§6.2. Тізіп орау ақаулары
Технологиялық үрдіс параметрлерін бақылау мақсатымен жіптірдің тартылуы, орау тығыздығы, түйіндердің байлау сапасы, дыбыс беру жүйесінің және машина тежегішінің жұмыс тексеріледі. Жиі кездесетін арқаулар:
-қыстырындылар – машина тежегішінің бұзылуынан болады. Үзілген жіп шетінің жоғалуынан кейбір жіптер көрші жіптермен айқасып оралып кетуі;
- тізбе орағыш білікте жіптің жұмсақ оралуы;
- біліктің шеттеріне әлсіз бос оралған жіптер;
- жіптердің әртүрлі тартылуы;
- үзінділер және білікшелердегі қамыттар орам бетінің бір жерінде оралып қалған жіптің бірінші орамы.
Тізіп ораудан бобиналарды ауыстырғанда жіне жіптің үзілуін жойғанда тізіп орауышта қалдықтар пайда болады.
Сонымен қатар, шлихталау кезеңінде барлық білікшелерден жіптерді біркелкі түсірмеуден болады.
§6.3. Тізіп орау технологиясының даму бағыттары
Тізіп орау үрдісін жетілдіру келесі бағыттарда жүргізілуде:
1. Партиямен тізіп орау өнімділігі және сапасы жоғары болғандықтан, тізіп орау тек қана түрлі түсті матаға боялған жіпті дайындауға қолданылатын болады.
2. Партиямен тізіп орау машинасын жетілдіру мақсатымен орау жылдамдығын жоғарылату, машинаның тежегіш жүйесін күшейту; білікшедегі жіптің ұзындығын өлшеу дәлдігін көтеру; машинаның тарпасын жетілдіру шалараы қолданылады.
3. Иіршік орнатпаларды жіптерді жалған байлау жүйесін автоматтандырумен жабдықтау.
4. Жіптер саны аз желісті дайындауға тізіп ораумен шлихталауды біріктіріп орындау қолданылады. Иіршік орнатпаның сыйымдылығы 800-1000 бобинаға жетеді. Бірақ жіптің үзілуі өте төмен болуы тиіс.
§7. Желі жіптерін шлихталау және қойылатын талаптар
Шлихталау желі жіптерінің үзілгіштігін төмендетуге тоқу станоктарының өнімділігін арттыру үшін жүргізіледі.
Шлихталаудың мәні желі жіптерінің бетін желімдігіш затпен өңдеу арқылы қабыршақтау болып табылады. Шлихталанған желі жібі тоқу станогында көптеген механикалық әсерлерден тозуға төзімділігін жоғалтады. Желімдегіш затты шлихта деп атаймыз. Шлихталау үрдісіне келесі талаптар қойылады:
- жіптің бетіндегі шығып тұратын талшықтарды жабыстыру және тегістеу;
- талшықтардың жабысуын күшейту;
- үйкелуден бұзылун сақтап қалу үшін талшықтарды қабыршақпен жабу;
- жіптің физика-механикалық қасиеттерін төмендетпеуі тиіс;
- шлихтаның өзі талшықтарға жақсы жағылып, өңдеу үрдісіне матадан тез, жеңіл шайылып кетуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |