1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Вегетативтік рефлекторлық доға.100%



бет103/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   116
108 . Вегетативтік рефлекторлық доға.100%
Вегетеативтік рефлекторлық доғаның құрылысына назар салатын болсақ, оның сомалық нерв жүйесі рефлекторлық доғасынан айырмашылығы бар екенін біле аламыз. Мысалыға, вегетативті нерв жүйесінде афференттік нейрон 2 түрде орналасады. Яғни, біріншіден жұлын және бассүйектегі нервтердің сезімтал өрімдеріндегі нейрондар, бұл нейрондар ағзаларды орталық нерв жүйесімен байланысын қамтамасыз етіп отырады. Ал екіншісі меншікті эфференттік нейрондар, олар симпатикалық нерв жүйесінің түйіндерінде, сонымен қоса интрамуралді түйіндерде болады. Ендігі кезекте жалып вегетативті қарапайым рефлекторлық доғаны 3 нейронмен көрсете отырып, айтатын болсам. Вегетативтік рефлекторлық доғаның І – ші звеносы сезімтал нейрон болып есептеледі, бұл сезімтал нейронның денесі жұлын түйіндерінде ен болмаса, ми нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасуы мүмкін. Ал орталық өсінділері болса, жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядрода аяқталады. Сонымен қатар сезімтал нейронның перифериялық өсіндісіндегі сезімтал талшықтар болса, рецептор ағзалар мен тіндерден өз бастауын алып жатады. Ендігі кезекте, вегетативтік рефлекторлық доғаның ІІ- ші звеносына келер болсам, бұл жерде импульсты жұлын не болмаса, мидан жұмысшы ағзаға жеткізеді.Яғни бұл жерде қосымша нейрон немесе түйін алдылық талшықтар (rami preganglionares) вегетативтік ядродан басталады да, жұлынның алдыңғы түбіршігі арқылы шығып, ақ дәнекер құрамымен симпатикалық сабауға өтіп кетеді. Яғни, үшінші нейрондардың денелері вегетативті нерв жүйесінің перифериялық түйіндерінде жатады. Бұл жерде перифериялық түйіндері деп отқаным, симпатикалық сабау, ми нервтерінің вегетативтік түйіндері, вегетативтік өрімдер түйіндері болатын. Міне осылайша вегетативті рефлекс доғасының эффекторлы нейроны орталық нерв жүйесінен шығып, шеткң нерв жүйесінде жұмысшы ағзаға жақын түрде орналасалы. Вегетативтік түйіндерден ІІІ ші нейрон аксондары, яғни түйін артқылық ( rami postganglionares) шығадыда жұмысшы ағзаға қараай бет алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет