1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Кеуде лимфа түтігі, оның қалыптасуы, топографиясы, веналық арнаға ашылу



Pdf көрінісі
бет40/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119
 
55. Кеуде лимфа түтігі, оның қалыптасуы, топографиясы, веналық арнаға ашылу 
орны. 
Кеуде түтігі, ductus thoracicus - ең ірі және ең негізгі лимфа тамыры. Ол лимфаны 
аяқтардан, жамбас астауы, іш қуысы және кеуде қуысының сол жағында орналасқан 
ағзалардан жинайды. Кеуде түтігі іш қуысында II бел омыртқасы деңгейінде үш лимфа 
тамырының бірігуінен: сол және оң бел сабаулары, truncus lumbalis sinister et truncus 
lumbalis dexter, және сыңар ішек сабауы, truncus intestinalis, түзіледі. Сол және оң бел 
сабаулары лимфаны аяқтардан, жамбас астауы қабырғасы мен ағзаларынан, іш 
қабырғасынан, жұлын қабықтары мен жұлын-ми өзегінің бел және сегізкөз бөлімдерінен 
жинайды. Ішек сабауы лимфаны іш қуысының барлық ағзаларынан жинайды. Екі бел 
және ішек сабаулары біріккен соң, кейде кеуде түтігінің кеңейген бөлігі, кеуде түтігінің 
қойнауын, cisterna сһуlі, түзеді. Кейде бұл қойнау болмауы мүмкін, сол жағдайда үш сабау 
тікелей кеуде түтігіне ашылады. Кеуде түтігі қойнауының, cisterna сһуіі, пішіні, көлемі 
және түзілу деңгейі, сонымен қатар, үш сабаудың бірігу пішіні меншікті өзгермелі. 
Cisterma chyli омыртқа денелерінің алдыңғы бетінде, II бел омыртқасынан басталып, XI 
кеуде омыртқасына дейін, көкет аяқтарының арасында жағады. Қойнаудың төменгі бөлігі 
қолқаның артында, жоғарысы оның оң жиегінде орналасқан. Cisterna chyli жоғарыда 
біргіндеп тарылып, тікелей кеуде түтігіне, ductus thoracicus, жалғасады.
Кеуде түтігі қолқамен бірге, hiatus aorticus diarhragmaticus арқылы кеуде қуысына өтеді. 
Кеуде түтігі кеуде қуысында артқы көкірекаралықта, қолқаның оң жиегі бойында, қолқа 
мен v. azygos арасында, омыртқалар денесінің алдыңғы бетінде жатады. Бұл жерде кеуде 
түтігі алдымен қабырғалық өкпеқаппен жабылған, оң қабырғааралық артериялардың 
алдыңғы бетін қиып өтеді. Кеуде түтігі жоғары бағытталып, солға бұрылады, өңештің 
артында, ал III кеуде омыртқасы тұсынан VII мойын омыртқасы деңгейіне дейін өңештен 
сол орналасады. Кейін ксуде түтігі алға бұрылып, өкпеқаптың сол күмбезін орап, сол 
жалпы ұйқы артериясы мен сол бұғанаасты артериясының арасымен жүреді және V. 
jugularis interna sinistra мен v. Subсlavia sinistra біріккен жері - сол веналық бұрышқа 
ашылады.
Ductus thoracicus кеуде қуысында VII-VIII омыртқалар деңгейінде екі немесе бірнеше 
сабауларға айрылуы және қайта бірігуі мүмкін. Сонымен қатар, кеуде түтігінің соңғы 
бөлімі бірнеше тармақтарга айрылуы мүмкін, сол жағдайда кеуде түтігі бірнеше 
тармақтарымен веналық бұрышқа ашылады. Ductus thoracicus кеуде қуысында өзінің 
құрамына бірнеше қабырғааралық тамырларды, (кеуде торының сол жартысында 
орналасқан ағзалардан, (сол өкпеден, жүректің, өңештің, кеңірдектің сол жартысынан) 


және қалқанша безінен) бронхкөкірекаралық сабауды, truncus bronchomediastinalis, 
қабылдайды 
. Ductus thoracicus бұғанаүсті аймағында, сол веналық бүрышқа ашылған жерінде, өзінің 
құрамына тагы да екі ірі лимфа тамырларын қабылдайды: 1) сол бұғанаасты сабауын, 
truncus subclavius sinister, лимфаны сол қолдан жинайтын; 2) сол мойындырық сабауын, 
truncus jugularis sinister, бас пен мойынның сол жартысынан лимфаны жинайтын. Кеуде 
түтігінің ұзындығы - 35-45 см. Оның саңылауының диаметрі әр түрлі. Түтік жолында 
бірнеше лимфа түйіндері жатады. Түтік пен лимфаның қозғалысы бір жағынан кеуде торы 
қуысының теріс қысымынын copy қызметі нәтижесіне байланысты, екіншіден, көкет 
аяғының қысу күші мен қақпақшаларының болуына байланысты. Соңғылары кеуде 
түтігінің барлық деңгейінде орналасады. Түтіктің жогарғы бөлімінде қақпақшалар түтіктің 
сол веналық бұрышқа ашылған жерінде орналасып, лимфаның кері бағытта және 
веналардан қанның кеуде түтігіне өтуіне кедергі жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет