Ас қорыту ағзаларының қимыл-әрекеті арқасында оларға барып түскен тағам бөлшектері жаншылып, сығылып ұсақталады, ас қорыту сөлдерімен араласып, ішек-қарын түтігімен ілгері қарай жылжып отырады. Ішек-қарын қозғалысын (жиырылуын) оның қабырғаларындағы бірыңғай салалы тегіс ет қамтамасыз етеді.

1а-жұмыс. Бақа тік ішегінің қимыл әрекетінің реттелуін тіркеу
Ж ұмысқа қажет заттар: ілгек, қалам, құрал саймандар, Рингер ерітіндісі, адреналин (1:1000), ацетилхолин (1:1000), пипеткалар, эфир, мақта.
Жұмысты орындау: Наркоз (эфир) берілген бақаның екі көзінің артынан жоғарғы жағын тіліп жіберіп тақтайшаға бекітеді.
Қ ұрсақ қуысын ашып, тік ішегін клоакадан бастап шажырқайдан босатады. Тік ішек пен жіңішке ішектің арасынан екі лигатураны байлап, олардың ортасынан кеседі. Тік ішектің бос ұшын ілгекке іліп, қаламға бекітіп, ішектің қимылдарын кимографқа жазып алады. Қалыпты жағдайдағы ішектің қимыл әрекетін жазып алғаннан кейін ішекке 1-2 тамшы ацетилхолин тамызады, сонда ішектің жиырылуы күшейеді. Ішектің қимылының қисық сызығын жазуды жалғастыра беріп, ішекті Рингер ерітіндісімен жуып шаяды. 1-2 тамшы адреналин құяды, нәтижесінде ішектің ширақтық (тонустық) қимылы тежеледі.
Жұмыс нәтижесін көрсету:

  1. Тәжірибе схемасын суретке салыңыз.

  2. Ішек қимылдарына ацетилхолин мен адреналин әсерін көрсетіп кимограммасының (қисық сызықтың) суретін салыңыз.

  3. Ішек моторикасына симпатикалық және парасимпатикалық жүйке медиаторларының әсері жайлы қорытынды жазыңыз.


1б-жұмыс. Үй қоянының бөлек кесіліп алынған аш ішегініңқимыл әрекетін Магнус әдісімен жазып алу
Жұмыстың мақсаты:

  1. Бөлек кесіліп алынған ішектің өзінен өзі (автоматтық ырғақпен) жиырылуын бақылау.

  2. Бөлек кесіліп алынған ішектің жиырылуын көрсететін қисық сызықты жазып алу.

  3. Арденалин мен ацетилхолиннің ішек қызметіне (моторикасына) әсерін бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет