Мерсерлеу. Мерсерлеу деп мақта матаны тартылып жазылған түрде қысқа уақыт ішінде сілтінің 15-200С температурада концентрациялы ерітіндісінде өңделуін айтады.
Мерсерлеу – матаның сапасын жоғарылату жолдарының бірі. Мерсерленген талшық жібектен жылтыр болады, гигроскопиялығы жоғарылайды.
БД-200 машинасынан алынған жіптен тоқылған мерсерлеуден өткеннен кейін керекті апшуды қамтамасыз етеді.
Мата бос түрде мерсерленсе, боялғанан кейін реңкі болады, ал тартылған түрде мерсерленсе, жібек тәріздес жылтыр болады.
Матаны көбіне қайнатқаннан кейін немесе ағартқаннан кейін мерсерлейді.
Мерсерлеу кезінде мақта талшықтарында химиялық және физика-химиялық процестердің нәтижесінде құрылымдық өзгерістер болады. Атап айтқанда, күйдіргіш натрдың әсерінен целлюлоза сілтілік целлюлозаға айналады. А жуғаннан кейін гидратцеллюлоза пайда болады, талшықтың ісінуінен құрылымы босаңсиды.
Өндірісте мерсерлеу күйдіргіш натрдың 200-250 г/л ерітіндісімен 30-40 с уақытта, 18-200С температурада өтеді.
Мерсерлеу шынжырлы немесе шынжырсыз мерсерлеу машиналарында жүргізіледі.
53-сурет. ЛМЦ-140-1 мерсерлеу желісі.
53-суретте ЛМЦ-140-1 шынжырлы мерсерлеу желісі көрсетілген. ЛМЦ-140-1 желісі қайнатылған немесе ағартылған жейделік және көйлектік маталар ассортиментін және тақта полиэфирлік маталарды (ПЭ 45-67%) мерсерлеу жүргізуге қолданылады. Матаның ені 125 см-ге дейін өңдейді. Ал екі 165 см-ге дейін маталарды ЛМЦ-180-1 желісінде мерсерлейді.
Мата рулоннан шығыршықты компенсатор (1) арқылы өтіп сіңдіру бөліміне түседі. Сіңдіру бөлігі екі плюсовкадан (3) (қысып сыққыштан) және тұрақтандырғыш барабандардан (2) тұрады. Одан әрі мата шынжырлы мерсерлеу машинасынан (4) өтеді. Онда мата шынжырда созылып керіледі де, ыстық сілті ерітіндісімен айналып-жуылады. Матаны жуу үшін үш башнялық науаларда (6) ыстық сумен жалғастырады. Содан кейін мата сілтінің қалдығын бейтараптау үшін қышқылмен өңделеді де (7), соңғы рет үш башнялық науада сумен жуылады. Сығу 70-80% қалдық ылғалдылыққа дейін жүргізіліп (9) кептіріледі де, (10) шығыршыққа орап (11) арбаға салынады.