Несепағар веналары аталықбез немесе аналык без веналарына, кейін ішкі мыкын
венасына ашылады.
Несепағардың лимфа тамырлары бел және ішкі мыкын лимфа түйіндеріне кұйылады.
Несепағар нервтері бүйрек, несепағар, төменгі құрсақасты өрімдерінен басталады.
Несепағардың жоғарғы бөлігінің парасимпатикалық нервтенуі кезбе нервпен (бүйрек
өрімі аркылы), ал төменгі бөлігі жамбас астау ішкі нервтерімен жүреді.
Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.
Несепқуықтың денесі мен ұшын кіндік артерияның тармақтары жоғарғы қуык
артериялары, аа. vesicates superiores, қуықтүбі мен бүйір қабырғасын ішкі мықын
артерияның тармақтары томенгі қуық артериясы, а. vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз
етеді.
Несепқуык кабырғасынан веналық қан несепқуықтың веналықөріміне, plexus venosus
vesicae urinariae, және несепқуық веналары, vv. vesicates, арқылы ішкі мықын венасына
ағады.
Несепқуықтың лимфа тамырлары ішкі мықын лимфа түйіндеріне ашылады.
Несепқуық төменгі құрсақасты орімнен симпатикалық нервтенеді, ішкі мүшелік жамбас
нервтерінен, пп. sphlachnici pelvini, -парасимгіатикалық және сегізкөз өрімінен, п.
pudendus-сезім талшықтарын алады.
Достарыңызбен бөлісу: