1-жұмыс. Ас қорытуды фистулалық әдістермен зерттеу а Шықшыт сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығару



бет2/14
Дата26.12.2023
өлшемі2,87 Mb.
#144222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ас қорыту жүйесінен тәжірибелік жұмыстар 2

в) Кішкене қарынша жасау.
Қарыннан таза сөл алу үшін операция жасаудың бірнеше әдісі ұсынылған. Қарынның кішігірем бір бөлігін қиып алып одан қарынша жасайды. Қарыншаның сөл шығару шырынын зерттеу арқылы жалпы қарынның шырын шығаруы туралы мағлұмат алуға болады. Кіші қарынша жасау әдісін тұңғыш 1878 ж. Р. Гейденгайн ұсынған, ал 1894 ж. И.П. Павлов бұл әдісті жаңартып жетілдірді.

Р. Гейденгайн әдісі


Асептика және антисептика талаптарын сақтай отырып, наркозбен ұйықтатылған итке операция жасалады. Құрсақ қуысындағы қарынды шығарып алады да, оны үлкен иінінің алдыңғы және артқы беттерін тіліп үш бұрышты кішкене қиық жасайды. Қарын тілігін тігіп қалпына келтірген соң, кесіп алынған қиықтан кішкене қарынша жасайды. Қарынша қарынмен тек қан тамырлары арқылы байланысады: қиықты тілген кезде жүйке талшықтары да кесіледі.Қарыншаның сыртқы ашық ұшын терінің сыртына шығарып, тігіп тастайды. Операциядан жазылған соң, тамақтанған иттің 30-40 минут өтісімен кіші қарыншадан сөл сыртқа шыға бастайды. Бұл қарындағы гуморальдық жолмен сөл шығару кезеңіне дәл келеді.

И.П. Павлов әдісі


Иттің құрсақ қуысынан шығарып алынған қарын түбінен үлкен иінге жарыстыра отырып тіледі де, қиындыданкіші қарынша жасайды. Қарынша мен қарын арасында кесілмей қалған жер (көпір) арқылы бірімен-бірі байланысып тұрады: осы арада кезеген жүйке талшығы тарамдалады. Кесілген қарын түбін тігіп, қалпына келтіреді де, кесілген қиықты тігіп қарынша жасайды. Қарын мен кіші қарыншаның арасындағы көпіршенің кілегейлі қабығынан тығын жасайды. Кілегейліқабықтан жасалған тығын қарындағы ас пен сөл қоймалжыңын кіші қарыншаға өткізбей екі қуысты бірінен-бірін бөліп тастайды. Кіші қарыншаның қалдырған ұшын терінің сыртына шығарып тігіп қояды. Павлов әдісімен жасалған кіші қарынша қарынмен жүйке арқылы және гуморальдық жолмен байланысады, сондықтан кіші қарынша мен қарын бір мезетте сөл шығарып отырады.
г) Аш ішекке Тири-Велла әдісімен фистула қою
Ішектің шырын шығару, жиырылу, қорек сіңіру қабілеттерін зерттеу үшін Тири 1865 ж. арнайы әдіс ұсынды, ал Велла 1888 ж. оны толықтырып, операция жасау әдісін жаңартты, сондықтан да бұл әдіс Тири-Велланың аш ішекке фистула қою әдісі деп аталады. Аш ішектен ұзындығы 25-30 см кесінді бөлініп алынады. Кесіндінің екі ұшы тері сыртына шығарылады. Ішектің қайтадан бүтін болуы, химусты одан әрі жылжытуы энтеро-энтеростомоз арқылы іске асырылады. Ішек кесіндісінің қоректенуін, организммен байланысын шажырқай қан тамырлары мен жүйкелері қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет