1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары


ТІРШІЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯСЫ



бет4/43
Дата18.12.2023
өлшемі341,85 Kb.
#140431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары-emirsaba.org

5.ТІРШІЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯСЫ
Креоцеонизм теориясы. Органикалық өмірдің негізгі формалары, адамзат, Жер планетасы, сонымен қатар әлемнің өзі де, Құдай құдіретімен жасалды деп уағыздайтын көзқарас. Осы көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, т.б. қолдады. Ол биологияда түр өзгермейді, эволюциялық дамымайды деп қарайды. 18-19 ғасырлардың басында көптеген зерттеушілер осы көзқарасты қолдады. Бірақ Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі креационизмге қирата соққы берді. Ол биологиялық түрдің өзгеретіндігін дәлелдеп, олардың өзара байланыстылығын ашты.
Абиогенез теориясы. Өлі табиғаттан өздігінен пайда олу теориясы. Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822-1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны қайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы организм тек тірі организмнен ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді. Абиогенез теориясын жақтаушылар Л.Пастер тәжірибесінің дәлелділігін мойындамады.
Биогенез теориясы.Органикалық қосылыстардың бари тек тірі организмнен пайда болады. 18 ғасырда тірі организмдер шын мәнісінде тек басқа тірі организмдерден дамиды деген эмпирикалық теория (Ф. Реди, Л. Пастер) пайда болды. Бұл теория 19 ғасырдың орта кезінде қалыптасқан тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға қарсы қойылды.Биогенез теориясын қолдайтын ең маңызды тәжірибиелерді Франческо Реди мен Луи Пастер ойлап тапты.
Стационарлы күй теориясы. Космологияда "Стационарлы әлем теориясы" (ағылш. Steady State theory) — 1948 жылы Хойл Фред, Томас Голд, Германн Бонди және басқалар ойлап тапқан Үлкен жарылыс теориясының альтернативасы болып табылатын теория. Бұл теория бойынша бір-бірінен қашықтаған галактикалар арасында әрдайым жаңа материя пайда болып отрырады, осының әсерінен космологиялық принцип бұзылмайды. 60-50 жылдары көптеген ғалымдар оны қолдағанымен , қазіргі кезде оны ұстанушылар мүлде жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет