1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


)Кәрі жілік артериясының түзілуі және тармақтары жайында жазыңыз



бет120/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   143
66)Кәрі жілік артериясының түзілуі және тармақтары жайында жазыңыз

Кәрі жілік артериясы a.radialis иық артерия сынан шынтақ шұңқыры аймағында таралады. Кәріжілік артериясы төмен бағытталып кішкене сыртқа бүгіліп дөңгелек пронатор бұлшықеттің алдыңғы бетімен жүреді. Иықкәріжілік бұлшықеттің медиалді жиегіне жетіп осы бұлшықет пен дөңгелек пронатордың арасында кейін иықкәріжілік бұлшықет пен білезіктің кәріжіліктік бүккіші арасына sulcus radialis те жатады. Артерияның жан жағында екі кәріжілік веналары vv.radiales орналасады.Кәріжілік артериясының тармақтары аттас бұлшықеттерді және қолды бүгетін және жазатын бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етеді

Кәріжілік артериясының тармақтары:

1. Кәріжіліктің қайырылма артериясы, a. recurrens radialis кәріжілік артериясының сыртқы бетінен шынтақ шүңқыры аймағында басталып, иық және иықкәріжілік бұлшықеттерінің арасынан сыртқа багытталады. Кәріжіліктің қайырылма артериясының тармақтары көршілес жатқанбұлшықеттерге бағытталады.Шынтақтық буынды қанмен қамтамасыз етеді.

2. Бұлшықеттік тармақтар, rr. musculares, кәріжілік артериясының барлық деңгейінде тармақталып, білектің бұлшықеттеріне барады. Барлық деңгейде тармақталып, білектің бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді.

3. Білезіктің алақандық тармағы, r. сагpeus palmaris кәріжілік артериясынан шаршы пронатор бұлшықеттің төменгі жиегі деңгейінде басталып, білектің шынтақтық жиегіне бағытталады және шынтақ артериясының тармағы ramus carpeus palmaris-бен анастомоз түзіп, білезіктің алақан торын, rere carpi palmare, түзуге қатысады

4. Беткей алақандық гармақ, r. palmaris superficialis, кәріжілік артериясынан кәріжіліктің бізтәрізді өсіндісі деңгейінде басталады, яғни оның анатомиялық табакеркаға өтуіне дейін; ол төмен бағытталып, тенар бұлшықеттерінің үстімен жүріп, олардың қалыңдығына өтеді және шынтақ артериясымен анастомоз түзіп, беткей алақандық доға, arcus palmaris superficialis, түзеді. Беткей алақандық тармақ, сонымен қатар, тенар аймагының бұлшықеттері мен терісін қанмен қамтамасыз етеді

5. Білезіктің сыртқы тармағы, r. carpeus dorsalis кәріжілік артериясыныц анатомиялық табаркеркадан шыққан жерінен басталады. Қолұшы негізінің сыртқы бетімен шынтақ жиегіне бағытталып, шынтақ артериясының тармағы r. carpeus a. ulnaris-бен анастомоз түзін, білезіктің сыртқы торын, rete carpi dorsale, түзуге қатысады. Білезіктің дорсальды бетін қанмен қамтамасыз етеді.

6. Алақан сүйектің сыртқы басбармақ артериясы, a. metacarpea dorsalis prima, кәріжілік артериясынан қолұшының сыртқы бетінде, артерияның бірінші сүйекаралық сыртқы бүлшықеті қалыңдығына енген жерінен басталады. Алақан сүйектің сыртқы басбармақ артериясының тармақтары I жэне II саусақтардың бір-біріне караған сыртқы бетіне бағытталады. 1және 2 саусақтардың бір-біріне қараған бетін,яғни арасын қанмен қамтамасыз етеді.

7. Басбармақ артериясы, a. princeps pollicis, кәріжілік артериясынан немесе сүйекаралық бұлшықет қалыңдығында немесе оның алақан бетіне шыққан жерінен басталып, саусақтардың үш алақандық меншікті артерияларына, aa. digitales palmares propriae, болінеді. Соңғылары алақан бетімен I саусақтың бүйір жиектеріне жэне II саусақтың кәріжілік жағына барады.1 саусақты қанмен қамтамасыз етеді.68) Ортаңғы ми, құрлысы және қызметі .

Филогенез үрдісінде негізінен көру рецепторының әсерінен дамиды. Сондықтан көзді нервтендіруге қатысы бар және бұл жерде есту орталықтары да түзілді. Есту орталықтары көру орталығымен бірге ортаңғы ми төбесінің төрт төмпешігі түрінде үлкейіп өсті. Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Ортаңғы мида: 1.қыртысасты көру орталықтары мен көз бұлшықеттерін нервтендіретін ядролары 2.қыртысасты есту орталығы 3.ми қыртысын жұлынмен байланыстырып, ортаңғы ми арқылы транзитті өтетін барлық жоғары көтерілетін және төмен түсетін өткізгіш жолдар 4. Ортаңғы миды орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланыстыратын ақ зат будалары бар. Осыған байланысты ортаңғы мидың екі негізгі бөлігі болады: қыртысасты есту және көру орталықтары орналасатын төбесі мен негізінен өткізгіш жолдар өтетін ми аяқшалары.


  1. Дорсальды бөлік ортаңғы ми төбесі (tectum mesencephali)- екі бойлық және көлденең жүлгелер арқылы жұптаса орналасатын 4 төбешікке бөлінеді. Жоғарғы екі төбешік (colliculi superiores) қыртысасты көру орталықтары, ал екі төменгі төбешік (colliculi inferioris) қыртысасты есту орталықтары болып табылады. Төрт төмпешiктiң алдыңғы екі төбешігі көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Осы орталықтың арқасында көздiң, бастың, дененiң жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстерi пайда болады. Көру орталығында орналасқан ми сыңарын алып тастағанда да аталған рефлекстер жойылмайды.Артқы төмпешiктер естудің алғашқы рефлекторлық орталығы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қатты дыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда жойылмайды. Әрбір төбешік төбешік сабына (brachium colliculi) ауысады. Жоғарғы төбешіктің сабы, (brachium colliculi superioris) таламус жастығы (pulvinar) астымен жүріп, латеральды иінді денеге (corpus geniculatum lat.) келеді. Төменгі төбешік сабы (brachium colliculi inferioris) trigonum lemnisci- дың жоғарғы жиегі бойымен, sulcus lat. Mescencephali-ге дейін өтіп, медиальды иінді дененің, (corpus geniculatum med.) астында жоғалып кетеді.

  2. Вентральды бөлік ми аяқшаларында (pedunculi cerebri) барлық алдыңғы мидың өткізгіш жолдары өтеді.

  3. Ортаңғы ми көпіршігінің 1-ші қуысының қалдығы болып табылатын ортаңғы ми қуысы – жіңішке өзекше пішінді ми суқұбыры (aqueductus cerebri) деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет