1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Кіші қанайналым шеңбері тамырлары, жалпы сипаттама, олардың өкпеде таралу заңдылықтары



бет17/116
Дата24.04.2023
өлшемі268,37 Kb.
#86141
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116
8. Кіші қанайналым шеңбері тамырлары, жалпы сипаттама, олардың өкпеде таралу заңдылықтары.
Уник 100
Өкпе сабауы (truncus pulmonalis) веналық қанды онжақ қарыншадан өкпеге апаратын қантамыр.Өрлемелі аортаның алдында және сол жағында орналасады.Өйткені артериялық сабаудың truncus arteriosus вентралық бөлігінен дамиды.Аорта доғасының астында ,IV-Vкеуде омыртқалар тұсында немесе сол жақ II қабыртқалық деңгейінде екі соңғы тармақтарына-оң жақ өкпе артериясы және сол жақ өкпе артериясына бөлінеді.Оңжақ және сол жақ өкпе артериялары ,ұрықтық кезенде VI желбезек артериялық доғалардан дамиды. Оң жақ және сол жақ өкпе артериялары,ұрықтық кезеңде негізі қаланған VI желбезек артериялық доғалардан дамиды. Өкпе сабауы өзіннің екіге бөлінген жеріне дейін перикард жапырақшасымен қапталған.Өкпе сабауының екіге бөлінген жерінен немесе сол жақ өкпе артерияларының аорта доғасының қысыңқы бетіне дәнекер тінді жіпше (lig.arteriosum )жалғасады.
A.pulmonalis dextra ұзындау және өрлемелі аорта мен жоғарғы қуыс венаның артқы жағымен өтіп, оңжақ өкпеге жалғасып, солжақ өкпеге артериясы төмендемелі аортаның алдымен өтіп, солжақ өкпеге барады.Өкпе қақпасынан кіргеннен кейін .A.pulmonalis dextra және .A.pulmonalis sinister бронхтардың бөліну реттеріне сәйкес –үлестік,сегменттік,субсегменттік, үлесшелік және терминалдық артерияларға бөлінеді. Өкпе веналары оң және сол vv.pulmonales dextrae et sinistrae.Әрбір өкпе қақпасынан екеуден шығып,артериялық қанды алып шығады.Әрбір жұптың ішінен өкпенің жоғарғы венасы ажыратылады. Олардың барлығы өкпе қақпасынан шыққан бетте көлденең бағытта сол жүрекшеге барады.Өкпе қақпасында өкпе артериясы,басты бронх және өкпе веналары өкпе сыртқы бөліктен өкпе ішкіге өткенде бірнеше тармақтарға бөлінеді.Бұл тармақтар топталып,өкпенің жекеленген үлестерінің түбірін құрайды.Әр үлестің қақпасы,өкпенің қақапасы сияқты ұңғыл тәрізді,сыртқы пішіні мен тереңдігі дербес өзгермелі.Оң өкпенің жоғарғы үлесінің қақпасында 2-3 артериялық тармақ,соншама веналық тармақтар және бір бронх жиі кездеседі.Ортаңғы үлесінің қақпасында 2 артериялық тармақ,бір веналық тармақ және бір бронх орналасады.Төменгі үлесінің қақпасында 2 артериялық,2веналық тармақ және ә бронх бар.Сол өкпенің жоғарғы үлесінің қақпасында өкпелік артерияның 3-4 тармағы, өкпелік веналық 2-3 тармағы, және 2 бронх бәрінен жиі кездеседі.Төменгі үлесінің қақпасында 3 артериялық тармақ,2-3 веналық, 2 бронх бар.
Артериялық анастомоздар- бір артерия тармағының басқа артерия тармақтарымен қосылуы.Жүйеаралық және жүйеішілік анастомозар болады.Жүйаралық анастомозға ірі артерия тармақтарының қосылысы жатады.Жүйеішілік анастомоз-бір ірі артерия тармақтарының бір бірімен қосылуы. Коллатералық қанайналым-магистралды қантамырдың бітеліп қалғанда,қанның жанама қантамырлармен ағуы.
Кіші қанайналым шеңбері төрт өке венасымен сол жақ жүрекшеде аяқталады.Функциясы-өкпеде внеалық қанды артериялық қанға айналдыру,яғни қанның оттегіне қанығуы және қаннан көмірқышқыл газын сыртқа шығару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет