1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


) Алдыңғы, артқы асықты жілік артериялары олардың тармақтары қан мен



Pdf көрінісі
бет23/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119
37) Алдыңғы, артқы асықты жілік артериялары олардың тармақтары қан мен 
қамтамасыз ету аймақтары 
 
Артқы асықты жілік артериясы ( а.тибиалис постериор ) тақым артериясының тармағы 
болып табылады. Ол сирақтың артқы бетімен төмен қарай жүріп, артынан ( m.soleus ) 
және алдыңғы жағынан m.tibialis posterior , m.flexor digitorukm longus арасында 
орналасады. Артериямен аттас веналар қосарлана жүреді, оған латериальды ( n.tibialis ) 
жанасады. Артқы асықты жілік артериясы төмен және мидиалді бағытталып , 
мидиалді толарсаққа жетеді. Артқы асықты жілік артериясының тармақтары:
1. 
Кішіжіліншіліктің айналма артериясы ( a.circumflexus fibulae ) ,негізгі сабаудың 
бастамасынан тармақталып, кішіжіліншік басының астына алға бағытталады, осы 
аймақтың бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етіп, rete articidaris genus түзуге 
катысады.
2. Кішіжіліншік артериясы ( a. peronea ) артқы асықты жілік артериясының 
бастанқы болігінен басталатын ең ірі тармагы. Ол кішіжіліншік басы деңгейінен төмен, 


артқы асықты жілік артериясынан латералді төмен бағытталып, кішіжіліншікке жақын, 
артқы асықты жілік бұлшықетінің артқы бетінде жатып, болашақта артынан т. flexor 
hallucis longusпен жабылады. Артерия латералді толарсақ тұсында өкшелік тармақтарға, 
rr. calcanei, шашырап, сирақ-асық буынына жэне өкше торына, rete calcaneum, 
бағытталады. Кішіжіліншік артериясы өз жолында бірнеше тармақтар береді.
а) 
Қоректендіретін тармақ, r. nutricius,кішіжіліншіктің қоректендіру өзегі арқылы кіріп, 
сүйекті корекгендіреді.
б) Тесіп ететін тармақ, r. perforans, латералді толарсақтан 4-5 см 
жоғары тармақталып, сүйекаралық жарғаққа тесіп өтеді, сирақтың алдыңғы бетімен төмен 
бағытталады, ол осы түста латералді алдыңғы толарсақтық артериямен {a. malleolaris 
anterior lateralis, a. tibialis anterior тармағы) анастомозданып, латералді толарсақ торын, rete 
malleolare laterale, және өкше торын, rete calcaneum, түзуге қатысады.
в) Латералді 
толарсақтық тармақтар, rr. malleolaris lateralis, - латералді толарсақ құрамына кіретін 
кішкене тармақ.
г) Дәнекер тармақ, r. communicans, толарсақ деңгейінде, асықты 
жіліктің артқы бетінде тармақталатын кішкене сабау.
3. Асықты жілікті қоректендіруші 
артерия, артқы асықты жілік артериясынан, сирақтың жоғарғы ұшынде тармақталып, 
бұлшықеттерге бірнеше ұсақ тармақтар береді және асықты жіліктің қоректендіру тесігіне 
кіреді.
4. Медиалді толарсақ тармақтары, rr таlleolares mediales, медиалді толарсақтың 
артында басталып, алға бағытталады, медиалді алдыңғы толарсақ артериясымен, a. 
malleolaris anterior medialis {a. tibialis anterior тармагы), анастомоз түзеді.
5. Өкшелік 
тармақтар, rr. calcanei, 2-4 мөлшерінде өкшенің ішкі бетіне бағытталып, латералді өкшелік 
тармақтармен, rr. calcanei laterales, анастомозданып, өкше торын, rete calcaneum, 
түзеді.
6. Медиалді окшелік артерия, a. plantaris medialis, бүккіштер ұстағышынан, 
retinaculum flexorum , астынан шығып, аяк-үшының табан бетініц медиалді жиегімен, т. 
abductor hallucis, жэне т. flexor digitorum brevis арасымен жүріп, бірінші табан сүйегіне 
бағытталады.
7. Лагералді табан артериясы, a. plantaris lateralis, диаметрі ірілеу, т. 
abductor hallucis астынан шыққан соң, аяқұшының табан бетіне өтеді, т. flexor digitorum 
brevis, т. quadratus plantae арасымен доғаланып, аяқкүшінің бүйір жиегіне бағытталады. 
Бұл тұста артерия алға қарай жүріп, 5 табан негізіне жеткен соң, оған бақайлардың 
меншікті табандық артериясын, a. digitalis plantaris propria, береді, ал өзі медиалді 
бұрылып, mm. interossei plantares ең терең кабығы мен беткей жатқан caput obliguum m. 
adductoris hallucis, m. flexor digitorum longus сіңірлерініц арасында жатады. 
Алдыңғы асықты жілік артериясы - a. tibialis anterior , тақым артериясынан тармақталып, 
алға бағытталады және сүйекаралық жарғақты проксималді бөлімде тесіп өтіп, сирақтың 
алдыңғы бетіне өтеді. Бұл жерде артерия сүйекаралық жарғақтың алдыңғы бетінде 
қосарланып жүретін екі венамен жэне терең кішіжіліншік нервней, п. peroneus profundus, 
бірге жатады. Нерв алғашында латералді, кейін артерияны кесіп, медиалді төмен 
бағытталады. Артерия сирақтың жоғарғы ұшында, т. tibialis anterior жэне т. extensor 
digitorum longus арасындагы тереңдікте, сирактық ортасынан бастап т. tibialis anterior, т. 
extensor hallucis longus арасында жатады. Артерия сирақтың дисталді бөлімінде беткей 
орналасып, асықты жіліктің алдыңғы бетіне өтеді, толарсақтар тұсында сирақ-асық буыны 
кабында жатып, retinaculum т. ехtensorum infer ius астымен сырткы бетіне шығып, 
аякұшының сыртқы артериясы, a. dorsalis pedis, атауын алады.
Алдыңғы асықты жілік 
артериясы өз жолында бірнеше катар тармақтар береді.
1. Бұлшықеттік тармактар 
сирактың алдыңғы топ бұлшықеттеріне.
2.Асықты жіліктің артқы қайырылма 


артериясы, a. recurrens tibialis posterior - алдыңғы асықты жілік артериясынан сирақтың 
артқы бетінде басталатын тұрақсыз артерия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет