§7.2. Шлихтаны дайындау
Шлихтаны арнайы бөлмеден дайындайды. Оны дөңгелек немесе сопақ қалыпты бактарда, автоклавта пісіреді. Көлемі 1000 л және одан да жоғары. Бактың ішінде шлихта араластырғыш орнатылған. Пісіруге бу қолданылады.
Шлихтаның компоненттері берілген жіптің өзіне және одан тоқытылған мата түріне байланысты алдын ала анықталады. Мысалы, бөзді тоқуға қажетті 25 текс жіпті шлихталауға келесі рецепт қолданылады:
Картон крахмал 70 кг
Хлорамин 140 г
Мақта майы 250 г
Дайын шлихтаның көлемі 1000 л
Қазіргі уақытта кәсіпорындарда компоненттерді дайындау және шлихтаны пісіру толық автоматтандырылған желім пісіргіштер қолданылады. Желімдегіш материал аранйы юункерлерде сақталады.
Винттік конвейерден желімдегіш материал автоматтандырылған таразыға беріледі. Берілген салмаққа жеткенде сумен толтырылғн бакқа түседі де араластырылады.
Бағдарламаны реттегіш берілген бағдарлама бойынша уақыт пен температураны дәл ұстап шлихтаны пісіруді қамтамасыз етеді. Мұндай әдіс шлихтаның сапасын жақсартады, өнімділікті жоғарылатады.
§7.3. Шлихталау үрдісі
Үрдіс параметрлері.
Шлихталау кезінде жіптің тозуға төзімділігін жоғарылату үін үрдістің негізгі параметрлерін қатаң ұстау қажет.
Шлихталаудан кейін желі жібінің салмағы біршама жоғарылайды.
Салмақтың жоғырылауын әдетте жұмсақ жіптің салмағын пайызбен көрсетіп, желім шығыны деп атайды. Әрбір мата түріне белгілі желім шығымының формасын дайындайды.
Ол көрінетін және нақтылы желім шығымы деп екі түрге бөлінеді.
Көрінетін желім шығыны жұмсақ жіптің ылғалдылығымен есепке алмай анықталған көрсеткіш. Оны мынадай формуламен есептейді:
М2 – тізбе орағыштағы шлихталанған жіптің салмағы;
m2 – шлихталанған жіп шеттерінің салмағы;
М1 – тізбе орағыш біліктер партиясында шлихталанбаған жіптің салмағы;
m1 – жұмсақ жіптердің салмағы.
Жіптің түріне, жуандығына және матаға қарай желім шығымы 2-6%, ал кейде 10-12%-ға дейін жетеді.
Егер жіптің ылғалдылығы белгілі болса, нақты желім шығымы төмендегідей анықталады:
Мұнда,
W1 – шлихталанған жіптің ылғалдылығы, %;
W – жұмсақ жіптің ылғалдылығы, %.
Келесі маңызды параметрі – жіптің созылуы, яғни машиналарда тазартылуынан ұзындық өсімшесі.
Жіптер аз созылса, салбырап кетеді, ал тым көп созылса, әсіресе кептіргенде, тоқу станогында үзіле береді.
Желі жібінің шлихталау машинасының органдарының арасында созылу мына формуламен анықталады:
,
Мұнда;
Vв және V0 – машинаның шығару және қамту органдарының жылдамдығы, м-мин.
Мақта желі жіптерінің созылуы 1,5% аспауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |