1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет70/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§4.1. Бояғыштар түрлері

Бояғыштар ретінде табиғи және синтетикалық органикалық қосылыстар қолданылады. Олардың қасиеттік ерекшеліктеріне спектрдің көрінетін бөлігінде жарық энергияны жұту және өзгерту қабілеті жатады. Бұл қабілетті бояғыштың химиялық құрылымымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, айырмашылық қасиетіне бояғыштардың талшықтарды бояу қабілеті және олардың өзара байланысуы, берік физика-химиялық немесе химиялық байланыстардың түзілуі жатады. Қазіргі кезде негізінен тек синтетикалық бояғыштар қолданылады.


Мақта маталарын бояуға қолданылатын бояғыш заттар суда ері қабілеті бойынша үш топқа бөлінеді:

  1. суда еритін бояғыштар (тікелей, активті бояғыштар);

  2. суда ерімейтін, бірақ сілтілік ортада тотықсыздандыру арқылы еритін түрге көшіру (кубтық, күкіртті бояғыштар);

  3. бояу процесінде талшықтарда түзілетін бояғыштар (қара аналин, азондық бояғыштар).

Бояғыштардың атаулары олардың техникалық классификациясына негізделіп құрастырылады және әрбір бояғыштың қолданылуы туралы ақпарат алуға болады. Атауындағы бірінші сөз бояғыштың қандай класқа жататынын көрсетеді. Мысалы, тікелей, кубтық, күкірттік. Екінші сөз бояғыштың түсін (сары, қызыл және т.б.) көрсетеді. Кейде түсінен кейін бояғыштың кейбір ерекшеліктері берілуі мүмкін (мысалы, антрахинондық, сәулеге берік және т.б). Түсінен кейін әріппен белгілер келтіріледі, олар түстің реңін көрсетеді. Мысалы, Ж, К, С, З, және т.б., яғни сырғыштау, қызғылт, көкшіл, жасылдау. Реңкі ашық көрсетілгенде әріппен белгіленген алдында цифрларды 2, 4, 5 қояды.


§4.2. Текстильдік көмекші заттар

Текстильдік химиялық заттар көмекші заттар талшықтардың ерітінділермен сіңісуін жақсарту, бояғыш ерітіндісінен талшықтармен біркелкі шығарылуына жағдай жасау, бояу кезінде талшықтардың бұзылуына жол бермеу үшін қолданылады.


Бояу кезінде көмекші заттар талшықтардың суланыуна мүмкіндік туғызады, соның нәтижесінде талшықтар ісініп, кеуектер үлкейіп, олар арқылы бояғыштардың молекулалары талшық құрамына өтеді. Кейбір көмекші заттар бояғыштардың бекуіне, бояуының беріктігін күшейтуге мүмкіндік туғызады.
Көп қолданылатын заттарға беттік-активтік заттар (БАЗ) жатады. Олар маңызды қасиеттерімен құрамаларымен ерекшеленеді: суландырғыштық, эмульсиялаушылық, шаю және т.б. БАЗ біркелкі бояуды қамтамасыз ету үшін ерітіндіден бояудың шығуын тежейді. Кең қолданылатын БАЗ-дар: синтанол ДС-10, синтамид-5, сульфанол НП-3, сульфоксид-31 және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет