Жұмыс нәтижесін көрсету:
Тәжірибе схемасының суретін салыңыз.
Тәжірибе нәтижесін жазып алыңыз.
3-жұмыс. Мастикациография
Мастикациография – шынайы түсінік беретін қлиникалық-физиологиялық әдіс, шайнау аппаратының (кесек тағамды ұстау сәтінде) қызметін зерттеуге, зерттеу нәтижелерін білуге мүмкіндік береді. Мастикациограмма арқылы жақтың (иектің) қимылын (шайнау, сөйлеу, сору, тыныс алу, жұту кездерінде) жазып алуға болады. Мастикациограмма жазып алу үшін резеңке манжета иекке бекіліледі де, резеңке түтіктермен Марей капсуласына жалғастырылады. Төменгі жақ қозғалысы кимографқа жазылып алынады. Мастикациограмманың қисық сызығы толқынға ұқсайды: әр толқын төменгі жақ қозғалысын (иектің көтерілуі, төмен түсуі, тістің тіске тиюі) сипаттайды.
Клиникада мастикациограмма арқылы тіс пен жақтың емделгенге дейінгі және емделгеннен кейінгі қызметі анықталады. Бұл әдіспен тек адам зерттеледі.
Жұмыс нәтижесін көрсету: Жұмсақ және кепкен нан шайнаған кездердегі матикациограмма кимографқа жазылып алынады.
Мастикациограф көмегімен шайнау қозғалыстарын жазып алу және бір шайнау кезеңінің мастикациограммасы (кесте)
1 – резеңке баллон (2) орналастырылған арнайы футляр; 3 – бекіту; 4- - иектің баллонға басылу дәрежесін анықтайтын градуирленген шкала; 5 – ауа өткізетін резеңке түтік; 6 – Марей капсуласы; 7 – кимограф; I – тыныштық жағдайында; II – астың ауызға түсу кезеңі; III – бағдарлаушы шайнау кезеңі; IV – нағызшайнау кезеңі; V – ас түйірінің қалыптасуы.
Балалардың аш ішегіндегі ас қорыту ерекшеліктері
Жаңа туған нәрестенің жіңішке ішегі салыстырмалы түрде ұзын келеді - баланың бойынан 6 есе асады (ересек адамда - 4,5 есе). Кілегейлі қабаты жақсы дамыған, ет қабаты нашар, жұқа келеді. Ішек сөлінің ферменттік белсенділігі төмен, белоктарды ыдырататын басты ферменттер трипсин, нуклеаза ферменттері жоқ, секретин, холецистокининнің де әсерлері өте төмен. Бала өскен сайынферменттердің қызметі жоғарылайды. Ішек қабырғасының ет қабаты мен жүйке талшықтарының нашар дамуына байланысты ішектің сөл шығару, қимыл әрекеттері тез бұзылады, сондықтан балаларда ішек қатуы жиі байқалады. Тоқ ішекте туғаннан кейін алдыңғы айларда шіру үрдістері жүрмейді, сондықтан индол, скатол, фенол сияқты улы заттар түзілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |