1-жүргізуші: Той пердесін ашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық 2-жүргізуші



бет3/4
Дата07.05.2023
өлшемі53 Kb.
#90839
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ана-өмірдің шуағы!

2-жүргізуші: Көрініс: «Ананың жұмбағы».
Автор: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым!
Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.
Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!
Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана – өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.
1-жүргізуші:
Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім!
Келесі орындалатын ән барлық аналардың құрметіне, қабыл алыңыздар!
Әбдіхалықова Гүлдананың орындауында «Аяулы ана» әні

Ән шырқалып тұрғанда оның тұсында балалардың аналарымен бірге түскен суреттері слайд шоу ретінде бейнеленеді.




2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қазақтың «Қазақ биі», қабыл алыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет