1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Ішкі мойындырық венаның бассүйек сыртқы



Pdf көрінісі
бет26/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

Ішкі мойындырық венаның бассүйек сыртқы құйылымдары веналык қанды 
бетсүйектерінен, бассүйектің жұмсақ тіндерінен, мойынның ағзалары мен 
бұлшықеттерінен жинайды.
1. Бет венасы, v. facialis , көздің медиалді бұрышынан бұрыштық вена, v. angularis, 
атауымен басталып, жоғарыдан төмен және алдан артқа қиғаш бағытталып, өз 
жолында a. facialis-тің артында жатады және т. zygom aticus-тың астымен жүріп, 
жақсүйектің төменгі жиегіне жетеді, ол жақсүйекті т. masseter-дің алдыңғы 
жиегінің алдынан орап, төменгі жақсүйек безінің сыртқы бетімен артқа 
бағытталады. Бұл жерде вена мойын шандыр қабығының беткей табақшасын тесіп 
өтіп, төменгі жақсүйек бұрышы деңгейінде, төменгі жақсүйек артындағы венамен 
қосылады. 
2. Төменгі жақсүйек артындағы вена, V. retromandibularis - v. temporalis superfcialis -
тің тікелей жалғасы. Ол құлақ қалқанының алдында орналасып, алғашында 
шықшыт без қалыңдығы арқылы, кейін төменгі жақсүйек тармағының артында, 
сыртқы ұйқы артерияның латералді жағымен жоғарыдан төмен жүреді. Төменгі 
жақсүйек артындағы вена төменгі жақсүйектің бүрышына жеткен соң, алға 
бұрылып, ішкі мойындырық венаға немесе бет венаға құйылады.
Мидың қатты кабығының қойнауларына жатады:
1. Жоғарғы сагиталді койнау, sinus sagittalis superior. Ол crista galli-ден басталып, үлкен ми 
орағының жоғаргы жиегімен жүріп, protuberantia occipitalis interna-да аяқталады, сол 
жерде оң көлденең қойнауға, sinus transversus dexter, құйылады, қуысы үшбұрыш 
пішіндес.
2. Төменгі сагиталді қойнау, sinus sagittalis inferior, үлкен ми орағының төменгі жиегімен 
жүріп, тік койнауға, sinus rectus, құйылады.
3. Тік қойнау, sinus rectus, үлкен ми орағының мишық шатырымен, tentorium cerebelli, 
қосылған жерінде орналасады.


4. Көлденец қойнау, sinus transversus, жүп, мишық шатырының артқы жиегі бойымен 
бассүйектің көлденең жүлгесінде жатады.
5. Шүйде қойнауы,sinus occipitalis, мишық орағы, falx cerebelli, жиегінің қалыңдығында 
ішкі шүйде қыры бойымен жүріп, ішкі шүйде бұдырынан басталып, үлкен шүйде тесігінде 
аяқталады.
6. Үңгірлі койнау, sinus cavernosus, жұп, сынатәрізді сүйекденесінің бүйір бетінде жатады. 
Оның саңылауы дұрыс емес үшбүрыш пішінді. Қойнаудың атауы дәнекертінді 
қалқалардың көп болуына байланысты, олар койнау қуысына еніп, үңгір сипатын береді.
7. Үңгіраралық қойнау, sinus intercavernosi, түрік ертоқымы мен гипофиздің айналасында 
орналасады. Көрсетілген қойнау екі үңгірлі қойнауды өзара қосады және олармен бірге 
тұйық веналық сақина түзеді.
8. Сына - төбелік қойнау, sinus sphenoparietalis, жұп, сынатәрізді сүйектің кіші қанаты 
бойында орналасып, үңгірлі қойнауға құйылады.
9. Жоғарғы тастық қойнау, sinus petrosus superior, жұп,самай сүйектің жоғарғы тастық 
жүлгесінде, үңгірлі қойнаудан сигматәрізді қойнауға дейін жатады.
10. Төменгі тастық қойнау, sinus petrosus inferior, жұп, самай сүйектің төменгі тастық 
жүлгесінде жатады. Қойнау үңгірлі қойнаудың артқы жиегінен мойындырық венаның 
жоғарғы буылтығына дейін жүреді. 
11. Негізгі өрім, plexus basilaris, сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйектің ылдиы аймағында 
орналасады. Ол тор түрінде, екі үңгірлі өрімді және екі төменгі қойнауларды біріктіреді, 
ал төменнен омыртқалардың ішкі веналық өрімімен, plexus venosus vertebralis internus, 
байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет