§5.3. Қайта орау үрдісінің сапасын бақылау. Ақаулар және қалдықтар
Қайта орау кезеңінде технологиялық үрдісті жүйелі түрде бақылау жүргізіледі. Бақылау мына мақсаттар үшін жүргізіледі:
- бақылау тесіктерінің өлшемі жіптің 2,5 диаметріне тең болуы үшін;
- жіптің тартылуы бірдей болуын қадағалау үшін;
- қайта орау жылдамдығын және сапасын бақылау үшін. Қайта орау кезінде кейінгі үрдістердің машиналар жұмына кері әсер туғызатын ақаулар болады. Оларға әлсіз байланған түйіндер, жіптің шетін қысқартып байлай салу, екі собықтан жіптерді бір собыққа орау, орамдардың бобинаның шетіне түсіп кетуі т.б. жатады.
Қалдықтарға жіптерді байлағанда кесілетін шеттері, собықтардағы жіптер қалдығы, бобинаға дұрыс оралмағанда жіптердің үзілген бөліктері. Әдетте орағыш машиналарда қалдықтар 0,3-0,5%, ал автоматтарда 0,5-0,7% құрайды.
§6. Жіпті тізіп орау. Үрдіс мақсаты және оған қойылатын талаптар
Тізіп орау мақсаты бірдей ұзындықпен берілген жіптер санын бір орағышқа орау. Оның мәні қажетті желі жіптер санын бір біріне қатар орналасқан түрде тізіп орағыш білік немесе тоқу тізіп орағышқа орау.
Тізіп орау үрдісіне келесі талаптар қойылады:
партиялық тәсіл;
таспалық тәсіл;
секциялық тәсіл.
Партиямен тізіп орау тәсілінде тізіп орау белгілі деп аталатын фланцалы орағышқа тоқу тізбе орауышында болатын желі жіптерінің тек бір бөлігі орындалады.
Тізіп орау бөліктерінің партиясы дайындалғаннан кейін оларды біруақытта тоқу тізбе орағышқа орайды. Нтижесінде керекті желі жіптер саны алынады. Мұндай қайта орау шлихтау машинасында орындалады. Тізбе орау білігіндегі жіптер саны 400-600-ден жоғары, ал партиядағы біліктер саны 2-16.
Мақта-мата тоқу өндірісінде бұл тәсіл өнімділігі жоғары негізгі тәсіл болып табылады.
Таспалық тәсіл бойынша тізіп орау машинасының барабанына бірінен соң бірі бірнеше таспа оралады. Одан таспаның барлық жіптері бір уақытта тоқу тізбе орағышқа қайта оралады. Таспалық тәсіл түрлі түсті желі жіптерін дайындағанда қолданылады.
Секциялық тәсіл мата өндірісінде қолданылмайды. Негізінен трикотаж фабрикаларында пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |