1-ші тәсіл
Судың түстілігін түстілік шкаласы бойынша
көзбен шолу арқылы анықтау
Құрал-жабдықтар: 100 мл шыны цилиндр.
Ерітінділер: № 1 ерітінді және № 2 ерітінді (жұмыс барысын қараңыз).
Жұмыс барысы: екі ерітінді дайындайды.
№ 1 ерітінді. Болек 0,0875 г калий дихроматын K2Cr2O7 және 2 г (II) кобальт сульфатын CoSO4 x 7H2O өлшеп ерітіп алады содан кейін оларды араластырып 1 мл концентрілген күкірт қышқылын құяды (тығыздығы 1,84 г/мл). 1 л көлеміндегі өлшеуіш колбанын белгісіне дейін дистилдеген сумен келтіреді. Бұл ерітіндінін түстілігі 5000 сәйкес келеді.
№ 2 ерітінді. 1 л көлемдегі өлшеуіш колбаға дистилденген су құйып, 1 мл концентрілген күкірт қышқылын тамызады, содан кейін белгіге дейін дистилденген сумен келтіреді.
№ 1 және № 2 ерітінділерді 3-ші кесте бойынша әр-түрлі қатынастарда араластырып түстілік шкаласын дайындайды.
3 кесте – Калий дихроматымен кобальт сульфатынан дайындалған түстілік шкаласы
Ерітінді
|
Түстілік градустары
|
0
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
40
|
50
|
60
|
70
|
80
|
90
|
100
|
№1, мл
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
8
|
10
|
12
|
14
|
16
|
18
|
20
|
№№ 2, мл
|
00
|
99
|
98
|
97
|
96
|
95
|
94
|
92
|
90
|
88
|
86
|
84
|
82
|
80
|
Көзбен шолу арқылы анықтаған кезде тіке түбі бар шыны цилиндрге 100 мл зерттелетін суды құяды, қажет болса суды фильтрлейді, ақ фонда (ақ қағаз салып) сутын үстінен қарап шкала бойынша түстермен салыстырады, зерттелетін судың түсі қандай түспен сәйкес келеді, сондай түстілікке тең болады.
Егер зерттелетін судың түстілігі 800–тан жоғары болған кезде, суды дистилденген сумен араластырады. Түстілік мөлшерін бұл жерде араластыру есесіне көбейтеді.
2-ші тәсіл
Колориметриялық титрлеу әдісі арқылы
судың түстілігін анықтау
Құрал-жабдықтар: тығындары бар екі бірдей цилиндр, бюретка.
Стандартты ерітінді: 0,0875 г калий дихроматын K2Cr2O7 және 2 г (II) кобальт сульфатын CoSO4 x 7H2O өлшеп алады, содан кейін 250 мл көлемі бар өлшеуіш колбада дистилденген суға ерітеді, оның үстіне 2 мл концентрілген күкірт қышқылын құяды (тығыздығы 1,84 г/мл) колбаны белгіге дейін дистилденген сумен келтіреді.
Алынған ерітіндінін 1 мл дистилденген сумен 100 мл келтірген кезде колориметриялық титрлеуде судың түстілігі 200 сәйкес стандарттын боялуы байқалады.
Жұмыс барысы: бір цилиндрге 100 мл зерттелетін суды құяды, ал екіншісіне – 95 мл дистилденген суды құяды. Содан кейін дистилденген суы бар цилиндрге зерттелетін сумен айырмашылығы болған жағдайда бюреткадан стандартты ерітіндіні тамшылатып құйып отырады, тығынын жауып араластырады, екі цилиндрдің түсі бірдей болғанша стандартты ерітіндіні тамызып отырады. Құйылған стандартты ерітіндінін көлемін, яғни миллилитрды 20-ға көбейтіп платина-кобальт шкаласы бойынша градус шамасымен өлшенетін судың түстілігін есептейді.
Судың түсі
Құрал-жабдықтар: 25 миллилитрлік шыны цилиндр, ақ түсті қағаз.
1-ші тәсіл
Өнеркәсіптің өндірістік ағынды суларымен су қоймалары ластанған кезде су табиғи сулардың түстілігіне сәйкес емес болу мүмкін.
«Ақиқатты» түс, тек ғана еріген заттардың болуына байланысты және «көріністі» түс, құрамында еріген заттардын да, жүзіп жүрген заттардын да болуына байланысты. Сондықтан судың түсін фильтрленген сынамасында анықтайды. Судың түсін сынама алынғаннан кейін 2-3 сағат ішінде анықталуы тиіс, себебі су ұзақ турса оның түсі микробиологиялық процесстер нәтижесінде өзгеріп отырады.
Шаруашылық-ауыз суды қамтамасыз етеін су көздерінін суының боялуы 20 см биіктігінде анықталмауы қажет, ал мәдениет-тұрмысқа арналған суларда – 10 см.
2-ші тәсіл
Астына ақ қағаз қойылған суы бар цилинрдің үстінен қарау арқылы анықтау (назар аударыңыз, қағаз сүр немесе сары түсті болмауы қажет). Құрамында темір бар су қызғылт немесе күнгірт түсті болады.
Сазды су – жасыл немесе сарғыш-жасыл түсті болады. Кейбір кезде судың түсі балдырдардың болуына байланысты болып келеді, әсіресе жасыл балдырлар.
Мөлдірлік
Судың мөлдірлігі бірнеше факторларға тәуелді болып келеді: жүзгіш бөлшектердің, саздың, құмдың, микроағзалардың санына, химиялық заттардың. Мөлдірлік бір тереңдікке түсірілген диаметрі 20 см арнайы ақ дисктің (Секка дискі) көрунуімен сипатталады. Ең мөлдір сулар Саргасс теңізінде байқалды: диск тереңдігі 66,5 м дейін көрінеді, кішкентай теңіздерде 5-15 м дейін болады. Өзен суларының мөлдірлігі 1 – 1,5 м құрайды..
Су қоймалардың мөлдірлігін Секка дискі арқылы өлшейді (оның орнына 20 х 20 см мөлшері бар, беті ақ түсті фанераны қолдануға болады, фанераға жүк пен белгілері бар жіпті байлайды – тереңдікті анықтау үшін). Дискті суға түсіреді, қандай тереңдікте көріңбейді, сол санды жазып алады, содан кейін дискті жоғары көтеріп қандай тереңдікте көріне бастайды, сол санды да жазып алады. Осы сандардың орташа мәні мөлдірлік көрсеткіші болып табылады, өлшем бірлігі метр болып есептеледі.
Құрал-жабдықтар: көлемі 100 мл, диаметрі 2,5 см шыны цилиндр, 3,5 мм биіктігі бар әріптер шрифті.
Достарыңызбен бөлісу: |