1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Иық-бас веналары, олардың қалыптасуы. Бастан, мойыннан және қолдан



Pdf көрінісі
бет28/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   119
 
44. Иық-бас веналары, олардың қалыптасуы. Бастан, мойыннан және қолдан 
веналық қанның ағу жолдары. 
Иық-бас веналары, оң және сол, vv. brachiocephalicae dextra et sinistra, бастан, 
мойыннан және қолдан қанды жинайды. Әрбір иық-бас венасы, apertura thoracis superior, 
аймағында сәйкес төс-бүғана буынының артында екі венаның: ішкі мойындырық венамен, 
v. jugularis interna, және бұғанаасты веналарының, v. subclavia, бірігуінен құралады. Оң 
иық-бас венасы, v. brachiocephalica dextra, оң төс-бүғана буынының артында құрылып, I 
қабырғаның медиалді шетіне вертикалді төмен түседі де, қарама-қарсы жақтағы аттас 
венаман қосылады. 
Венаның оң беті қабырғалық өкпеқапқа жанасады. Сол иық-бас венасы, v. 
brachiocephalica sinistra, оңнан екі есе ұзын. Өзінің түзілген орнынан жоғарыдан төмен, 
солдан оңға қиғаш бағытталып, төс сабының артында тікбұрыш жасап, оң иық-бас 
венасымен қосылады. Өзінің артқы бетімен қолқа доғасы мен оның тармақтарына 
жанасады. Венаның артқы бетіне кезбе және көкет нервтері жанасады.
Иық-бас веналарына құйылады: 
1. Көкірекаралық ағзаларынан бірнеше қатар веналар: 
а) айырша веналары , vv. thymicae, 
б) көкірекаралық веналары, vv. mediastinales', 
в) жүрекқап веналары, vv. pericardiacae; 
г) өңеш веналары, vv. esophageae-,


д) бронх веналары, vv. bronchioles; 
е) кеңірдек веналары, vv. tracheales', 
ж) жүрекқап-көкет веналары, vv. pericardiacophrenicae.
2. Ең жоғарғы қабырғааралық веналар, vv. intercostales supremae, сол және оң, оң жағынан 
қанды 2-3 жоғарғы қабырғааралық кеңістіктен, ал сол жағынан - 3-4 жоғарғы 
қабырғааралық кеңістіктен жинайды. Оң ең жоғарғы қабырғааралық вена жиі тікелей оң 
иық - бас венаға немесе қосымша жартылай сыңар венаға құйылады. 
3. Төменгі қалқанша веналары, vv. thyroideae inferiores, 1-3 мөлшерінде сыңар қалқанша 
өрімі веналарынан, plexus thyroideus іmpar, басталып, кеңірдектің жоғарғы бөлігінің 
алдыңғы бетінде және қалқанша бездің төменгі бөлімінде орналасады. Бұл өрім жоғарғы 
қалқанша веналарымен, көмей, өңеш, кеңірдек веналарымен байланысады. Төменгі 
қалқанша веналары болған жағдайда сол иық-бас венасына құйылады. 
4. Мойынның терең венасы, v. cervicalis profunda жұп, m. semispinalis үстінде, атланттың 
артқы доғасы аймағында омыртқалардың сыртқы веналық өрімінен басталады. Мойынның 
терең венасы шүйде венасымен, V. occipitalis, анастомоз түзіп, мойын омыртқаларының 
көлденең өсінділерінің артымен төмен түседі. Қанды шүйде бұлшықеттерінен жинап, 
кейде иық-бас венаға, V. brachiocephalica, ал жиі омыртқа венасына, V. vertebralis, 
құйылады. 
5. Омыртқа венасы, v. vertebralis, жұп, үлкен тесіктің артқы шеті аймағында шүйде 
сүйегінен басталып, шүйде венасымен анастомоз түзеді.
Омыртқа венасы омыртқа артериясымен қосарлана жүріп, артерияның айналасында өрім 
түзеді және омыртқа жотасының веналық өрімдерінің веналары және мойынның терең 
веналары ашылады.
Омыртқа венасының төменгі шеті VI кейде VII мойын омыртқаның foramen transversarium 
арқылы шыгып, алға бағытталады, бүғанаасты артериясының алдында жатып, иық-бас 
венасының бастапқы бөліміне құйылады. Венаның сағасында қақпақтары бар. 
6. Ішкі кеуде веналары, vv. thoracicae internae, аттас артериялардың жан-жағында екі 
венадан қосарлана жүреді. Ішкі кеуде веналары іш қабырғасында жоғары құрсақүсті 
веналары атауымен басталып, аттас артериялармен косарлана жүреді. Олардың 
қақпақтары бар; қанды алдьңғы іш қабырғасының жоғарғы бөлімінен жинап, төменгі 
қүрсақүсті веналарымен, v. epigastrica inferior, анастомоз түзеді. Жоғарғы құрсақүсті 
веналары жоғары бағытталып, қабырғалық доғаның артқы бетін айналып, кеуде қуысына 
кіріп, a. thoгасіса interna-нъң бүйірінде жатып, vv. thoracicae internae атауын алады. Ішкі 
кеуде веналары, аттас артериялармен қосарлана жүріп, бұлшықет-көкет веналарын, vv. 
musculoprenicae, және 9-10 жоғарғы қабырғааралық кеңістіктен vv. intercostales anteriores 
алдыңғы шеттерін, сонымен қатар тесіп өтетін веналарды, vv. perforantes (сүт бездерінен 
веналар) қабылдайды. Vv. thoracicae internae өз жолында оңынан және солынан өзара 
анастомоз түзеді. Сол ішкі кеуде венасы сол иық-бас венасына, V. brachiocephalica sinistra, 
он ішкі кеуде венасы он иық-бас венасына немесе тікелей жоғарғы қуыс венасына 
құйылады. 


45.Сыңар және жартылайсыңар веналары, пайда болуының қайнар көздері және кеуде 
торы мен кеуде қуысы ағзаларынан веналық қанның ағу жолдары 
Сыңар және жартылай сыңар веналар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет