1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет43/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

(Ракышев 389-393 б) 
59.Аймақтық лимфа түйіндері, олардың орналасу ерекшеліктері.


Аяқ аймағында келесі топ лимфа түйіндерін ажыратады.
Беткей шаптық лимфа түйіндері, nodi lymphatici inguinales superficiales, 12-16 мөлшерінде 
санның жоғарғы үшінде, шап қатпарынан төмен, тері астында, санның жалпақ 
шандырында жатады. Көрсетілген түйіндердің (7-12) бөлігі hiatus saphenus аймағында, 
қалған 3-5 түйін шап жалғамасы бойында жатады.
Терең шаптық лимфа түйіндері, nodi lymphatici inguinales profundi, 3-5 мөлшерінде 
санның жалпақ шандырының астында, fossa incisiva-да, сан венасының алдыңғы бетінде 
жатады. Түйіндердің біреуі ірі, тікелей шап жалға- масының астында, сан венасынан 
медиалді, яғни lacuna vasorum-да ең медиалді орынды алады.
Тақымдық лимфа түйіндері, nodi lymphatici poplitei, 4-6 есебінде тақым шұңқырының 
тереңінде, тақым артериясы мен венасының айналасында орналасады.
Алдыңғы асықты жіліктік лимфа түйіндері, nodi lymphatici tibialis anteriores, сирақтың 
жоғарғы үшінде, сирақтың сүйекаралық жарғағының алдыңғы бетінде жатады.
Аталмыш түйіндерден басқа, кішкене лимфа түйіндері дара және топтасып аяқтың әрбір 
бөлімінде, лимфа тамырлары жолында жатады. (Атлас 245 б)
Жамбас қабырғасы мен ағзаларының лимфа түйіндері қантамырлар жанында 
орналасады.
Жамбас астауы аймағында келесі лимфа түйіндерін ажыратады.
1. Сыртқы мықын лимфа түйіндері, nodi lymphatici iliaci externi, - сыртқы мықын 
артериясы жолымен.
2. Сегізкөз лимфа түйіндері, nodi lymphatici sacrales, - орталық сегізкөз артерияның 
жолымен.
3. Ішкі мықын лимфа түйіндері, nodi lymphatici iliaci interni, - ішкі мықын артерияның 
жолымен. (169-сурет)
4. Жалпы мықын лимфа түйіндері, - жалпы мықын артерияның жолымен.
Жамбас астауының көптеген лимфа тамырлары сегізкөз және ішкі мықын лимфа 
түйіндеріне бағытталады. (Атлас 248 б) 
Кеуде қуысының түйіндері екі топқа бөлінеді: алдыңғы көкірекаралықтың лимфа мен 
түйіндері және артқы көкірекаралықтың лимфа түйіндері.
Алдыңғы көкірекаралықта келесі лимфа түйіндері орналасады.
Көкеттік лимфа түйіндері, nodi lymphatici phrenici, көкеттің VII қабырға мен 
семсертәрізді өсіндіге бекіген жерінде және төменгі қуыс венаның алдында орналасады.


Төс жанындағы лимфа түйіндері, nodi lymphatici parasternales, a. thoracica interna 
жолында орналасады. (175-сурет).
Алдыңы көкірекаралық лимфа түйіндері, nodi lymphatici mediastinales anteriores, қолқа 
доғасы мен иық-бас венасының алдыңғы бетінде жатады.
Артқы көкірекаралықта келесі түйіндер орналасады.
Қабырғааралық лимфа түйіндері, nodi lymphatici intercostales, қабырғалар басында 
орналасады. 
Артқы көкірекаралық лимфа түйіндері, nodi lymphatici mediastinales posteriores, кеуде 
түтігі (омыртқа алдыңдағы топ) мен қолқаның кеуделік бөлігі жолымен жүреді.
Көкеттік лимфа түйіндері, nodi lymphatici phrenici, қолқалық тесікке және көкет 
аяқтарына жақын, көкетте орналасады.
Кеңірдектің лимфа түйіндері, nodi lymphatici tracheales, кеңірдектің бүйір бетінде және 
алдында жатады.
Жоғарғы және төменгі кеңірдек-бронхтық лимфа түйіндері, nodi lymphatici 
tracheobronchiales superiores et inferiores, өкпе қақпағынан кеңірдектің бөлінген жеріне 
дейін (жоғарғы түйіндер) және басты бронхылардың арасында (төменгі түйіндер) 
орналасады.
Бронх-өкпелік лимфа түйіндері, nodi lymphatici bronchopulmonales, өкпе түбірлері 
аймағында, бронхылардан өкпенің көкірекаралық бетіне дейін орналасады.
Өкпелік лимфа түйіндері, nodi lymphatici pulmonales, өкпе қақпағы аймағында және 
бөліктік және сегментарлық бронхтардың тармақтарының тармақтану бұрыштарында 
орналасады. (Атлас 259 б) 
Қол аймағында келесі лимфа түйіндерін ажыратады.
Қолтықтық лимфа түйіндері, nodi lymphatici axillares, 15-20 есебінде қолтық шұңқырында 
жатады. Олар қол мен қол белдеуі аймағының регионарлық түйіндері болып есептеледі.
Қолтықтық түйіндердің бөлігі беткей майлы шелмайда, қалғандары қолтық шұңқыры 
тереңінде, қан тамырлардың айналасында орналасады. Олардың орналасуына байланысты 
келесі түрлерін ажыратады: ұштық, орталық, бүйір және кеуделік лимфа түйіндерін, nodi 
lymphatici apicales, centralis, lateralis, pectoralis.
Қолдың лимфа түйіндерін топографиясына және белгілікті аймақтардың лимфа 
тамырларымен байланысына қарай үш топқа: алдыңғы, төменгі және сыртқы боп бөледі. 
Түйіндердің алдыңғы тобы (nodi lymphatici pectorales) m. serratus anterior-дың сыртқы 
бетінде a. thoracica laterales жолында орналасып, алдыңғы іш қабырғасының жоғарғы 
бөлімінің және сүт безі мен кеуде торының алдыңғы-бүйір бөлімінің беткей 
тамырларынан лимфаны қабылдайды.


Түйіндердің төменгі тобы (nodi lymphatici centrales et subscapulares) қолтық шұңқырының 
артқы бөлімінде жатады.
Түйіндердің бұл тобы лимфаны иықтың және кеуде торының артқы бетінің лимфа 
тамырларынан қабылдайды.
Түйіндердің сыртқы тобы (nodi lymphatici laterales) қолтық шұңқырының сыртқы 
қабырғасында жатып, қолдың лимфа тамырларын қабылдайды.
Иықтық лимфа түйіндері иық артериясы жолында орналасады.
Шынтақтық лимфа түйіндері, nodi lymphatici cubitales, шынтақ шұңқырының терең 
бөлімінде, қан тамырлардың айналасында орналасады. Түйіндердің бөлігі (бір-үш) тоқпан 
жіліктің медиалді айдаршық үстінде беткей жатады.
Білектің лимфа түйіндері бір-екі есебінде білектің жоғарғы үшінде, шынтақ 
артериясының жолында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет