1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


Химиялық жіптерді және штапельденген талшықтарды қалыптастыру сұлбасы



бет12/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

Химиялық жіптерді және штапельденген талшықтарды қалыптастыру сұлбасы

Химиялық талшықтар өндірісінің толық циклі келесі кезеңдерге бөлінеді:



  • шикізатты алу және алдын-ала дйындау;

  • иіру ерітіндісін немесе балқымасын алу;

  • талшықтарды қалыптасытыру;

  • өңдеу (қоспаларды ажырату, майлау);

  • текстильдік өңдеу (созу, кесу, ширату, орау).

Химиялық талшықөтарды қалыптастыру төмендегідей тәсілдермен орындалады:

Бірінші тәсілмен вискозалық, мысты аммиак талшықтарын қалыптасытырады. 8, а-суретте көрсетілгендей, вискоза ерітіндісі фильтр арқылы (1) насоспен иіру машинасына беріледі. Ары қарай ерітінді фильтрдің (3) тесіктерінен басып шығарылып,күкіртқышқылының және тұздардың ерітіндісі құйылған тұндырғыш науаға (2) келіп түседі. Науада күкірт қышқылының әсерінен вискоза ерітіндісі целлюлозаның гидратына айналады да, жіңішке иілігіш жіптер пайда болады. Жіптер білікшелерден (4) өтіп, бобинаға (5) оралады. Құрғақ тәсіл (8, б-сурет) ацетат талшықтарын қалыптасытыруға қолданылады. Фильтрден (1) шыққан ерітіндінің ағындары (2) ыстық ауаның әсерінен қатаяды. Жіптер шахтада (3) қалыптасып, роилкпен майланып бобинаға (5) оралады.




8-сурет. Химиялық талшықтарды қалыптастыру тәсілдері.

Балқымадан қалыптастыру (8, в-сурет) синтетикалық талшықтар үшін жиі қолданылады. Капрон жіптерін капролактамнан (полиамидтен) қалыптастыру үшін оның ұнтақтарын бункерден (1) ыстық балқыту торына (2) түсіреді. Ыстық балқыма фильтр арқылы фильтрге қысыммен жіберіліп, оның тесіктерінен өткізіледі. Ағындар камерада ауамен салқындату арқылы қатаяды. Содан соң буландыру шахтасынан (6) өтіп, білікшелерден майланады да, бобинаға оралады. Штапельді талшықтар өндіргенде фильтр бірнеше мың тесіктерден тұрады: 1200-5000 немесе 12000-15000, ал үздіксіз жіптер өндіргенде олардың саны 100-200-ге жетеді.


Мақтаны талшықтармен араластыруға химиялық талшықтарды қысқа штапельдер түрінде қолдану қолоайлы. Аралас жіптерден тоқылған мата, трикотаж бұйымдарының тұтыну қасиеттері жоғары болады. Құрама жіптер көбінесе фасонды немесе текстурленген жіптер түрінде жиі қолданылады. Оларды мақта жібімен ширатып немесе матаның бір жіп жүйесінде қолданады.
Қазіргі уақытта мақта-мата өндірісінде химиялық талшықтардың модификацияланған түрлері – полинозды, жоғары модульді вискоза талшықтары (ВВМ) қолданылады.

Төменгі 5-кестеде химиялық талшықтардың физика-менаикалық қасиеттері орташа талшықты және жіңішке талшықты матамен салыстырмалы түрде көрсетілген.


Мақта-мата өндірісінде жасанды талшықтардан жиі қолданылатыны вискозалық талшықтар. Вискозалық талшықтар ағаш целлюлозасыннан алынады. Ағаш целлюлозасы ағаш өңдеу зауыттардан үлкен картон қалпында түседі.
Картон алдын-ала кептіріледі, оның ылғалдылығы 6-8% болуы керек. Кептірілген картон үгітіледі және қоспасы 18% натрий сілтісінде NaOH өңделеді. Осындай өңделген ағаш целлюлозасы сілтілік целлюлозаға айналады. Кейін оның құрамынан артық сұйық сілті сығылады, одан кейін температурасы 25-300С шамасында 12-24 сағат бос сақталады. Осындай уақыт ішінде сілтілік целлюлоза ауадағы оттегімен қосылып, тотығады.
5-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет