солжақ жиектік тармағы (r.marginalis sinister) солжақ қарыншаның қабырғасында тармақталады. синус-жүрекшелік түйін тармағы (r.nodi sinatrialis) Кис-Флек түйінін васкуляризациялайды. жүрекше-қарынша түйін тармағы (r.nodi atrioventricularis)Ашофф-Товар түйінін васкуляризпуиялайды. 4. Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалар миокардысының құрылысы.100 Миокард (myocardium) -жүрек қабырғасының негізін құрайтын ортаңғы бұлшықет қабаты, жүрек бұлшықеттері қозғыштық,автоматизмдік,өткізгіштік және жиырылғыштық қасиеттерге ие, екі бөліктен: жүрекше және қарынша миокардынан тұрады. Екі бөліктіңде бұлшықет талшықтары оңжақ және солжақ жүрекше-қарынша тесіктерін қоршап орналасқан екі фиброзды сақиналардан (anuli fibrosi) басталады; ескертетін жағдай жүрекше және қарынша миокардының талшықтары бір-біріне өтпейді, жүрекшелер миокардының бұлшықет талшықтары жоғарыға қарай,ал қарыншада төмен және тік фиброзды сақинаға дейін жоғарғы бағытталып, яғни жүрекше және қарынша жеке жеке жиырыла алады. Жүрекшелер миокарды: а)Беткейлік қабат (көлденең немесе циркулярлықорналасқан талшықтардан тұрады)- екі жүрекшені де ортақ қоршап жатады,яғни екі жүрекше бір мезоілде жиырылады б)Терең қабат (ұзына бойлық талшықтардан тұрады)- әржүрекшеде жеке жеке орналасады Қарыншалар миокарды: а)Беткейлік қабат ( ұзына бойлық бағытта)-екі қарыншаға да ортақ және жүрек ұшы (apex cordis)аймағында жүрек шиыршығын (vortex cordis), түзеді де ,ішкі ұзына бойлық қабатқа жалғасып кетеді б)Ортаңғы (көлденең немесе циркулярлық)-әр қарыншада бөлек орналасады,яени қарыншалар жеке жиырыла алады в) Ішкі (ұзына бойлық)- оңжақ және солжақ қарыншаларүшін ортақ; бұл талшықтар етті трабекулалар менемізікшелік бұлшықеттер құрайды Эндокард (endocardium) -жүректің камераларын ішкі жағынан қоршап жатқан қабат. Эндокардтың қабаттары: А)эндотелий Б)субэндотелийлік қабаты(ішкі дәнекертінді қабат) В)бұлшықет-эластик қабат Г)сыртқы дәнекер тінді қабат Эндокардтың туырдылары: -қақпақшалардың жармалары мен жапқыштары -сіңірлі жіпшелер Эпикард (epicardium)- жүректің сыртқы қабатыперикардтың сірнелі қабығының вицералық жапырақшасы.