1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы



бет89/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   143
Қосымша жартылай сыңар вена (v. hemiazygos accessoria) артқы көкірекаралықта орналасады. Ол сол жағынан 3-4 жоғарғы артқы қабырғааралық веналардан түзіліп, омыртқа жотасының сол бүйір бетімен жоғарыдан төмен жүріп (v. Hemiazygos) немесе тікелей сыңар венаға құйылады. Қосымша жартылай сыңар вена сол иықбас венамен анастомоз түзеді.

Алдыңғы және артқы қабырғааралық веналар (vv intercostales anteriores et posteriores) оң және сол өздерінің тармақтарымен қабырғааралық артерияның тармақтарымен қосарлана жүреді.

Алдыңғы қабырғааралық веналар (vv. intercostales anteriores) 9-10 жоғары қабырғааралық кеңістіктің алдыңғы бөлімінде орналасып, әрбір жағынан сәйкес оң және сол ішкі кеуде веналарына (v. thoracica interna dextra et sinistra) құйылады. Артқы қабырғааралық веналар (vv. intercostales posteriores) ішкі және сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің арасында барлық қабырғааралық кеңістікте орналасады. Осы жерде әрбір қабырғааралық вена қабырғааралық артериямен және қабырғааралық нервпен, n. intercostales, бірге қабырғааралық қантамыр нерв будасын түзеді. XII қабырғаның төменгі жиегімен жүретін вена тамыры қабырғаасты венасы ( v. Subcostalis) атауын алады. Жоғарғы қабырғааралық кеңістіктерден қанды әкететін веналар бірлесіп, оң және сол жоғарғы қабырғааралық веналар (vv intercostales superiores dextra et sinistra) түзеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет