1-жұмыс. Ас қорытуды фистулалық әдістермен зерттеу а Шықшыт сілекей безінің өзегін терінің сыртына шығару


сурет. Оксиспирограмма 2-жұмыс. Тиісті негізгі алмасу деңгейін Гаррисс және Бенедикт кестесі бойынша есептеу



бет9/14
Дата26.12.2023
өлшемі2,87 Mb.
#144222
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ас қорыту жүйесінен тәжірибелік жұмыстар 2

1 сурет. Оксиспирограмма


2-жұмыс. Тиісті негізгі алмасу деңгейін Гаррисс және Бенедикт кестесі бойынша есептеу

Жұмыстың мақсаты: Студенттің тиісті негізгі алмасуын анықтау.
Жұмысқа қажетті заттар: Тиісті негізгі алмасу деңгейін анықтауға арналған Гаррисс және Бенедикт кестесі
Тиісті негізгі алмасуды анықтауға арналған кестелер (4,5) екі бөлімнен тұрады. 1-ші "А" бөлімінде адам салмағы және сол салмаққа сәйкес ккал мөлшері, "Б" бөлімінде адамның бойы мен жасына сай ккал мөлшері көрсетілген. Бойы мен жас көрсеткіштері қиылысқан жерге қарап жасы мен бойына сәйкес ккал мөлшері табылады.
Жұмысты орындау:
Кесте ерлер мен әйелдер үшін жеке жасалған. Әрбір кесте А және Б бөлімдерінен тұрады.
А бөлімінен зерттелуші адамның салмағына сәйкес (ккал өлшемімен) жұмсалатын энергия мөлшері табылады. Б бөлімінен зерттелуші адамның бойы мен жасының қиылысқанжерінен оған сай ккал мөлшері табылады. Табылған сандар (А және Б бөлімдерінен) қосындысы бір тәуліктегітиісті негізгі алмасу мөлшері болып табылады (ккал).


3-жұмыс. Тағам рационын құрастыру

Жұмыстың мақсаты: Тәулікті к тағам рационын құруды үйрену.
Тиімді тамақтану – жоғарғы еңбекке қабілеттілікті және денсаулықты, даму мен өсуді, өмір сүру қажеттілігін қамтамасыз етеді. Тиімсіз тамақтану – ағза жүйелерінің қызметтік бұзылыс жағдайларына және зат алмасудың бұзылуына, әсіресе орталық жүйке мен жүрек-қан тамыр, ас қорыту жүйелерінің бұзылыстарына әкеледі. Көп жағдайда тиімсіз тамақтанудың теріс әсері бұлшық ет жүктемесінің жеткіліксіздігі және аз қозғалыстағы барлық жастағы топтағыадамдарда, балаларда, қарт адамдарда байқалады.
Адамның тағам рационын құрастыруда төмендегідей ережелерді ескеру қажет:
1. Тағам рационының құндылығы тәуліктік энергияшығынына сәйкес келу қажет. Ағзаның энергетикалық шығыны көптеген факторларға:жасы, жынысы, бойы, салмағы, қоршаған орта температурасы, тағам түрі, орындалған жұмыстың түрі мен қарқындылығына байланысты.
Денсаулық сақтау минстрлігімен бекітілген және МҒА тамақтану Институтымен құрастырылған арнайы ұсыныстарға сүйене отырып әртүрлі топтағы тұрғындардың тамақтануын ұйымдастыру.
Ересек адамның қоректік заттарға физиологиялық қажеттілігі атқарылатын жұмыстың түріне, еңбек үрдісін орындау кезіндегі психикалық жүктемесі және басқа да ерекшеліктеріне байланысты еңбек қарқындылығына негізделген. Осыған байланысты еңбекке қабілетті барлық тұрғындарды энергетикалық шығынына сәйкес 5 кәсіби топқа жіктелген.
1 кесте
Әр түрлі мамандықтарға сай келетін күнделікті энергия мөлшері



Топтар

Энергия шығыны

Кәсіби ерекшеліктері

1-топ

2200-2800

Қара жұмысқа қатысы жоқ мамандықтар: мекеме басшылары, ғылыми қызметкерлер, баспасөз қызметкерлері, инженер-техник қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер т.б.

2-топ

2300-3000

Дене еңбегімен және жеңіл еңбекпен айналысатындар: инженер-техник қызметкерлері, агрономдар, мал дәрігерлері, дүкеншілер, дәрігер мен медбикелер, санитарлар, жаттықтырушылар, т.б.

3-топ

2500-3200

Еңбегі механикаландырылған мамандықтар: станокта істейтін жұмысшылар, токарьлар, жеңіл көлік жүргізушілер, хируротар, бригадирлер.

4-топ

2900-3700

Жартылай механикаландырылған мамандықтар: ауыл шаруашылығы жұмысшылары, мұнайшылар, металлургтер, балташылар, от жағушылар, ұсталар.

5-топ

3900-4300

Қара жұмысшылар: тасушылар, шахтерлер, болат қорытушылар, ағаш кесушілер.

2. Тамақтанудың физиологиялық нормаларын, яғни белок, май, көмірсудың тәуліктік қажеттілігін ескеру қажет. Тамақтану институты тамақтанудың мынадай нормасын ұсынады (кесте 2).


3. Тиімді тамақтанудың негізі болып теңестірілген тамақтану болып табылады. Теңестірілген тамақтануда биологиялық белсенді заттар – белок, май, көмірсу, витамин және минералды заттардың және негізгі тағамдық заттардық сапалық және сандық қатынасы қарастырылады.Белок, май және көмірсудың қабылданған арақатынасы – 1:1:4.Тамақтану режимі төрт мезгілдік тамақ қабылдау болып табылады. Жалпы құндылықтан біріншілік таңертеңгілік ас - 10-15%, екіншілік таңертеңгілікас - 15-35%,түскі ас - 40-50%, кешкі ас - 15-20% құрауы қажет. Белокқа бай (ет, балық, жұмыртқа) өнімдерді таңғы және түскі ас кезінде қабылдау керек.Кешкі асқа сүт – өсімдік белоктарын қолдануға қалдырылады. Сонымен қатар тағам рационындавитаминдер, минералды тұздар, микроэлементтер және су болу қажет.

2 кесте.
Еңбек қарқындылығының әр түрлі топтары бойынша ересек еңбекке қабілетті тұрғындар үшін белок, май және көмірсудыңұсынылатын қажеттілігі.





Еңбек қарқындылығына байланысты топтар

Жас көрсеткіштері

Қоректік заттарға қажеттілігі, г

Ерлер

Әйелдер

Белоктар

Майлар

Көмірсулар

Белоктар

Майлар

Көмірсулар

1

18-29

91

103

373

78

88

324




30-39

88

99

365

75

84

310




40-59

83

93

344

72

81

297

2

18-29

90

110

398

77

93

351




30-39

87

106

412

74

90

337




40-59

82

101

412

70

86

323

3

18-29

96

117

420

81

99

371




30-39

93

114

440

78

95

358




40-59

88

108

406

75

92

344

4

18-29

102

136

518

87

116

441




30-39

99

132

504

84

112

427




40-59

95

126

483

80

106

406

5

18-29

118

128

602

-

-

-




30-39

113

135

574

-

-

-




40-59

107

143

546

-

-

-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет