1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет67/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   98
Шлихтасыздандыру.
Тоқу алдында желі жіптер шлихтамен өңделмегендіктен мата қатты, өңдеу кезінде ерітіндірелерді сіңіреді. Сондықтан маталарды шлихтадан тазартады.
Шлихтасыздандыру 3 тәсілмен орындалады:

  • қышқылдық;

  • сілтілік;

  • ферменттік.

Қышқылдық және сілтілік тәсілдер крахмалды гидрозилдеу арқылы ыдыратады, ал ферменттік тәсіл биоолгиялық активті заттармен крахмалды ыдыратуға негізделген.
Қышқылдық және сілтілік тәсілдер бойынша матаны күкріт қышқылы ерітіндісімен (2-3 г/л) немесе күйдіргіш натрдың (3-5 г/л) ерітіндісімен сіңіріледі. 30-400С температурада 12-24 сағат ұстап, одан кейін сумен жуып шаяды. Ферменттік тәсіл өте тез шлихтасыздандырады. Жиі қолданылатын ферметтер – жануарлардың тіршілік әрекетінің өнімдері (панкреатин), микроорганизмдер (биолаза және супер боилаза) болып табылады.
Маталарды суға немесе ерітіндігіге салып қою материалдар жуатын маинада орындалады. 48-суретте ММ-200-6 матаны екі қатар тартылған ширақ түрінде суға салц және жуу операторларын өткізеті машинаның сұлбасы көрсетілген.
Мата екі ағынмен машинаға түседі. Түйін ұстағыштан (6(, бағыттағыш сақинадан (2) және бағыттағыш шығыршық дөңгелектен төменгі біліктер (4) арасынан өтіп ілмек жасайды. Ілмектердің ығысуына тарақ (3) жол бермейді. Екі ширақ машинадан шығарда жоғары біктер арасында сығылады. Мата машинадан шығару блогы (7) арқылы шығады. Ерітіндідегі малынған шыққан матаны компнесаторға жатқызады. Белгілі бір уақытта жатқаннан кейін мата жуу машинасында жуылып шайылады.
Матаны қайнату.
Маталарды қайнату шлихтаның қалыңдығын, талшықтардың серіктес заттарын (майлы, балауыз тәріздес, пектиндік және азотқұрамды) кетіру үшін жүргізіледі.
Қайнату нәтижесінде мата алғашқы салмағын 8%-ға дейін жоғалтады және гигроскопиялық қасиетін жоғарлатады. Қайнату күйдіргіш натрмен сода ерітіндісінде, әртүрлі беттік активтік заттардың БАЗ) көмегімен жүргізіледі. Слнымен қатар суландырғыштар, когулянттар, тұрақтандырғыштар қолданылады. Оларға натрий бисульфаты және натрий силикаты жатады. Аталған заттардың әсерінен балауыз заттардың сабындануы,пектинді және азотқұрамды заттардың гидролизі өтуінен мата тазарады.
Қайнату үздікті және үздіксіз тәсілдермен жүргізіледі.
Үздікті тәсіл ИВНИТИ жүйесінің қазанында орындалады және құрылымы бос, жеңіл мақта маталары үшін тиімді тәсіл.
49-суретте қазан келтірілген.
Ол затында қазааннан (1), көп қозғалғыш жылытқыштан (2), буферден (3), мата салғыштан (4), циркуляциялық насаостан (5), тарақтан (6) және вакуумдық насаостан тұрады. Алдын-ала сілтілік ерітіндіге малынған және сіндіру машинадан шыққан матаны қазанға берілген концентрациямен ерітінді жіберіледі. Қазанды мойнына дейін толтырғаннан кейін матаны вакуум насоспен сығымдайды. Осы жерде қайнату ерітіндісі буферге ағып, одан циркуляциялық насоспен дайындау басқа айдап шығарады. Осыдан кейін қазанға мақтаны толық салып, мойнына дейін ерітіндіні құйып, қақпағы жабылған соң ерітіндіні қазанның төменгі жағына қысып тоқтайды.





49-сурет. ИВНИТИ жүйесінің қазаны.

Қайнату ерітіндінің «буфер-насос жылытқыш қазанның түбінде – қазанның жоғарысында буфер» сұлбасымен жүреді. 2-2,5 сағат өткеннен кейін циркуляциялық бағыттан ауыстырып, процесс тағы да 2,5 сағат жүреді.


Қайнату біткен соң суытуға қояды, матаны ыстық және суық сумен жуады. Бірінші жуудан кейін ерітіндіні матаның келесі партиясын салып қоюға қолданылады. Жуылған матаны қазаннан мата жуатын машинамен шығарып алып ағартуға жібереді.
Басқа маталарды үздіксіз тәсілмен қайнатады.
Үздіксіз тәсіл бойынша ерітіндінің концентрациясы әлдеқайда жоғары болады.
Қайнатылған мата суды тез сіңіреді, бірақ бояу нәтижесінде ашық, берік бояу сапасын қамтамасыз етпейді. Өйткені табиғи серіктес заттар бояуды жақсы сіңіруге кедергі жасайды.
Кейінгі кезде дайындау процестерінің тиімділігін арттыру үшін қайнатуды мата ағарту процесімен біріктіріп өткізу кең тарады.
Қайнату кезеңінен кейін маталарда төмендегідей ақаулар кездесуі мүмкін:
- әлсіз маталар, яғни беріктігі төмендетілген маталар. Ол қазанға ауа кіргендіктен, мақтаның негізгі заты целюлозаның оттегімен тотықтануы нәтижесінде деструкциялану беріктігін жоғалтады;
- толықтай қайнатылмаған. Ерітіндінің концентрациясы, уақыт ұсталынбағандықтан, температураның төмендеуінен болуы мүмкн;
- дақтанған дақтар – мақтада темір тотығының отыруынан.
Ағарту.
Маталарды тотықтырғыштармен өңдеу процесінде боялған қоспалардан айыру мақсатында жүргізілетін және маталарға ағартқыш қасиет беретін процесті ағарту процесі деп атайды. Ағартылған маталардың негізгі сапасының көрсеткіштері механикалық беріктігін сақтайтын біркелкі және тұрақты ағартқыштық қасиет береді.
Ағарту нәтижесі әртүрлі талшықты ағартылған маталардың сапасы негізгі көрсеткіш болып табылады. Маталардың ағрату дәрежесі бір қалыпты ақ түсті мақта маталары үшін 83%, ал көйлектік маталар үшін 87-88%-бен ерекшеленеді.
Отандық және шетелдік практикада ағартқыштар ретінде ең бірінші тотықтырғыштарды қолданады; антрий және кальций гипохлориті, натрий хлориті, сутегі асқын тотығы, асқын қышқылдар және препараттар, дихлоризациялану қышқылы негізінде қолданылады.
Мақта маталарын натрий гипохлоридімен ағарту келесі жолмен жүргізіледі: 1-1,5 л/г активті хлормен 25-300С температурада қайнатылған мата гипохлорит ерітіндісін бойына сіңіріп алады. Бұдан кейін матаның бойындағы боялған қоспалар тотығу үшін 1-2 сағат ұсталады. Сосын матаны сумен жувп тазартып, құрамында қалған натрий хлорларын қышқылмен бұзу үшін күкірт қышқылымен өңделеді.

2NaClO + H2SO4 = 2 + Na2SO4; 2HCLO * 2HCl + O2.


Содан кейін қайта салқын сумен жақсылап мата бойындағы қышқыл түгелдей кеткенше жуады. Натрий гипохлоритімен ағартудың барлық циклін осылай аяқтайды.


Натрий хлориті NaClO – қышқылдық ортада ағарту мүмкіндігін береді және рН 3,5-4,5-ке тең болғанда натрий хлориті хлоры қышқыл түзіп гидролизденеді.

NaClO2 + H2O HclO2 + NaOH.


Хлорлы қышқыл активті оттегінің шығуына мүмкіндік туғызады.


НСlО2 → НСlО + 2О талшықтың бойындағы қоспаларды тотықтырады.
Күшті қышқылдық ортада хлорлы қышқыл хлордың қос түтігін түзіп, тез ыдырайды.

5 НСlО2 <=> 4 СlО2 +ҮСl + 2Н2О.


Хлордың қос тотығы уландырғыш оның үстіне құрал жабдықтарды коррозияға ұшыратады. Осыған байланысты оны жоғары температурада активсіз хлорлы қышқылда ауыстырады.

3 НСlО2 - > 2 НСlО3 + НСl.


Натрий хлориті жұмсақ әсер ететін тотықтырғыш және рН –тың мәнінде талшықты деструкцияға ұшыратпайды, ол целлюлозаның макромолекуласының соңғы альдегидті топтиарын ғана тотықтырып, гидроксильді топтарына тейіспейді және глюкозидті байланысты үзбейді.


Натрий хлоритінің ағартқыш ретінде тағы бір ерекшелігі, ол боялған заттарды көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар целлюлозаның табиғи қоспаларын кетіреді, сондықтан натрий хлоридін қолданып, сілітілік ортада қайнату 10 минуттан аспауы керек.
Мақта маталарын натрий хлоритімен ағарту процесі былай жүргізіледі: мата 80-900С температураны ерітіндіні сіңіріп алады, құрамында, (г/л); натрий хлориді 10-15, активатор (моноаммоний фосфаты) 5-10, ылғалдандырғыш 2,5 қышқылдары (сірке, құмырсқа, қымыз) рН 3,5-4,5 және 45-60 минутта 1000С температурада буланады, бұдан кейін ыстық және салқын сумен шайылады.
Ағартудың хлоридтік тәсілі тәжірибе жүзінде қолдау таппай жүр, себебі хлордың қос тотығы аппараттарды коррозияға ұшыратады.
Сутегінің асқын тотығы Н2О2 - әлсіз қышқыл – сілтілік ортада диссиоциация процесі күшейіп, теңдік оңға қарай ығысады, нәтижесінде сутек иондарының гидроксил иондарымен байланысы түзіледі: Н2О2 <=> Н + НО2, Н2О2 + ОН <=> Н2О +НО2. Барлық уақытта ерітіндінің құрамында бос радикалдың бірнешеуі қатысып жүреді.

НО2 + Н


НО2
НО + ОН

НО2 – Бос радикал, сонымен қатар боялған қоспалар да тотықтырылады.


НО2 – ионы салыстырмалы тұрақсыз және молекулярлық оттегін түзіп ыдырайды, 2НО2 → 2НО + О2.
Қазіргі кезде мақта-маталырының 85% сутегінің асқын тотығымен ағартылады. Сутегінің асқын тотығы үздіксіз ағарту тәсілін пайдалануға мүмкіндік береді. Ол матаға жоғары дәрежедегі ақтық көрсеткіш береді және целлюлозаның құрылысын бұзбайды.
Сутегінің асқын тотығының қалдық өнімдері бұдан басқада жерлерде және санитарлық гигиеналық жағдайларда қолданылады, оның қоршаған ортаға зияны жоқ.
Мақта-матаны үздікті тәсілмен ағарту құрамында келесі заттар бар ерітіндімен сіңіруден өтеді: матаны қазанда 2-4 сағат 85-900С температурада қайнатады. Бұл процесс қайнатуды және ағартуды біріктіруге мүмкіндік беріп, матаны өңдеу процесін тездетеді.
Асқын тотықтармен ағарту тәсілін үздіксіз түрде жүргізуге болады.
Бұл тәсіл бойынша мата буландыру әдісімен және концентрациясы жоғары ерітінділермен орындалады. Үздікті тәсілге қарағанда үздіксіз тәсіл әлдеқайда тиімді, өнімділігі жоғары, қайнатумен біріктірілген түрде жүргізіледі.
50, г-суретте матаны сілтілік-асқын тотықпен буландыру тәсілімен ағарту желісі ЛЖО-2 (ІПАЖ-2) сұлбасы көрсетілген. Мата желісі екі параллель ширақпен келіп түседі.
ЛЖО-2 желісі екі секциядан тұрады: біріншісінде сілтілік қайнату, жуу және матаны қышқыл ерітіндісімен сіңдіру, ал екінші секцияда ағарту және соңғы жуу орындалады.
Алғашқы мата ММ-200-5 машинасында (1) 600С температурада қайнату ерітіндісімен сіңдіріледі.
Күйдіргіш натр ............................................................................ 25-35 г/л
Натрий бисульфаты .................................................................... 3 г/л
Сіңдіргіш (БАЗ) ........................................................................... 3 г/л.
Мата сығылғанан кейін булану-қайнату аппаратында ЗВА-2-4-2 келіп түседі. Сығылған матаның қалдық ылғалдылығы 100-110% болады. Желідегі қолданылатын ЗВА-2-4 аппараттары У-тәрізді шахтадан, мата салғыштан және түйін ұстағыштан тұрады.
Булану-қайнату аппаратында мата 40-60 мин, уақыт 95-980С бумен өңделеді. Мата аппараттан шығарылып мата жуатын машинада (3) (ММ-200-5) жуылады. Осыдан кейін мата етік компенсаторға (4) (СК-2) салынып жуылады да, тағы да етік компенсаторға салынады. Одан кейін мата келесі мата жуатын машинаға (6) келіп түсіп күкірт қышқылының әлсіз ерітіндісмен (3-6 г/л) сіңдіріледі және 3 минут қышқылдау компенсаторына (7) жатқызылады. Уақыт өткен соң екі мата жуатын машиналарда (5) суық сумен жуылады да, сіңдіру машинада (8) ағарту ерітіндісімен өңделеді.
Ағарту ерітіндісінің құрамы:
Сутегі асқын тотығы ..................................................................... 1,5-3 г/л;
Күйдіргіш натр .............................................................................. 8-10 г/л;
Сіңдіргіш (БАЗ) .......................................................................... 1,5-2,5 г/л;
БАЗ ........................................................................................................ 3 г/л:

Мата ерітіндімен сіңдірілгеннен кейін келесі булау-қайнату аппаратында 60 минут буландырады. Осыдан кейін мата жуу машинасында ыстық және суық сумен жуылады. Кареткалық мата салғышпен (9) жәшікке салынады.


ЛЖО-2 желісінде жұмыс параметрлері 85-170 г/м3 болатын маталар 200 м/мин жылжу жылдамдығымен өңделеді.
Фабрикаларда басқа да үздіксіз жұмыс жасайтын желілер қолданылады. Мысалы, ЛЖО-1 жүйесі. Оның ЛЖО-2 желісінен айырмашылығы мата бір немесе екі ширақпен ортақ бір жылғамен өңделеді.
Беттік тығыздығы 400 г/м2-қа дейін және ені 120 см-ге дейін мата мақта-маталарын (саржа, репс, тафта, поплин), сонымен қатар мақтаның химиялық талшықтармен жазылған түрде қайнату және ағарту үшін ЛОР-140 желісі қолданылады. Мұнда технологиялық процесс екі фазалы буландыру сілітілік-сутегі асқындық тәсілмен жүргізіледі.
51-суретте көрсетілген ЛОР-140 желісі 3 секциядан тұрады. Бірінші секцияда матаны сілтілік қайнату, екіншісінде – сілтілік-сутегі асқынмен ағарту, ал үшінші секцияда матаны кептіру және рулонға орау жүргізіледі.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет