1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Үлкен қанайналым шеңберінің веналары туралы жаз



бет87/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143
58.Үлкен қанайналым шеңберінің веналары туралы жаз

Жоғарғы қуыс вена (vena cava superior) алдыңғы көкірекаралықта, оң I қабырға шеміршегінің артында, оң және сол иық-бас веналарының (vv. brachiocephalicae dextra et sinistra) бірігуінен түзіледі. Жоғарғы қуыс вена төмен бағытталып, II қабырға тұсында жүрекқап қуысына кіреді, ал кішкене төменірек, оң III қабырға шеміршегінің төске бекіген деңгейінде оң жүрекшеге алмасады.

Жоғарғы қуыс венаның қақпақтары жоқ. Жоғарғы қуыс венаға көкірекаралық веналар (vv. Mediastinales), жүрекқаптық веналар (vv. Pericardiacae), оң бронхтың жоғарғы жиегі деңгейінде, жүрекқапқа кірген жерінде, артынан сыңар вена (v. Azygos) ашылады.



Сыңар вена (v. Azygos) омыртқа жотасының кеуде бөлімінің алдыңғы оң бүйір бетімен жоғары бағытталады, артқы оң қабырғааралық артериялардың, аа. intercostales posteriores dextrae, алдыңғы бетін қиып өтіп, өңештің оң жиегінің артында, төмендеген қолқадан және кеуде түтігінен, ductus thoracicus, оң орналасады.

Сыңар вена бірден жоғарғы қуыс венаға (vena cava superior) ашылады. Сыңар венаның жоғарғы қуыс венаға ашылар жерінде екі қақпағы бар. Сыңар венаға өңештік веналар ( vv. Esophageae); бронхтық веналар (vv. bronchioles), артқы қабырғааралық веналар (vv. intercostales posteriores) (IV-XI), жартылай сыңар вена(v. Hemiazygos) құйылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет