1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы



бет98/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143
Орналасуының ерекшеліктері

Біріншілік лимфоидтық ағзалар тимус және сүйектің қызыл кемігі өз қызметінің

маңыздылығын білдіріп, ағзаның жақсы қорғалатын орындарында орналасады.

Осылайша, тимус кеуде қуысында, төстің артында орналасса, сүйектің қызыл кемігі

сүйектің кеуекті зат торларында орналасады.



Екіншілік лимфоидтық ағзалар заттардың ағзаға енуі мен таралуы жағынан жиілігі ең көп орындарда, сонымен қатар ағза ішіндегі тіршілік ету орталарының шекараларында орналасады.

Лимфоидтық түйіндер асқорыту, тыныс алу, несеп-жыныс аппараттары қуы ағзаларының шырышты қабатында орналасып, шырышты қабаттың бұзылған эпителиі арқылы өткен, осылайша ішкі ағзалардың «Қорғаныстың екінші сызығы» болып табылатын антигендерді өлтіреді.

Жұтқыншақтық лимфоидтық сақина бадамшалардан құралып, асқорыту және тыныс алу жүйелерінің бастауларында орналасады. Бұл жерде алғашқы рет ас пен ауаның компоненттері иммунокомпетентті құрылымдармен әрекеттеседі.

Лимфалық түйіндер - лимфа ағысы жолында жатады. Мұнда лимфаның тазаруы жүреді.

Лимфа арқылы таралатын микроорганизмдер, ісік жасушалары тежеледі және өлтіріледі, сонымен қатар метаболизм өнімдері мен ағзаның меншікті жасушаларының ыдыруы жүреді. Сонымен қоса лимфалық түйіндер арқылы лимфаға лимфоциттер тасымалданады.



Көкбауыр - қанның (эритроциттер, лейкоциттер) өз қызметін атқарып болған

клеткалардың анықталуы мен бұзылуы жүреді.



Қан мен лимфаның иммундық жасушалары (лимфоциттер, плазмалық жасушалар) ағып өтетін ағзалар мен тіндерді қорғап, сонымен қатар перифериялық иммундық түзілістер арасында иммундық байланысты қамтамасыз етеді. Лимфоциттер мен антиденелер ағзаның сұйықтықтарында синтезделеді: жұлын-ми, синовий, жас, мұрын қуысы

мен тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының бөлінділері, сілекей, асқазан-

ішек жолдарының шырышы, несеп шығару және жыныс жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет