3-жұмыс. Электрогастрография Электрогастрография дегеніміз қарын етінің қозғандапайда болатын биотокты жазып алатын әдіс. Бұл әдіспен қарынға қабылдағыш енгізбей,оның қимыл әрекетін (моторикасын) зерттеуге болады. Бұл қарынның қызметтеріне, ас қорыту қабілетіне жағымсыз әсер етпейді.
Электрогастрограф биотокты күшейтіп арнайы құралдан (жиілігі 0,02-0,1 Гц шамасында) және сиялы қаламнан тұрады. Бір каналды электрогастрограф стационарда да, үйде де пайдаланылады. Оны кәдімге тұрғын үйде 110, 127, 220 вольттік айнымалы ток торабына қосуға болады. Лента минутына 10 мм жылдамдықпен жылжиды. Электрогастрографтың жұмыс тұтқалары оның бет жағында орналасқан.
Ж ұмысты орындау.Электрогастрографпен жұмыс бастардың алдында оның нұсқау ережелерімен танысып алу керек. Жерге жалғап, ток күшін реттегеннен кейін аспапты айнымалы ток торабына қосады.Адам кереуетке жатқызылады да, оның құрсағы мен балтырын жалаңаштайды. Электрод жабыстырылатын жерлерін спирт ерітіндісімен сүртеді. Электр тогы өтетін электродты төспен кіндік арасының жоғарғы үштен бір бөлігінің үстіне, яғни асқазан тұсына қояды. Индиференттік (бейтарап) электродты оң аяқтың балтырына, ал жерге жалғанған электродты сол аяқтың балтырына қояды. Электродтар 10% NaCl ерітіндісіне малынған дәке салфеткаларының үстіне қойылады. Сонан соң оларды экрандалған сымдармен электрогастрографқа жалғайды. Күшейтудің қажетті шамасын қойып (мысалы, 0,2 мВ калибрлі сигнал қойғанда қалам 10 мм-ге жылжиды), таспа (лента) тартатын механизмді қосады да электрогастрограмманы жазып алуға кіріседі. Сау адам денесінің асқазан тұсынан тіркелген биотоктің мөлшері 250-350 мкВ болуға тиіс. Электрогастрограмма таңғы жеңіл тамақтан кейін 20 мин өткен соң жазыла бастайды.
Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктері Жаңа туған балалардың, емшектегі сәбилердің тамақтануы – лактотрофты – сүтпен тамақтану түрінде болады. Бұл кезде ас қорытудың аутолитикалық түрі де байқалады. Аутолитикалық ас қорытуда қоректік заттардың ыдырауытағамның құрамындағы ферменттер арқылы өтеді (ана сүтінің құрамындағы ферменттер).
Жаңа туған нәрестенің ауыз қуысындағы ас қорыту ерекшеліктері:
а) Ауыздың кілегейлі қабығында сілекей бездерінің шырыны аз мөлшерде болады, сілекей бездері өте кішкентай.
ә) Орталық жүйке жүйесінің реттелуініңқызметі толық жетілмеген.
б) Сілекейдің маңызы ас қорытуда әлсіз болады, себебі нәресте емшек сүтімен қоректенеді. 4-6 айдан бастап емшектегі балалардың сілекей бөлінуі күшейеді, бөлінген сілекейді жұтып үлгермейтіндіктен, сілекей ауыздан ағып тұрады – сілекейдің физиологиялық бөлінуі.
Саливацияның күшею себептері:
Үшкіл жүйкенің тітіркенуі, сүт тістерінің өсуі (физиологиялық гиперсаливация – тіс шыққанда сілекей бөлінуінің күшеюі).
Сілекей бездерінің салмағының көбеюі.
Қосымша тамақтанудың қолданылуынан.
Жаңа туған нәрестенің сілекей құрамындағы -амилаза ферментінің белсенділігі әлсіз, кейіннен белсенділігі өсіп, 2-7 жасқа жеткенде ең жоғарғы дәрежесіне жетеді. 1 жастан кейін сілекейде мальтаза ферменті пайда болады. 1,5 айда сілекей бездері лизоцим бөле бастайды, оған дейін бұл бактериоцидтік зат ана сүтімен түседі.
Жұту, ему рефлекстері ұрық дамуының 5 айында пайда болады. Бұл шартсыз рефлекстер, бала туылғанда жақсы дамыған түрде пайда болады.
Қарындағы ас қорыту:Емшектегі балалардың асқазаны көлденең орналасады. Бала тұрып, жүре бастағанан кейін вертикалды орналасады. Жаңа туғанда қарынның көлемі 30-33 мл, 3 айда – 100 мл, 1 жаста – 250 мл-ге жетеді. Қарын бездерінің саны аз келеді, сөл бөлу қызметі әлсіз. Қарын сөлінің қышқылдығы мен ферменттік белсенділігі 1 жастан бастап өседі.
Қарын сөлінің құрамы.Жаңа туған нәрестелердің қарын сөлінің қышқылдығы сүт қышқылымен қамтамасыз етіледі. Тұз қышқылының синтезі 4 айдан басталады. 1-5 жасқа жеткенде қарын сөлінің рН-ы 1-2-ге тең болады (ересек адамдардікімен бірдей). Пепсин ферментінің белсенділігі төмен, сондықтан сүттен басқа белокты тамақты беруді шектеу керек. рН-ы 6,0-6,5 қарын сөлінің құрамындағы химозин сүт белоктарын гидролиздейді, сондықтан бұл ферменттің мәні өте жоғары. Сүттің құрамындағы майды, эмульсияланған майды липаза ферменті қорытады. Астың қарында болу уақыты: емшектегі балаларда 2-3 сағат, ал сиыр сүтін қолданғанда 3-4 сағат.