1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Лимфа түйіні, оның құрылысы және қызметі. Лимфа түйіндерінің жіктелуі



Pdf көрінісі
бет42/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   119
58. Лимфа түйіні, оның құрылысы және қызметі. Лимфа түйіндерінің жіктелуі.
Лимфа түйіндері 


Лимфа түйіндері 
Лимфа түйіндері 
Лимфа түйіндері, nodi lymphatici. Лимфа түйіндері лимфа тамырлары бойында 
орналасып, олармен бірге лимфа жүйесін кұрайды. Олар лимфопоэз және антиденелер 
түзуші ағзалар болып табылалы. Дененің нақты бір ағзасынан лимфа алатын 
тамырларының жолындағы бірінші лимфа түйіндері аймақтық деп есептеледі.
М.Р. Сапиннің сипаттамасы бойынша, әрбір лимфа түйіні дәнекер тінді қапшықпен 
(capsula nodi lymphatici) жабылған, одан түйіннің іш жағына қарай қапшық трабекулалары, 
trabeculae nodi lymphatici, кетеді.
Түйіннің бетінде түйін қақпасы, hilus nodii lymphatici, орналасады. Сомалық түйіндерде 
бір қақпадан, ал висцералды түйіндерде 3-4 қақпадан бар. Қақпа арқылы түйінге 
артериялар мен нервтер өтіп, веналар мен әкетуші лимфа тамырлары шығады. 
Қақпалдар аймағында қапшықтық трабекулалар қосылып, лимфа түйіні құрылысына 
бөліктік сипат береді.
Түйін қапшығы және трабекулалар мен түйін стромасы өзара байла-нысты, олардың 
шиырларындағы қан жасушалары, негізінен лимфоциттер жататын торлы дәнекер тінінен 
түзілген. 
Регикулярлы тін мен оның шиырларында жататын жасушалар түйін паренхимасын 
құрайды, оны қыртыс және ми заты ден бөледі. Қыртыс затында (капсулаға жақын) 
негізінен иммунокомистентті жасушалар (В- лимфоциттер) бар ұсақ түйіншектер немесе 
Ағза ішілік 
Ағза қақпасы 
жанындағы 
Аймақтық 
Сомалық 
Қуыстық 
Висцеральді 
Периетальді 
Беткей 
Терен 
Топаграфиялық шекарасы, меншікті шандыр 


фолликулдар (noduli s. folliculi lymphatici) орналасалы. Ми заты гуморалдық иммунитет 
жасауға қатысы бар В-лимфоциттердің жиналу аймағы табылатын жұмсақ тәждерден 
(chorda medullaris) тұрады.
Қапшық трабекула және паренхима арасында саңылаулар - лимфалық қойнаулар, sinus 
nodi lymphatici, болалы. Қойнаулар арқылы лимфа түйініне келген лимфа ағады. Лимфа 
алдымен түйін қапшығы астында жатқан жиек қойнауына, sinus marginalis, келеді, түйінге 
әкелуші лимфа тамырлары ашылады. Одан әрі қан қыртыс және ми заты қойнауларына, 
солан кейін қақпа қойнауына, sinus hilaris, одан әкетуші лимфа тамырларына келеді. 
Лимфа өз жолында түйін паренхимасынан өтумен қатар жиек қойнауы арқылы әкелуші 
лимфа тамырларынан әкетуші лимфа тамырларына қысқалау қарай жолмен ағады.
Қойнаулар қабырғалары арқылы лимфа түйіні паренхимасына бөгде заттар өтіп, 
жиналады және лимфаның әсеріне ұшырайды.
Әрбір лимфа түйіні канмен молынан жабдықталады, оған артериялар қақпа арқылы ғана 
емес, капсула арқылы да өтеді.
Лимфа түйінлерінде қан мен лимфа арасында алмасу жүретіндігі эксперимент арқылы 
дәлелденген. 
Шартты түрде лимфа түйіндерінің үш түрін ажыратады. Бірінші түрінің, қыртыс 
затының ауданы, милы зат ауданынан біршама азлығымен сипатталады. Бірінші түрдін 
лимфа түйінде рентгенконтрасты заплен тез және толық толтырылады,
Екінші түрдің лимфа түйіндері нағыз. Олардағы қыртыс заттың массасы милы зат 
массасынан көбірек, бұл түйіндер рентгендік жағынан баяу және нашар контрастылық 
береді Бүндай түйіндердің тасымал қызметі шамалы. Үшінші түрі - аралық лимфа 
түйіндері жиірек кездеседі. Оларда қыртыс және милы заттарының массалары шамалас. 
Рентгенконтрасты затпен жақсы толады. Олардың конструкциясы лимфаны өндеу және 
тасымалдау қызметін тиімді қамтамасыз етеді.
Лимфа түйіндері бүкіл өмір бойы, соның ішінде орта жастағы қарт адамдарда да өзгеріп 
отырады. Жастық шақтан (17 - 21 жас) қартан шаққа (60 - 75 жас) дейін олардың мөлшері 
1,5 - 2 есе азаяды. Адамның жасы ұлғайған сайын түйіндерде, әсіресе сомалық түйіндерде 
қапшықтар мен трабекулалар жуандап, дәнекер тін көбейіп, паренхима май тінімен 
алмасалы. Мұндай түйіндер өздерінің табиғи құрылысы мен қасиеттерін жолғалтып, 
босап қалады да, лимфа өте алмайтын күйге келеді. Қатар жатқан екі түйіннің бітісіп, 
ірілеу бір түйінге айналуынан да лимфа саны азаяды.
Жасқа қарай түйіндердің пішіндері де өзгереді. Жас кезде дөңгелек және сопақ пішінді 
түйіндер көбірек болады да, қартаң және қарт кісілерде олар созылып, ұзарады.
Сөйтіп, оларда жұмыс істейтін лимфа түйіндерінің саны атрофиялану салдарынан және 
бір-бірімен бігісіп өсуінен азаяды, соның нәтижесінде ересек жастағы адамдарда ірі лимфа 
түйіндері басым келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет