1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


Мақтаталшықтарын сортқа бөлу көрсеткіштерінің нормалары



бет11/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

Мақтаталшықтарын сортқа бөлу көрсеткіштерінің нормалары



Мақта талшығының сорты

Үзу жүктемесі, СН, төмен емес

Жетілу эффициенті, төмен емес

Ақаулар мен қоқыс қоспаларының мөлшері, %, көп емес

Ылғалдылығы, %

Есептелген

шектелген

0

4.9

2.1

1,9

3

8

I

4.4

2

2,1

4

8

II

3.9

1.8

2,6

5

9

III

3.4

1.6

3,5

7

10

IV

3

1.4

5,3

10

11

V

2.5

1.2

8,6

14

12

VI

2.5 төмен

1.2 төмен

12,5

16

12

Типіне байланысты штапельді салмақ-ұзындығы және үзу жүктеме нормалы мақтаның көтерме баға прейскурантында келтірілген.ъ


4-кесте



Мақта талшықтарының типтері бойынша көрсеткіштері



Мақта сортының көрсеткіштері

Мақта талшығының типі

1

2

3

4

5

6

7

8

Талшықтың салыстырмалы үзу жүктемесі, СН/текс:

























Іріктелген және І сорттар үшін

34,0

32,0

30,0

26,0

24,5

23,5

23,5

23,5

ІІ-сорт үшін

33,0

31,0

29,0

25,5

24,0

23,0

23,0

Төмен 23,0

Штапельді салмақ ұзындығы, мм:

























Іріктелген, І және ІІ-сорттар үшін

38-39

37-38

35-36

33-34

31-32

30-31

29-30

29-30

ІІ-сорт үшін

36-37

36-37

35-36

33-34

31-31

30-31

29-30

29-30

IV-сорт үшін

35-36

35-36

35-36

33-34

31-32

30-31

29-30

29-30

Талшықтаодың типі мақта өсімдігінің селекциясына байланысты, сондықтан мақта өсімдігінің егілетін сорттарының типі бойынша төмендегідей болады:


1-типі – Аш-25, 9732-И, 9647-И;
1-типі 62-49-В, 8763-И, 7318-В;
3-типі 6465-В, Т-7
4-типі 133, 149-Ф, 5904-И;
5-типі – ТАШ-1, 108-Ф, С-4727, 138-Ф;
Қызыл-Рават, Шымбат, 3010;
6-типі – ТАШ-1, (кейбір аудандарда);
7-типі – 153-Ф.
Мақта талшықтарын белгілі бір сортқа немесе типке жатқызу үшін талшықтың жетілуін және беріктігін немесе штапельді салмақ-ұзындығымен салыстырмалы үзу жүктемесін лабораториялық сынақтардың нәтижелерін қолданады. Мақта талшығының сапасы сыртқы түрі бойынша (түсі, джиндау тәсілі) белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілерге сәйкес болуы тиіс. Үлгілер мақта-мата өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институтында сақталады, ал көшірмелері мақта дайындаушыларда және тұтынушыларда болады. Мақта талшықтарын партиямен қабылдайды. Партия бұл бір теміржол вагонына сиятын мақта базасының саны, өндірістік сорты, түсі бірдей, ұзындығы және қоқыстылығы біртекті, бір селекциялық сорттан, сапасы бойынша бір құжатпен бекітілген мақта.
§9. Мақта-мата өндірісінде қолданылатын химиялық талшықтар

Мақта-мата өндірісінде соңғы жылдары таза мақтадан басқа химиялық талшықтар көп қолданылады. Келекшекте саланың химияландыру үрдісі өсе түсетіні анық, сол себепті мақта-мата өндірісінде химиялық талшықтардың үлесі арта береді.


Табиғи талшықтарға қарағанда химиялық талшықтар көп қасиеттері бойынша біркелкі болады, ал кейбір қасиеттерін, мысалы, ұзындығын, сызықтық тығыздығын, беріктігін реттеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар химиялық талшықтарды өндіру климаттық жағдайларға байланысты емес. Жекелеген талшықтарды өндіру өнімділігі өте жоғары, шикізат қорлары жеткілікті, әрі арзан және табиғи талшықтармен салыстырғанда оларды өндіру көлемі егістікке тәуелді емес.
Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVI ғасырда ағылшын Р. Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алына бастады.
Целлюлозалық талшықтардың ішінде ең бірінші нитратты жібек (1890 ж), кейін – мыс-амиакты және визкозалы жібектер алынады. Визкозды жібек шығару жөніндегі бірінші зауыт Ресейде 19,9 жылы Мәскеу облысындағы Мытищи қаласында салынды.
Химиялық талшықтарды үздіксіз қарапйым жіптер, кейіннен талшықтарды штапельдік түрде өндіреді. Штапельді талшықтарды, үздіксіз жіптерді өндіргенде қысқа бөліктерге кесіп шығарады. Қазіргі уақытта химиялық талшықтардың басым бөлігі штапель түрінде өндіріледі. Соған байланысты өндіріс үнемділігі жоғары, штапельдер әртүрлі қалдықтар мен қоспалар дайындауға тиімді.
Химиялық талшықтар жасанда және синтетикалық полимерлерден зауытта өндіріледі. Жасанда полимерлер табиғи полимерлік заттардан химиялық жолмен алынады. Оларға табиғи целлюлоза жатады. Жоғары сапалы ағаш целлюлозасынан немесе тазартылған мақта целлюлозасынан жасанда талшықтар (визкозалық, мысты аммиак, полинозды) алынады.
Химиялық талшықтарды өндірудің жалпы принциптері бойынша сұйық немес балқыған полимерді фильералар арқылы өткізеді, химиялық немесе физикалық әдіспен қатты түрге айналдырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет